Байланысты: Тыңдалым арқылы тілді меңгеру авторлық бағдарлама
Тақырыбы: «Бақшада»
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру арқылы ойды жалғастыра білу деңгейлерін анықтау.
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, ойды жалғастырып, оқиғаны дамытыңыз. Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. Ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң қаламын. Өрік ағашы өте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары өте мықты. Бірақ жемісі өте кішкентай әрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен жапырағы өте әлсіз. Ал жемісі өте үлкен әрі қатты. Бұл дұрыс емес. Өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады. Дәл сол кезде басына өрік келіп түседі. Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді ..................
Жауабы: Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім». Неге екен? ...............
Жауабы: Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Әрқайсысының өз орны бар. Әрбір нәрсе өте керемет жасалған. Және бұл табиғат заңына бағындырылған. Бұның бәрі тегіннен-тегін емес. Соны ойланған адам бар ма? ......................