Ақмола облыстық мемлекеттік архиві — Ақмола облысының тарихына байланысты құжаттарды мемлекет сақтауға алған арнаулы мекеме. 1924 жылы қазан айында Ақмола уездік архиві болып құрылып, 1928 жылы округтік, 1932 жылы Ақмола ауданы 1939 жылы бастап Ақмола облыстық мемлекеттік архиві (1960 — 93 ж. Целиноград облыстық мемлекеттік архиві) аталды. Архивте облыстық, уездік, аудандық, болыстық ревкомдар мен Кеңестердің атқару к-ттерінің қызметін айғақтайтын 1917 жылдан бергі тарихи құжаттар жинақталған. Облыс жеріндегі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық халық ағарту, заң қорғау, денсаулық сақтау және мәдени ағарту орындарының жұмысын айғақтайтын құнды деректер сақталады. Тың өлкесі (1960 — 65) кезіндегі бүкіл Солтүстік Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін сипаттайтын қорлар кешені бар. Архивтегі сақталған құжат саны 325 мыңға жуық (1998).
Кіріспе
Ақмола облысының мемлекеттік архиві
Тарихы
Ақмола облысының құрылуына байланысты 1939 жылы 22 желтоқсанда Қазақ КСР IIХК № 1875 бұйрығымен Ақмола облысының IIХК басқармасының құрамында 1940 жылы қаңтар айында архив бөлiмi құрылды (ол 1940 жылы IIХК облыстық архивтің міндеттерін атқарды) және соған сәйкес 15 аудандық архив ендi.1946 жылы облыстық мемлекеттiк архив бөлiмшелерi архив бөлiмдерi болып қайта құрылды.
1965 жылы Целинный өлкелiк мемлекеттiк архивi Целиноград облысының мемлекеттiк архивi болды.
2005 жылы 12 желтоқсанда Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң № 42 бұйрығымен Целиноград облысының және Көкшетау қаласының архивiнде уақытша орналасқан облыстық мекемелер, кәсiпорындар және партия мүшелерiнiң құжаттары Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне көшiрiлдi.
2007 жылы мамыр айында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң № 13 «Бұрынғы Көкшетау облысының құжаттарын Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне тапсыру туралы» бұйрығына сәйкес облыстық архивке уездік және облыстық мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорын құжаттары тапсырылды.
Архив істеріне барлығының қолжетімділігі
Архивтің сайты:
Бұл сайт «Электрондық үкiмет» идеясын жүзеге асыруға жасалған бiрiншi қадам, әрбiр сайт шолушылары облыстық архивтiң қызметi туралы мәлiметтер ала алады.
Бұл мекеменiң мақсаты: Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды жинақтау, олардың есебiн және сақталуын; сақтаудағы құжаттардың жариялануы мен жан-жақты пайдалануын қамтамасыз ету; облыстық мекемелерде қалыптасқан құжаттардың құндылығын сараптауды ұйымдастыру, мекемелерге құжаттауда және құжаттарды басқаруда әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету; әдiстемелiк құралдар және ұсыныстар жасау; аудандық және қалалық мемлекеттiк архивтерге ғылыми — әдiстемелiк көмек көрсету; ведомстволық мұрағат жұмысына әдiмстемелiк басшылық және көмек көрсету, мұрағаттанудың актуалдi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу болып табылады.Ақмола облысының мемлекеттік архивінің директоры Т. Батырханов.
Сілтемесі: https://obl-archive.akmo.gov.kz/
Архивтің құнды деректері
Қорытынды
Қорытындылай келе біз Ақмола облысының мемлекеттік архиві жөнінде әртүрлі ақпараттар біле алдық. Облыстық архивтің тарихын білдік, мұрғаттар көлемің, құнды деректер көзің т.б. біліп көре алдық.