Қамзабекұлы Д., Л. Н. Гумилев атындағы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі430,26 Kb.
#6473

Қамзабекұлы Д.

 Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-әдістемелік  

жұмыс бойынша проректоры,  

филология ғылымдарының докторы, профессор 

 

 



АЛАШ ТҰСЫНДАҒЫ ЕЛДІК САЯСАТТЫҢ БАҒДАРЫ 

 

Қазір  Алаш  тарихы  кеудесінде  –  жаны,  бойында  қаны  бар  кез-келген 



отандасымызды ойландырады, толғандырады. Неге? Біріншіден, олар бүгінгі 

болмысымызды,  қасиет-қадірімізді  сол  кезбен  салыстырады.  Екіншіден, 

сапалы  жаңаруда  ұлттың  «алпыс  екі  тамырына»  әсер  беретін  Алаш  жолын 

қалайды.  Біз  әлеуметтанушы  емеспіз,  бірақ  қарапайым  байыпқа  салсақ, 

байқайтынымыз:  ұлт  тарихын  жақсы  білетін  10  адамның  9-ы  Алаш  десе 

«ішкен  асын  жерге  қояды».  Бұған,  әрине,  қуанамыз.  Үзілмеген  үміт  үшін, 

жалғасқан рухани-тағылымдық сабақтастық үшін! 

Дәл бүгін Алаш бізге неге жақын және неге алыс? 

Мемлекетті  маңызды  істерге,  шешімді  қағидаттарға  жұмылдыратын  – 

саясат  болса,  біз  содан  Алаш  тағылымын  байқай  алмай  жүрміз.  «Алаш 

тағылымы» деген не? Ол – иман мен тазалық, ой мен істе бірлік. 

Елшіл  барша  ғалым  айтып-жазып  жатқандай,  біздің  бар  салада 

отарсыздандыру  үдерісі  жүру  керек  еді.  Алаш  –  осы  жолдағы  біздің  әрі 

әліппемізге, әрі нұсқаулығымызға жарар темірқазық-тын. 

Қоғамның ең жанды, ең мәнді буыны мен тетігі – білім. Күнде сөз болып 

жүрген тазалық та, отарсыздандыру да, идеология да осы білімнен басталып, 

біліммен  аяқталады.  Өкінішке  қарай,  аталған  салаға  Алаш  рухы,  тәжірибесі, 

мұрасы жетпей тұр. 

Бүгінгі есін жиып, етегін жапқан азаматтардың бәрі кеңес кезеңінде туып, 

сол  шақтың  шындығымен  суарылғандықтан,  бірер  мысал  айтайық.  1920 

жылы  большевиктер  өкіметі  толық  орнағанда,  мынандай  сұмдық  жағдай 


байқалған:  азық-түлікке,  әлеуметтік  мәселелерге  байланысты  ірілі-ұсақты 

жауапты  орындардың  бәрінде  халықты  бұрын  сүліктей  сорған  адамдар 

отыра  берген.  Біз  Қазақстанды  айтып  отырмыз!  Жеке  қауіпсіздігі  үшін 

олардың  басым  көпшілігі  коммунистік  партия  қатарына  өтіп  те  алған.  Осы 

жағдай  1921  жылы  Қазақстанды  алапат  ашаршылыққа  алып  келген  (бір 

қызығы аштық десе, біз 1932 жылғы қырғынды ғана айтамыз). Сонда әлгі қой 

терісін  жамылғандар  титықтаған  қазақты  сұраушысы,  жоқтаушысы  жоқтай 

қолдан қыруға себепші болған. Сенбесеңіздер, өжет, елшіл қайраткер Смағұл 

Садуақасұлының «Қостанай-Торғай» атты еңбегін оқып көріңіздер.  

Осы  тұста  тағы  да  «қызық»  жағдай  қалыптасқан.  Ұлт  ахуалын  көріп, 

шырылдаған 

Алаш 


қайраткерлері 

«аштарға 

жәрдем» 

(помгол) 

комиссияларына  кіріп,  қиналған  өңірлерге  сәл  бақуаттау  өңірдің  малын 

апарып  көмектесіп  жүргенде,  олардың  үстінен  «ішіп  қойды,  жеп  қойды» 

деген  арыздар  түсірілген.  Мысалы,  1926  жылы  жазушы  Ж.Аймауытұлы  осы 

жағдаймен  «істі»  болған.  Ол  ашық  сотта  мықты  дәлелдің  арқасында  ғана 

әупірімдеп аман қалған. 

Көрдіңіздер  ме  қара  суды  қалай  теріс  ағызуға  болатынын?  1921  жылы 

Смағұл Семейдегі отаршылдардың сарқыншағын тыйям дегенде, Орынборға 

бірден шақырылып, әуре-сарсаңға түскені тағы да бар... 

Біз  мұны  неге  айтып  отырмыз?  Қазақтың  ғасырлар  бойы  аңсап,  күресіп 

қол  жеткізген  азаттық  нәпақасын  біреулердің  жырым-жырым  етуді 

көздегенін сезген соң айтып отырмыз. 

Қазақстанда Алаш жолы орнаса, біз әрбір шараны жүзеге асырмас бұрын 

«осыны  Әлихан,  Мұстафа,  Ахметтер  қалай  жасар  еді?»  деп  ойланар  едік. 

Олар  да  құдайы  көршілерімен  санасқан,  алайда  толық  теңсіздікке  жетпеген 

ұлтының мүддесін жоғары қойған.  

Енді  аз-кем  тарихқа  үңілейік.  Тарихи  оқиғаларға  параллель  жүргізсек, 

1917 жылдың оқиғаларын 1991 жылдың оқиғаларымен салыстыруға болады. 

Деректерді сөйлетейік:  

1917 жыл, 22 сәуір – Закавказье Федеративтік республикасы жарияланды. 

1917 жыл, 13 маусым – Украина халық республикасы жарияланды. 

1917  жыл,  27  қараша  –  Қоқанда  Түркістан  автономиясы  (мұхтарият) 

жарияланды. 



1917  жыл,  29  қараша  –  Башқұрт  автономиялық  республикасы 

жарияланды. 

1917 жыл, 18 желтоқсан – Белоруссия тәуелсіздігін жариялады. 

1917  жыл,  желтоқсан  –  Финляндия,  Литва,  Латвия  тәуелсіздігін 

жариялады. 

1918 жыл, ақпан – Эстония тәуелсіздігін жариялады. 

1917  жыл,  13  желтоқсан  –  Орынборда  Алаш  Орда  үкіметі  жарияланды. 

Қазақ  зиялылары  осы  күні  Сырдария  облысының  съезінен  (1918  жыл,  6-9 

қаңтар) кейін Түркістан қазақтарымен қосылған біртұтас Алаш автономиясын 

жариялаймыз деп шешеді. 

Жоғарыдағы хронологияны 1991 жылға түсіріңіз. Жүз пайыз болмаса да, 

реті мен үрдісі аумайды. Бағы да, соры да күрделі Башқұртстан амалсыз жер 

ортасында  қалып  кетті.  Финнің  айы  сол  кезде-ақ  оңынан  туған.  Ұзағынан! 

Балтық  бойы  сол  шақта  да,  фашизмнің  алды-артында  да  тәкаппар  күйінде 

қалған.  Өздеріне  пайдалы  елдік  тәкаппарлық!  Эстонияның  1918-дің 

ақпанына қарай жылжуының объективті себебі бар. Қазақ сол жолы да, кейін 

де тәуелсіздігін соңыра жариялаған. Тәуекелсіздігі дей алмаймыз, ойланғаны 

һәм  байыптағандығы.  Абзалы,  жарияланғаны!  Мәселе  оның  мазмұнында 

ғой. 

Дұрыс-ақ!  Біз  мұнымен  не  айтпақ  болдық?  Жаңа  тәуелсіздігіміздің  16 



жылында тақыр жерге шықпағанымызды қайта-қайта сезінуіміз қажет. Тарих 

деген,  ӛткеннің  сабағы  деген  –  жай  бір  нәрсе  емес,  ол  –  тәжірибеміз  бен 

білігіміз.  Біреу  ұмытып  жатса,  есіне  салайық!  Біреу  әдейі бұрмаласа немесе 

қасақана білгісі келмесе «мырза, қай елде тұрып жатырсыз?!» дейік. 

Соңғы 10-15 жылдың ішінде Алаш мұрасы біршама жарияланды, халыққа 

жетті.  Бірақ  мұраны  тану,  бүгінгі  ӛмірде  қолдану,  олардың  тағылымын  алу 

жағынан үнемі біржақтылыққа ұрынып келеміз. Мысалы, Алаш зиялыларына 

«жансыз  портрет  ретінде  қарау»  кӛзқарасы  берік  орныққан.    Олардың 

мұрасын «кезеңдік дүние» есебінде бағалаудан арыла алмай жүрміз. Егер біз 

«Әлихан  Бӛкейхан,  Мұстафа  Шоқай,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Халел 

Досмұхамедұлы,  Смағұл  Садуақасұлы,  Сұлтанбек  Қожанұлы  мұрасы  ХХ  

ғасырдың  басындағы  шындықтың  ғана  ауқымын  танытады,  бүгінге 

жарамайды»  десек,  онда  біз  ол  арыстарымызды,  тіпті  тарихтың  ӛзін 

қажетсінбеген  болып  шығамыз.  Ал  егер  олардың  шығармаларындағы  сол 

күннің  мұнарасынан  қарағанда  да,  бүгіннің  биігінен  шолғанда  да  ұлт 

тіршілігін  ілгерілететін  негіздерді  байқасақ,  мәселеге  түпкілікті,  әлеуетті 

күшпен оралуымыз қажет. Мұстафа Шоқай ӛз естеліктерінде Ақмешіттегі бір 


қайраткер  туралы:  ―Ол  исламға,  мұсылман  дініне  имандай  сенетін.  Бүгінгі 

күнгі  жасаған  күнәларым  ертең  алдымнан  шығады  деп  есептейтін‖  дейді. 

Мұстафа  Шоқай  осы  арқылы  бір  жағынан,  сол  кезеңдегі  адамдардың 

тазалығын айтса, екіншіден, ұрпаққа аманат жүктеп, жалпы адамдардың сӛзі 

мен ісінің бір жерден шығуын міндеттеп отыр. Ал соны құлағына іліп жатқан 

қай  шенеунік  бар?  Әлихан  Бӛкейхан:  «Бәріміз  бұл  сұм  дүнияға  қонақ. 

Артыңда орынбасарың табылсын!» деп жазады.  

Жалпы,  Әлихан  мен  Мұстафалардың  аңсаған  тәуелсіздігі  -  біреудің 

есебінен,  тарихи  тұлғаларды  мансұқтап  жеткен  немесе  ағымдағы  бір 

коньюктураға  қызмет  ететін  тәуелсіздік  емес,  ол  -  ұлттың  нақ  ӛзіне  қызмет 

ететін тәуелсіздік. Қазіргі кезде, ӛкінішке қарай, қайраткерлеріміз күнделікті 

ӛмірде,  қызмет  барысында  Алаш  зиялыларын  ауызға  алмайтын  болды. 

Мысалы,  Парламент  депутаттарының  сӛзін  сабақтаған  кезде  ―Әлихан 

Бӛкейхан  былай  деп  айтқан  еді,  Мұстафа  Шоқай  бүй  деген,  Ахмет 

Байтұрсынұлының  мынандай  тұжырымдамасы  бар,  Халел  Досмұхамедұлы 

бұл жӛнінде тӛмендегідей ой айтқан...‖ дегенін естіген жоқпыз. Сонда бүгін 

ӛзін  «қайраткер»  санап  жүргендер  тарих  мойындаған  қайраткерді  ауызға 

алмаса  кім  болғаны?  Бұдан  бір-ақ  қорытынды  шығады:  мұндай  сабаздар  ӛз 

бетімен  кітап  оқымайды  немесе  ұлт  тарихын  мүлде  білмейді.  Осыдан  соң 

халыққа, ӛзімізге қаратылып айтқан ауыр сұрақ алдымыздан шығады: саяси 

қайраткерлер  арасындағы  тарихи  сабақтастық  қайда  қалды?  Тарихтың 

түзігінен, қателігінен сабақ алу деген ұғым бар емес пе?  

Алаш  зиялыларының  портретін  іліп,  кітаптарын  сӛреге  тізіп  қойып, 

сонымен  шаруаны  шектегеннен  не  ұтттық?  Кітап  ашылған  жоқ.  Портрет 

портрет  күйінде  тұр.  Бұрынғы  ӛткен  бабаларымыздың  суретшілер  ойша 

кескіндеген  кӛркем  бейнесін  тұсымызға  іліп  қойып  жүрміз  ғой.    Алаш 

тұлғаларының  портреттері  де  сол  дерегі  аз  тұлғалардың  бейнесіне  ұқсап 

барады. Ал шындығында бұлар – отаршылдықпен, әділетсіздікпен бетпе-бет 

келіп  күрескен,  азат  рух  пен  тазалық  туралы  ұшан-теңіз  үлгі-ӛнеге,  мұра 

қалдырған  теңдессіз  қабілет  иелері,  тіпті  тәуелсіз  мемлекет  құру 

идеяларының  авторлары  емес  пе!    Олардың  шығармаларындағы  барлық 

дерлік  ой-тұжырымдар  бүгінгі  күнмен  берік  сабақтасып  жатыр.  Мысалы, 

Смағұл  Сәдуақасұлы  жиырма  жасында  үлкен  саясаттың  биігіне  кӛтерілді.  

Жастар  одағын  басқарды.  Жиырма  бес  жасында  оқу-ағарту  комиссары 

(министр)  болды.  Оның  сол  кезде  жазған  еңбектерінде  бүгінгі  күннің 

талғамы мен талабына сай келетін кӛп нәрсе бар. Қазіргі білім реформасына, 

дін  мәселесіне    қатысты  негізгі  тұжырымдардың  барлығы  да  сол  тұста 

айтылған.  Смағұл  дінге  байланысты  былай  дейді:  ―Орыстың  поптары 

ертеңнен қара кешке дейін шоқынудан басқаны білмеді. Қазақтың молдалары 

бір  жағынан дінді үйретсе,  екінші  жағынан балаларға хат  танытуды  үйретті 

(Соңғы жұмыс үшін орыстарда учитель дегендер болушы еді)‖.  

Кӛрдіңіз  бе,  дінге  деген  кӛзқарастың  қай  бағытта  ӛрістегенін?  Жалпы, 

қазақтың арғы танымындағы ―Аңқау елге - арамза молда‖ дегендегі молда — 

―учитель‖  ұғымындағы  мұғалім  деген  сӛз.  Ел  аңқау  болса,  оған  кӛп  тәлім-



тәрбиесі жоқ, ниеті бұзық мұғалім сабақ үйретеді, сӛйтіп қате бағытқа салады 

деген мағынада айтылып отыр.  

Осы  Смағұл  -  ұлттың  ары  мен  иммунитеті  еді.  Кремль  функционері 

Ф.Голощекин  Қазақстан  басшылығына  келіп,  «кіші  октябрь»  экспериментін 

бастағанда  кӛп  қазақ  атқамінерлері  «Сіздік  дұрыс!»  деп  құрдай  жорғалап, 

табанын  жалаған.  Сонда  бір  С.Садуақасұлы  тұтас  қазақ  арының  кейпінде 

оған қарсы тұра алды. Оның елшіл жүрегі – арыстанның жүрегі еді демей-ақ 

қояйық,  Кенесары  жүрегінің  бір  бӛлшегі  еді.  Айтпақшы,  осы  Смағұл  1922 

жылы  И.Сталиннің  қабылдау  бӛлмесінде  тұрып,  бұл  басшының 

қабылдауынан  шыққан  орынборлықтарды  (қазағы  да  бар)  кӛріп,  кіру 

ниетінен бас тартқан. Досына жазған хатында Кене ханның рухтас ізбасары: 

«Жүрегінде  титтей  таза  еті  болса,  қазақ  ішкі  кикілжіңі  туралы  бӛтенге  тіс 

жармауы  керек»  дейді.  Әне,  ұлтқа  адалдықтың  бір  белгісі.  Тағы  бірде 

ӛздерінің түк бітіргеніне қарамай халықты орынсыз сынайтындарға қаратып: 

«Бұлар сол «жаман қазақтан» байқаусызда туып қалғандар ғой» деп жазады. 

80-жылдардың соңына таман кеңес қоғамында «қайта құрудың» әсерімен 

әртүрлі  бастамалар  кӛтерілді.  Тарихты  қайта  қарап,  кӛп  жамандықтан 

арылуымыз керек деген ыңғайдағы ой-пікірлер үстем тұрды. Кеңес дәуірінде 

екі саланың (мәдениет, сыртқы істер) министрі болған Мүсілім Базарбаев осы 

мәселені жиі айтатын.  ―Кеңес  тұсында  жазған кӛп кітаптарымдағы  ойларды 

мен қазір сызып тастауға бармын. Қайтадан жазуым керек‖ дейтін. Ӛмірінің 

соңғы кезінде ол тӛрт-бес кітабын қайта жазды. Мүсекең арылу, айығу дейтін 

ұғымдарға  қатты  кӛңіл  бӛлді.  Бұл  шақта  грузин  киношебері  Тенгиз 

Абуладзенің «Покояние» атты фильмі жұрт аузында жүретін. Ал бізде алғаш 

«Ф.Голощекин -  Қазақстанды дамытқан қайраткер» деп мақала, 1986 жылғы 

Желтоқсандағы  жастар  ұстанымын  «А.Байтұрсынов  құйыршықтарының 

әсері» деп кітапша жазған үлкен лауазымды тарихшылар ләм-мим деместен 

«тәуелсіздік  құрылысшыларына»  айналып  кете  барды.  Сонда  дағдарған 

халық  іштей  тынып,  Мәшһүр  Жүсіпше:  «Түзуліктің  заманы  оянды  ма? 

Бұзылғандар әдетін қоя алды ма?..» деп жүрді. 

  Біз,  бәріміз  де,  тәуелсіз  жаңа  қоғамға  бір  ыңғайда,  бір  ниетпен  өттік 

деп  айту  қиын.  Көптеген  қайраткерлеріміз  комсомолда,  партияда  қызмет 

істеді.  Олардың  біразы  қазіргі  тәуелсіз  қоғамды  құруға  психологиялық 

жағынан  да,  моральдық  жағынан  да  даяр  емес  еді.  Бірақ  бәрі  де  «бір 

кісідей»  кірісіп  кетті.  Әрине,  оларға  мұндай  жаңа  қоғам  құру  үшін  арнайы 

даярланып,  басқа  бір  жерде  жетіліп  кел  деп  айту  да  қиын.  Уақыт  оны 

күтпейді.  Әр  азамат  іштей  соған  даяр  болып,  жан-жүрегімен  жаңа  қоғамға 

қызмет  етсе,  қателіктерін  мойындап,  арыла  білсе,  тәуелсіздіктің  негізгі 

қағидаттары, жақсы мен жаманды айыратын ұстанымы тезірек орнығар еді. 

Бірақ  бүгінгі  күннің  іс-әрекетіне,  мінез-құлқына  қарап,  кейде  тәуелсіздіктің 

кірпішін  түзу  қалап  жатырмыз  ба,  жоқ  па  –  ойланып  қаламыз.  Обыр 

коррупция  билік  былай  тұрсын,  ақ парақтай  болуға  тиіс  жас  балалардың  да 



жүрегін    жаулап  алған  сыңайлы.  Тәуелсіз  әлеуметтанушылар  жүргізген 

зерттеулерге сенсек, 14-16 жастағы мектеп оқушыларының 65 пайызы «бәрін 

ақшамен шешуге болады» деген көзқараста жүрген көрінеді. «Әділет» деген 

атқа  ие  сала  әділетсіз  болса,  басқа  салалардың  атын  да,  затын  да  тексеріп 

жату  артық  шығар.  Діннің  айналасында  да  кіршіксіз  тазалық  болмай  тұр. 

