тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру;
жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну;
еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру;
ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру;
табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу;
жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту;
«Гаджетсіз демалыс» күндерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу т.б. шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
Жастар тәрбиесі (15-18 жас) Ұсынылады:
жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс;
ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту;
ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере
отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;
адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.