«Минералды тыңайтқыштар» модулі бойынша
коллоквиум сұрақтары
НАТРИЙ СЕЛИТРАСЫ
Нитратты тыңайтқыш, яғни құрамында азот нитрат түрінде болады.Физиологиялық сілтілі тыңайтқыш болып табылады. Себебі өсімдік олардың құрамындағы NО3- анионын Ca2+, Na+ катиондарымен салыстырғанда көп пайдаланады.
(Егер өсімдік тыңайтқыш құрамындағы анионды көп пайдаланса, топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілі жаққа қарай ауысады да, осындай тыңайтқыштар физиологиялық сілтілі болып есептеледі)
1) Формула, әсер етуші заттың %-дық мөлшері.Натрий селитрасы немесе натрий нитраты, азот қышқылды натрий. Формуласы NaNO3, құрамында 15-16 % азот және 26 % натрий бар.
2) Алу: Натрий селитрасын аммиактан азот қышқылын алғанда бөлініп шыққан нитроз газдарын (NO және NO2) сүзгі мұнара ішіндегі сода немесе натрий сілтісінің ерітіндісінен өткізу арқылы алады:
Достарыңызбен бөлісу: |