Мемлекеттің  дінге  қатысты  анық,  мүдделі  ұстанымы  болуы  тиіс.  Жастар 

арасындағы  отаншылдық,  белгілі  бір  саяси  ұйымдарға  кіру  кеңес  тұсының 

науқаншылдығындай қалыпқа түскені де ойлантады.  

Сонда  қастерлі  нәрселердің  мансұқталғаны  қалай?  Алаш  зиялылары 

мұндайға  жол  бермес  еді.  Бұл  ретте  амалсыз  тарихтағы  жас  алашшылдар 

құрған  «Жас  азамат»  ұйымының  ісін  еске  аламыз.  Бұл  –  патша  тұсында 

жасырын  қызмет  жасаған  «Бірлік»  ұйымының  жалғасы  болатын.  «Жас 

азамат» адал ағаларындай «ұлт ісі жолында өлсек – бір шұқырда, тірі болсақ 

бір төбеде табылармыз» дейді. Үлкен Алаш та, жас Алаш та ақжүректік деген 

ұғымды  қатты  қастерледі.  Яғни,  Отанға,  ұлтқа  шексіз  берілді.  Халықтың 

есебінен  күн  көру,  білімсіз-ақ  бедел  һәм  ақша  табу  дегенді  білген  жоқ. 

Қандай  лауазым  иеленсе  де  ағартушылық  қызметін  (миссия)  қатар  алып 

жүрді.    Мысалы,  сол  кезде  өзімен  бірге  кітапханасын  көшіріп  жүрген 

зиялылар туралы аңыздар айтылған. Ә.Бөкейхан сол шамада кітапханасының 

бір  бөлігін  «Бірлік»  ұйымының  жастарына  сыйлаған.  Ал  қазір  кейбір 

шенеуніктердің  ұлттық  мүддені  қорғамақ  түгіл,  балаларын  қазақ  мектебіне 

де бермейтіндігі туралы баспасөз жиі жазады. Лауазымға қолы жеткен қазіргі 

қазақ  азаматы  бала-шағасына  «бұйыртқан»  материалдық  игіліктерін 

көрсетуге  әуес.  Халық  бәрін  көріп  отыр.  Бұл  да  Алаш  тұлғаларының  өмірлік 

ұстанымына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын нәрсе.  

Әрине,  бүгінгі  мемлекеттік  қызметкерлердің  арасында  оқығаны  мен 

тоқығаны,  білімі  мен  білігі,  адамшылығы  мен  жауапкершілігі  байқалып 

тұратын  азаматтар  да  бар.  Бірақ,  ұятымызға  қарай,  солардың  қатары  аз  ба 

деп қаламыз. Бұрын (кеңес тұсында) баспасөзді оқып, мәдени-әдеби өмірді 

байыптай  алатын  шенеуніктер  кездесетін.  Қазір  «керек  кезде  мақаланы 

тапсырыспен  жазғызамыз»  деген  түсініктегі  сабаздарға  –  «бәрі  бидай» 

немесе  бәрі  ақша!  Тазалығың  да,  салт-санаң  да,  ғылымың  да,  тарихың  да  – 

көк  тиын.  Әрине,  өкінішті  әрі  қорқынышты!  Қалай  дегенде  ел  мен  иманға 

күзетші  зиялының  саны  «шешуші  салмақтан»  (критическая  масса)  төмен 

болмауы  тиіс.  Ұзын-сонар  тарихымызды  таразыға  салып  жіберсек,  «шешуші 

салмақты»  арттыратын  –  Алаш  жолы  болып  шығады.  Ендігі  біздің  бүкіл 



үмітіміз  бен  іс-әрекетіміз,  әсіресе  БАҚ-тың  күші  сол  азшылықты  көбейтуге, 

Алаш жолын насихаттауға бағытталғаны жөн.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет