•1880 – 1889– Оқу хрестоматияларын бастырып шығарды;
•1888 – Алтынсариннің ұсынысы бойынша мұғалімдер мектебі ашылды.
•1976жылы – Алтынсариннің Арқалық қаласында мемориалдық педагогикалық мұражайы ашылды.
Жаңашыл педагог
Ыбырай Алтынсарин дүниежүзі педагог классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту тәжрибесіне енгізген тұңғыш педагог болды. 1860-1879 жылдар арасында Ыбырай Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметі мен қатар басқада қызметтер атқарды. 1868-1874 жылдары Орынбор генерал губернаторының арнай тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы, 1876-1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап, Ыбырай Алтынсарин зайырлық мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен,ол облыстық, уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады.