Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.
Бөлім:
11.2 A Аминдер және аминқышқылдар
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.5.1.6 нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Анилин алу реакция теңдеулерін біледі
Көпшілік оқушылар үшін: Нитроқосылыстарды сипаттайды
Кейбір оқушылар үшін: Тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастырады
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.