Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Жаз» Мақсаты



бет13/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Тыңдалым арқылы тілді меңгеру авторлық бағдарлама

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Жаз»
Мақсаты: Оқушылардың өлеңді мұқият тыңдап тірек сөздерді таба білу және сұрақтарға жауап беру деңгейлерін байқау.

Абай «Жаз»





Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып
Жасы үлкендер бір бөлек
Әзілдесіп сылқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Мылтық атқан, құс салған.
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.




  1. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді жылқының аяқтарына жазыңыз. Өлеңдегі негізгі ойды жылқының денесіне жазыңыз.




1. Сұрақтарға өлең мазмұны бойынша жауап беріңіз.



Сұрақ

Жауап



Үлкендер немен айналысады?


Қыз-келіншектер үйді қандай көңіл күймен
тігеді?




Бозбалалар жазда немен айналысады?


15 тыңдалым. 8 сынып.


Тақырыбы: «Достық туралы ойлар»
Мақсаты: Оқушылардың өлеңді мұқият тыңдап сұрақтарға жауап беру және дұрыс мәліметтерді табу деңгейлерін байқау.
Достық туралы ойлар
Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық алдымен адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатаяды. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл – досыңыздың қайғысына, қуанышына ортақтаса білу. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалады». Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.





  1. Мәтінде айтылған 1 дұрыс мәліметті анықтаңыз.

А)Достық адамдардың сенімінен басталады.
В)Достық өркөкіректік қасиеттерді жоймайды.
С)Данышпан: «Ағайын жақсы», - деп жауап береді.



  1. Адам не себепті өзіне дос іздейді?

А) Мұң-шерін тарқатып, мал-дүние, ақша алу үшін
В) Қиын сәттерде өзіне сенімді болу үшін
С) Сырын айтып, қуаныш-қайғысымен бөлісу үшін
Д) Өзімшілдік, еріншектік қасиеттерді жою үшін
3. Бос орындарға қажетті сөзді қойыңыз. 2 сөзден артық жазбаңыз. Адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасы арқылы
көрінеді.



  1. Мәтінде қандай мақал айтылды? Мағынасын ашып жазыңыз.

    Мақал

    Мағынасы







  2. Берілген сұраққа тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.

  3. Автордың достық туралы негізгі ойын түйіндеп жазыңыз.

16 тыңдалым. 10 сынып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет