Негізгі фосфорлы тыңайтқыштар: Фосфорлы тыңайтқыштардың құрамындағы фосфор топырақта өте баяу жылжиды (не бары , см). Сондықтан оларды тамыр жүйесінің негізгі бөлігі орналасатын тереңдікке (10-20 см) енгізу керек, бірақ см тереңдегісі экономиялық тиімді болып саналады. Фосфорлы тыңайтқыштардың 60-90 кг/га ә.е.з. мөлшерін енгізгенде, олардың әсері жылға созылады, 120 кг/га және одан жоғары мөлшерде енгізгенде 8 жыл.
Жай суперфосфат ұнтақты - Са(Н2РО4)2∙Н2О+СаSO4∙2Н2О, құрамында 14-19,5% ә.е.з. Р2О5 және 40% ғаныш;
Жай суперфосфат түйіршікті - 19,5-21,5%
Қос суперфосфат - Са(Н2РО4)2∙Н2О. Р2О5 мөлшері 50%-ға дейін.
Суперфос - 38-40% Р2О5, жартысы суда ерігіш келеді, қалған жартысы лимон қышқылында ериді.
Преципитат – СаНРО4∙2Н2О - 25-35% Р2О5.
Фторсызданған фосфат – Са3(РО4)2 - 28-32% Р2О5.
Фосфорит ұны – Са3(РО4)2 18-25%.
Калийлі тыңайтқыштар: Калий құмды және құмдақ топырақтардан басқа топырақтарда баяу жылжиды. Осыған байланысты оларды тамыр жүйесінің негізгі бөлігі орналасатын тереңдікке (10-20 см) және күзде енгізу керек. Бірінші жыл калийдің 70%-ы пайдаланады.
Хлорлы калий KCl – 53,7-60% K2O
Калия сульфаты K2SO4 – 46-50% K2O
Калий тұзы KCl∙NaCl + KCl - 30-40% K2O
Сильвинит (табиғи минерал) KCl∙NaCl 12-15% K және 35-40% Na2О;