“Аморфты материалдар” лекциялары курсы



бет7/43
Дата06.02.2023
өлшемі5,58 Mb.
#65436
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
2.1.2. Халькогенидті шынылар

Ғылыми әдебиетте «оксидсіз» шыныларға арналған кең көлемді жұмыстар бар. Осы бағытқа қызығушылық халькогенидті шынылардың ИҚ – облысында оптикалық мөлдір және электрондық өткізгіштігі бар жартылай өткізгіштің қасиеттеріне ие екені анықталғаннан кейін басталды.


Оксидсіз (оттегісі жоқ) шынылар – бұл ең алдымен сульфидтер, селенидтер және теллуридтер периодтық жүйенің IV және V негізгі топшасының элементтері (Si, Ge, Р, As, Sb) және олардың өзара комбинациясы, сондай-ақ галогендер, халькогендер және ауыр металдардың халькогенидтері (Hg, Ga, In, Tl, Sn, Pb).
Оксидті шынылармен салыстырғанда холькогенидті шынылар механикалық қасиеттері нашар және термиялық тұрақтылығы тұмендігімен сипатталады, бірақ олардың термиялық кеңею коэффициенті жоғары, сыну көрсеткішінің термиялық коэффициенті және салыстырмалы серпімді-оптикалық тұрақтысы жоғары. Мөлдірлік(прозрачность) инфрақызыл сәулелер үшін толқын ұзындықтары көбірек облысына ығысқан(яғни, алысырақ ИК-облысына), бұл үлкен атомдық массалар мен байланыстың күштік тұрақтылардың аз болуымен түсіндіріледі. Периодты жүйенің бір элементтерінің атомдық массаларының артуынан орташа байланыс энергиясының азаюы байқалады, бұл оксидтермен салыстырғанда оксидсіз шыныларда тыйым салынған зонаның тарылуына(кішіреуі) әкеп соқтырады. Холькогенидті шынылардың көбісі (GeS2 сары және As2S3 қызыл шынылардан басқасы) спектр көрінетін облыстарда жарықты жұтады, сыртынан қарағанда мөлдір емес қара түсті материал болып келеді. Электрлік тасымалдаушыны термиялық қоздыру әсерінен халькогенидтік шыныларда электр өткізгіштік пайда болады, мысалы, 298К кезінде меншікті электр өткізгіштігі 10-3Ом-1см1 болатын шынылар бар. Осылай халькогенидті шынылар жартылай өткізгіштің қасиеттерімен сипатталатын шынытүзетін заттар екінші топты құрайды (электр өткізгіштігі бар оксидті шынылар бірінші топты құрайды). Оларда шағылу қасиеттері өте жоғары болғандықтан, олар өзіне тән жылтырға ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет