1.5 Аморфтыконденсирленген орталар: ( аморфты, шынытәріздес, реттелмеген – кристалды емес (non-crystalline solids)) Аморфты күй (АК) (грек тілінен amorphous – формасыз) – балқу нүктесінің жоқтығымен және қасиеттерінің изотроптылығымен сипатталатын заттың қатты кристалды емес күйі. Аморфты материалдар (АМ) температураның жоғарылауымен босаңсып, біртіндеп сұйық күйге ауысады. Бұл ерекшеліктер аморфты материалдарда кристалдық материалдарға қарағанда атомдардың орналасуында (кристалдық тордың) алыс реттің(long-range order) жоқтығымен түсіндіріледі. Кристалдық тордың алыс реттілігі – қатаң периодтылық, кеңістікте құрылымның бір элементінің (атомның, атомдар тобының, молекулалар және т.б.) қайталануы.
Кристалдық және аморфты қатты дененің атомдық құрылымы
1.5-сурет. Кристалдық (а) және аморфты (б) күйдегі As2Se3(S) қосылыс құрылымының жазықтыққа проекциясы
Аморфты материалдарда жақын реттілік (shot-range order) деп аталатын бөлшек өлшеміне сәйкес келетін арақашықтарда сақталатын көршілес бөлшектерінің орналасуында келісімділік бар. Яғни, қашықтаған сайын атомдардың орналасуындағы келісімділік кемиді де 0,5 – 1 нм кейін жоғалады.
1.6-сурет. Аморфты As2S3 атомдық құрылымындағы жақын реттілік
Аморфты материалдарда атомдардың орналасуында ортаңғы реттілік (medium-range order) дейтін де бар. Жалпы алғанда ортаңғы реттілікті атомаралық кореляция немесе атомдардың қашықтықта өзара орналасуының белгілі бір заңдылықтары деп түсінеді.
1.7- сурет. Аморфты материалдағы атомдық құрылымның ортаңғы реттілігі
Жақын реттілік сұйықтарға тән, алайда сұйықтарда тұтқырлық артқан сайын көршілес бөлшектердің орын ауыстыруы интенсивті түрде орын алады. Сондықтан аморфты күйдегі қатты денелерді тұтқырлық коэффициенті жоғары қайта суытылған сұйықтық деп қарастыру қабылданған. Кейде аморфты күй түсінігінің өзіне сұйықтықты қосады.
Шыны тәріздес күй – қайта суытылған балқыманың қатаюынан пайда болған аморфты күйдегі заттар. Шыны тәріздес күйден балқымаға және балқымадан шыны тәріздес күйге ауысу қайтарымдылығы шыны тәріздес күйдің басқа амофты күйлерден айырмашылығы оның негізгі ерекшелігі болып табылады.