үйретудің құралы ретінде қолданған. Асау аттың үстіңгі ерніне
қамшының бүлдіргесін кигізіп, сабымен бұрау салады. Мұны шұра
салу дейді. Шұраны әдетте шу асауға салады. Ұлы суреткер
М.Әуезовтің «Абай жолында» Оспанның асау тайды үйрететін
тұсында шұрайлап деген сөз бар. Шұра салуды жазушы шұрайлау
деген нұсқада қолданған: «Бірақ өзге асаудан көрмеген ызаны
көріп, екі жығылып алған Масақбай ақ тайға қатты ызаланып алған.
Құлақтан басып, бұғалықпен буындырып, екі езуін шұрайлап, тайды
өлердей жазалаған.
Қамшыны аңшылықта да қолдана ды.
«Қасқырға қырық сегіз таспа қам шыдан артық қарудың
керегі жоқ» (Ғ.Мүсірепов).
Қамшы-мәдениетт л к
Байырғы кездегі тілдік-мәдени қоғамдастықта қамшы таңбасының
семантикасында этикеттік әртүрлі ақпараттардың бар екені байқалады.
Мысалы, ертеректе «үйге қамшыны бүктеп алып кіру» әдептілікті байқатады
деп есептеген.
Қамшыны салақтатып немесе шошайтып кіруді әдептілікке баламаған, ондай
адамның өзінен бұрын қамшысы үйге кіргендей жағымсыз әсер қалдырады.
Бұл айтылғандар қамшы мен байланысты әдептілік нормасын байқататын
тілдік емес, этикеттік таңба болып саналады.
Сондай-ақ жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын
болған: Денесін оқыс бұрды да, қамшысын екі бүктеп бір шетте үйіріліп
тұрған топқа сілтеді.
Әдеп-ғұрып
Үй иесі жолаушылап кеткен үйге келген бөгде ер адам
әдетте қонуға басқа үйге барады, бірақ «қайта соғатынын»
білдіріп, қамшысын тастап кетеді. Үй иесі келген соң, әлгі
адамның қамшысына қарап кім екенін жорамалдайды,
арнайы шақырып, кел ген шаруасын, бұйымтайын сұрайды.
Ел арасындағы әдепке байланысты бұл салтты
қамшытастар деп атайды.
Әрбір қазақ шаңырағы қамшыны әрі қару әрі қастерлі мұра
санаған. Қамшы көп үйдің төрінде ілулі тұрған.
Қазақта айтар сөзі көңіліне келетінін білген кезде қамшыны
қолданған. " Қамшының сабы сынса – қатын өледі, пышақ сабы
сынса – күйеуі өледі" деген де ырым бар. Егер қайтыс болған
адамның кім екенін сөзбен жеткізе алмаса да, қамшыны
қолданған.
Қамшы сыйлау құрметтің белгісі. Өзінен кіші болса, сол қолымен,
қыз балаға өрім жағынан, үлкен кісіге сабынан ұстатқан. Елуге
дейін тобылғы сапты қамшы сыйға тартса, елуден асқан соң тұяқ
басты қамшы сыйлаған.
Керегеде ілулі тұрған қамшының санына, қалай жасалғанына қарап, сол үйдің
қанша баласы бар, оның неше ұлы, неше қызы бар екені біліп отырған.
Мысалы, неке қамшысы. Үйленер алдында басына тас салғызған тобылғыдан
жасаған жігіттің қамшысы қыздың көзіне бірден түсетін болған. Әрине, қыз
таспен көмкерілген қамшыны таңдау арқылы келісімін берген.
Ал дойыр – жуан, салмақты таспадан өрілген қамшыны барымташы,
жаугершілер ұстаған. Оның өрімі де ұзын болған.
Аңшыларға арналған қамшының ұшына қорғасын салынған. Өйткені ұзындығы
екі құлаш қамшымен аңға шығуға да, сиыр айдағанда да ыңғайлы.
Ал үйір қамшы деген сабы үш буынды болған. Оны жылқы айдағанда шалма
ретінде пайдаланған. Бұдан өзге де қамшының түрі көп.
Әйелге тек жауынгерлік заманда қамшы жұмсаған. Ұрысқа кетіп
бара жатқанда, артынан ілесіп, күйеуін қимай, жылаған әйелді ері
аттың үстінде тұрып, қамшымен салып қалған. Шайқас кезінде ері
жазым болса, "өлеріңді біліп, көңілің суысын" деп қамшы сілтеген
екенсің деп жоқтау айтса, аман-есен оралса "мен жоқта өзгеге көз
салмасын дегенің ғой" деп ұғады екен.
Ал жай, елде тыныштық кезде атына мініп, жолаушылап бара
жатқан ерінен әйелі "Қайда барасың?" деп сұрамаған. Өйткені ол
жаман ырымға саналған. Сондықтан әйелі ерінің қай жаққа жол
жүретінін күні бұрын сұрайтын болған. Ал, атқа мініп, дәл жол
жүретін кезде сұрса, қамшымен салып жіберетін болған.
|