Қамқоршылық кеңес отырысы Хаттама №1 Қордай ауданы Отар ауылы



Дата06.01.2022
өлшемі22,39 Kb.
#15659
Байланысты:
ХАТТАМА ПС - 1


«Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің Кенен Әзірбаев атындағы

№ 41 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Қамқоршылық кеңес отырысы

Хаттама №1
Қордай ауданы

Отар ауылы 06.11.2019 жыл
Қатысушылар: 11-кеңес мүшесі, 1-мектеп басшысы.

Қатынасқандар: 11- кеңес мүшесі және мектеп басшысы.
Күн тәртібінде:

1.К.Әзірбаев атындағы № 41 орта мектебін дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған перспективалық жоспарын таныстыру.
Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша № 41 Кенен Әзірбаев атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы Г.Ж.Сатыбалдиева сөз алды.

Мектеп басшысы Қамқоршылық кеңес мүшелеріне өзін таныстырып, ізгі ниет білдіре отырып, өмірдегі және білім беру саласындағы жеткен жетістіктері мен атқарған қызметі жайлы мәлімдеме берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2-қыркүйек күнгі жолдауындағы: - «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу керекпіз!»-сөзін алға қойып, 2019-2022 жылдарына арналған мектептің перспективалық жоспарының атқарылу қызметі мен міндеті, құқықтық негіздемеге сәйкестігін ескере отырып, білімді, бәсекеге қабілетті, рухани бай азаматтың қалыптасуына ықпал ететін инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру арқылы зияткер ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатымыз және мұғалімдер жаңашыл әрекеттерді игере отырып, сын тұрғысын ойлау дағдыларының қалыптасуына ықпалын тигізетін жаңа формациядағы мұғалім үлгісіне сай болуы - бүгінгі заман талабы екендігі мәлім. Әлбетте, жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімдердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарының тиімді әдіс - тәсілдерін ұйымдастыру қажет. Білім беру жүйесін модернизациялауда шетелдік озық тәжірибелерді пайдалану мүмкіндіктерін бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшеліктерді ескеру, білім беру жүйесін басқару мен ұйымдастырудың тиімділігін арттырудың жаңа жолдарын іздестіру секілді өзекті жайттар біз үшін ерекше маңызға ие. Мектептің басқару жүйесі мен мәдени ортасын қалыптастыру үшін ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс жүйесін нығайту, әр түрлі деңгейде қоғамдық мекемелермен байланыс орнату жайында айтып өтті.

Мектеп басшысы жоспарды іске асыру кезеңдерімен жіті таныстырып, әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс түрлеріне анықтама берді. Өз сөзінде: - «Біз, аз қамтылған және де көп балалы отбасыларға көмек көрсетуден және демеушілерден қолдау көрсету үшін көмек беруден тоқтамаймыз. Қамқорлыққа мұқтаж балаларды қолдау барысында қаржылай немесе азық-түлік ретінде көмек берілетін болса, бұл балалардың болашағы жарқын және оқуға деген ынтасы артып, өмірге деген құштарлығы пайда болады деп ойлаймын. Бала құқығын қорғау үшін, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне басшылық жасап, әр отбасының құқығын қорғап, жұмысын ілгері жаһандандыру, тиімді жұмыс атқару біздің басты міндетіміз. Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылғандай, оқушылардың қабілетін айқындап, қолдау көрсетіп отыруымыз керек. Біздің мектебімізде дарынды балалар өте көп. Оның ішінде - ақындық қабілеті бар, математикаға бейім, көркем өнер шеберлігі жоғары оқушыларымыз көп. Айқындалған дарындылықты жандандыру үшін мектеп тарапынан, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналардың қолдауы үлкен мәнге ие.»-деп ашық айтты.

Сөз кезегі қамқоршылық кеңес мүшелеріне берілу ұсынылды.


Қамқоршылық кеңес төрағасы - Кельдибаев Талгат Есенбаевич өз сөзінде : - «Мен толықтай мектептің жаһандандыру жоспарына қосыламын. Айтар ұсынысым, мектептің материалдық-техникалық жағдайының жаңалануы және де әр мұғалім әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылармен жеке тығыз қарым-қатынаста болып, көмек көрсетуі қажет. Мәселе әр жағдайда болуы мүмкін, сонда да біз сізге әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз. Біз сізді қолдаймыз.»-деді.

Келесі кезекте, кеңес мүшесі Атаханова Малика Рузиевна: - «Біз сіздің жобаңызды қолдаймыз. Ауыл тұрғыны және мектептің жанашыры болатындығыңызға сенеміз. Сізге өз тарапымыздан қолдау көрсетуден аянбаймыз. Жұмыстарыңызды жүзеге асыруға тілектеспін», -деп ойын аяқтады.

Қаулы:
1.2019-2022 жылдарына арналған перспективалық даму жоспарының құрылымы «Қанағаттанарлық» деп танылсын.
2.Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қорғау, қоғамдағы өмір сүруін қадағалау, олардың толық біліммен қамтамасыз етілуі, қоғамның жаһандану кезеңіндегі мұғалімдердің сапалы білім беріп, оқушылардың білім, білік дағдыларының қалыптасуына ықпалын тигізетін, нақты, сапалы жұмыстар жүргізілсін.

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Кельдибаев Т.Е.
Мүшелері: Атаханова М.Р.

Айткулова А.Т.

Курманбекова Н.Т.

Беркимбаева Г.Ж.

Шормакова Г.С.

Жарылқасын Е.Б.

Султанбекова М.Ж.

Атшабарова Г.О.

Арданова З.Б.

Шакиров Н.М.


Қамқоршылық кеңес хатшысы: Е.Ш.Айнакулов
Мектеп директорының м/а: Г.Ж.Сатыбалдиева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет