Қамшы қазақ халқының ба йырғы кездег шаруашылық, мә дени өм р нде аса кең



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата02.06.2023
өлшемі426,22 Kb.
#97979
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Соғ с-ұр с қару ре ін е қо а н
а н қам
н ң 
рау, бір ар ар,
бесқасқа әрі і, сон а -ақ қа ұя
 қам 
е ен үр ері бар. 
Қазұялы қамшы «Қисса Нәрікбай Шора» жырында көк қару
(ұрыс-соғыс қаруы) ретінде айтылады:
Қазұялы қамшымен
Келтіріп басқа салады.
Бастан аққан қара қан
Омырауын жабады.


Дырау, дыр қамшы. Сөздің дүре деген жіңішке түрі жуан
дыбысталатын қамшы сөзімен дыбыстық бір ырғақта айтылу
барысында дырау, дыр болып жуандаған. Көркем әдебиетте, сөйлеу
тілінде дырау қамшы да, дыр қамшы да жиі қолданылады:
Мынау, мынау, мынауым,
Сексеуілден бұрауым.
Алысқанда шақ келмес
Алыбың мен дырауың (I. Жансүгіров).
Дырау қамшы мен дыр қамшының мағынасы бірдей, тек біріншісі -
жал пы халықтык сипаттағы, екіншісі - ай мақтық қолданыстағы
атаулар: «Қадиша дыр қамшыны білемдеп алды да, май құй рықтың
тұсын шамалап: «Кет!» - деп тартып кеп жіберді (Асқар Тоқ ма ғам- 
бетов). Мысал «Қазақ тілінің тү сіндірме сөздігінен» [5-том, 1980]
алынды.


Қамшының егінді ауылда қол данылатын бір түрі балақпан деп аталады.
Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерт теушілердің көрсетуінше, балақпан «ұрғанда
тарсылдайтын ұзын қол бишік» [Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, 1969.]
~ Балақпанмен тары піскен кезде егінге түскен құсты үркітеді. Қамшы түрінің
балақпан аталу себебі: кайыстың ұшына аттың бірер қылын жіңішке етіп өріп,
байлап қояды. Осы байланған ба лақ жіп қамшыны оса тартқанда тарс еткен
ащы дыбыс шығарып, тары атаулы ның қас жауы шымшық, торғайларды
үркітеді. Шымшық момақансып жүріп, бір мойын жерді жеп қойыпты деген
тұрақты сөз осы орайда айтылса керек. Мұндағы бір мойын жер - тары
егістігінің өлшемі. Бір мойын жер - бір үйлі жанның ішіп-жемінен
артылатындай тары алынатын егістік жер деген эталондық өлшем. Бұл жайт
«қамшы» ұғымының тек малмен ғана емес, танымдық санада бейнеленген
ақиқат дүниенің өзге де үзіктерімен сыбайлас байланысын көрсетеді.


Жылқышылар шаруашылық ұйым дастыруда қамшыны асау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет