Плазморрагия. Плазморрагия дегеніміз – қантамыр арнасынан плазманың шығуын айтады. Пламоррагия салдарынан қантамырлардың қабырғасы мен айналасын-дағы тін плазмамен сіңеді, оны плазмалық сіңбе дейді. Қалыпты жағдайда транскапиллярлық алмасуды қамтамасыз ететін, қантамырлардың өткізгіш-тігінің бұзылуының бір түрі – плазморрагия болып табылады.
Микроскопиялық көрінісі: артериола қабырғасының плазмалық сіңбесі кезінде, олардың қабырғасы қалыңдайды, гомогенді болады. Плазморрагияның ауыр дәрежесінде фибриноидтық некроз дамиды
Электронды микроскоптық зертеуде, қан тамырдың өткізгіштігінің жоғарлауын– гипервезикуляция, ісіну және эндотелийдің жұқарлануын – гипервезикуляция, ісіну немесе эндотелийдің жұқаруы, онда фенестр мен туннельдер түзіледі; жасуша аралық кең саңылаулар пайда болады, базалдық мембрананың бүтіндігі бұзылады. Плазморрагия кезінде бұл өзгерістер трансэндотелийлік және интерэндотелийлік жол арқылы жүреді.
Даму механизмі.
Плазморрагия және плазмалық сіңбенің патогенезі негізгі екі шарттармен анықталынады –
бұлар қан 19 тамырлардың өткізгіштігін арттырады.
Микроқантамырлардың зақымдануы, көбінесе, ангионевроздық (спазм) бұзыластармен, тіндік гипоксиямен, иммунопатологиялық реакциялармен байланысты. Плазморрагияға әкелетін қанның өзгеруі, плазмадағы вазоактивті заттардың (гистамин, меротонин), табиғи антикоагулянттар (гепарин, фибринолизин), ірі дисперсті белоктардың, липопротеидтердің мөлшері көбейеді, иммундық кешендер пайда болады, қанның реологиялық қасиеті бұзылады. Плазморрагия, көбінесен, гипертония ауруында, атеросклерозда, декомпенсацияланған жүрек ақауында, инфек-циялық, инфекция-алларгиялық және аутоиммундық ауруларда кездеседі.
Соңы: плазмалық сіңбенің нәтижесінде фибриноидтық некозы және қан тамырлардың гиалинозы дамиды.
Маңыздылығы: ағзалар мен тіндердің құрылымдық өзгерісіне әкелетін, транскапилярлық алмасудың бұзылуында плазморрагия дамиды.