“Аморфты материалдар” лекциялары курсы



бет1/43
Дата06.02.2023
өлшемі5,58 Mb.
#65436
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Аморф матер 15 дарис


Аморфты материалдар” лекциялары курсы
Лекция № 1

    1. Аморфты материалдар туралы жалпы мәліметтер

Алғашқы адамзат танысқан кристалды емес құрылымды диэлектриктер ­­– шынылар (әйнектер) жанартаулық негізді болған. Жанартаулық шыны немесе абсидиан сирек кездеседі. Бұрынғы ССРО-да оның біршама мол мөлшері Арменияда болған. Ол жақсы емес қара немесе сұр түсті және нашар өңделеді. Бұл жасанды шыныларды жасау қажеттілігіне әкеп соқты. Шыныларды жысау бес жарым мыңнан астам жыл бұрын игерілген. Сонау заманда египеттіктер тек күңгірт, мөлдір емес шыныларды, яғни әйнекейлерді (глазурлер) жасауды білген. Әйнекейлермен сазды құмыраларды су өткізбейтін, қолдануда ыңғайлырақ әрі көркемірек болу үшін қаптаған. Сосын әнекейлер мен тұрмыстық бұйымдарды әйнекейдің өзінен жасайтын болған. Негізінен шыны моншақтар, вазалар, құмыралар және т.б. Шыныдан жасалған бұйымдарды дайындау өте көп еңбекті талап ететіндіктен, Ежелгі Египетте мұндай бұйымдар өте сирек әрі асыл тастардан көп арзан болмаған.
Әйнекті (шыны) бұйымдарды жасау біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырда белгісіз римдік шебердің бір ұшы ұлғайған және келесі ұшы күюден ағаш мундштукпен қорғалған шыны үрлегіш (стеклодувная) темір түтікшені ойлап табуымен айтарлықтай артты. Мұндай түтікше бздің заманымызға дейін еш өзгеріссіз дерлік сақталған. Римдіктер шыны жиынтығын арнайы шынықайнатқыш пештерде дайындаған, онда температура жеткілікті жоғары болғаны соншалықты түрлі-түсті және реңсіз мөлдір әйнектер алуға болатын. Олар тек шыны ыдыстар мен әшекейлер дайындау үшін ғана емес, мозаикалык суреттер мен шыныдан жасалған өрнектерді де жасау үшін қолданылған. Алайда римдіктер терезе әйнегі мен айнаны білмеген.
Алғашқы терезе әйнегі мен айнаға жарамды тегіс әрі мөлдір диск тәріздес әйнектер шамамен 670 жыл бұрын Венециядан екі километр жердегі Мурано қаласында және шамамен осы мерзімде Францияда да дайындалған. Сол жылы үлкен айналар жасау әдісі де ашылған болатын. Айналық әйнек терезелік әйнекпен салыстырғанда сапасы жоғары, анағұрлым мөлдір, біртекті, тегіс бетті. Әдетте мұндай әйнектер автомобильдердің, ұшақтардың терезелерін дайындауға, дүкен көрмелерін және айна жасауға қолданылады. Сұр-алқызыл айна әйнегінен адам беті сұлулырақ әрі жас көрінетін айна жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет