Қамшы қазақ халқының ба йырғы кездег шаруашылық, мә дени өм р нде аса кең



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата02.06.2023
өлшемі426,22 Kb.
#97979
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Әдеп-ғұрып
Қызы ұнап, құдасымен сөз байласқан келушілер қолындағы
қамшысын үйдің оң жағындағы керегесіне іліп кетеді. Салт
бойынша қыз жақ жауабын беруі тиіс. Егерде қыз әкесі
келісімін берсе, қамшы сол орнында ілулі тұрады. Ал, құда
болуға келіспесе, қамшы қайтарылатын болған. Дәстүр
бойынша құдаласқан қазақ жекжаттығын осындай ата-
жолмен жасаған.


Ырым-тыйым
Қамшының сабы сынды, қамшы таянды дегендер - «уайым»,
«қайғы» ұғымын білдіретін таңбалар. Сон дықтан жасы үлкен
адамдар: қамшы таянбас болар деп балаларға ескертіп
отырады. Бұл этикеттік таңбаның ты йыммен байланысты
ақпараттық мәні бар екені аңғарылады.


Ырым
Халқымыздың байырғы тұрмыс салтында қамшымен, өзге де
ат әбзелдерімен байланысты әртүрлі ырымдар болғанын
байқаймыз. Шаруа адамы жүген, өмілдірік, құйысқан тәрізді
ер әбзелдерін күтімелдеп, ара-тұра майлап ұстаған. Алайда
жүген майласа - ырыс, қамшы майласа - ұрыс деп, қамшы
майлағанды жақсы ырымға баламаған. Бұдан мифологиялық
ұғыммен байла нысты мәдени семантикалық ақпаратты
байқаймыз.


Наным-сен м
Сондай-ақ ежелгі қазақ салтында жас бала түнде оянып, мазасы кетіп жылай
берсе, алыс сапарда жүрген әкесінің (әжесі, атасы, ағасының) «қамшысы тиді,
жақын арада келіп қалар» деп жориды.
Жаңа түскен келіннің бетін үкілі, қоңыраулы қамшымен ашады. Қам шымен бетін
ашқан келін ағайын-жұрт қа әділ, ал одан туған ұл ел билейді, әділетті билік иесі,
ел-жұртқа беделді болады деп ырымдайды. Бұл жерде қамшыны биліктің символы
деп түсінуге болады. Үкілі қамшы мифологиялық сана бойынша әуелде көзге
көрінбейтін зиянды күштерден сақтайды. Қамшыға тағылатын үкі, қоңырау бір
жағынан, көркемдік эстетикалық қызмет атқарса, екінші жағынан, ке ліннің
әлеуметтік мәртебесінің жоғары болуын, түзу билік айтатын бедел иесі болуы
керек дегенге мегзейді. Сөйтіп, беташар кезінде қолданылатын үкілі қамшының
таңбалық семантикасы көп мәнді болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет