Жалпықан аздық немесе анемия; бұл – эритроциттермен гемоглобиннің азаюымен сипатталынатын қан жасау жүйесінің ауруы болып табылады. Қан айналымының бұзылуына анемияның қатысы жоқ.
Қаназдықта дамитын өзгерістердің бірінің негізі — гипоксия немесе аноксия, яғни оттегі тапшылығы.
Даму себептері мен қарқынына, гипоксияның мерзімі мен тіннің қаназдыққа сезімталдылығына қарай, қаназдықтан ультракүрылымдық деңгейдегі жеңіл өзгерістер немесе ишемиялық некроз — инфаркт сияқты өте ауыр өзгерістер дамиды
Жедел ңаназдықта, әдетте дистрофиялық жэне некроздық үдерістер орын алады; олардан бүрын мынадай гистохимиялық, ультрақүрылымдық өзгерістер — тіндерде гликоген жойылып, тотығу-тотықсыздану ферменттерінің белсенділігі төмендейді, митохондриялар бұзылады.
Ишемияны микроскоппен анықтау үшін: -тетрозолий түздары
-калий теллуриті қолданылады.
Бұл түздар ишемиясыз (дегидрогеназалар белсенділігі жоғары) жерде тотығып, тінді боз немесе қара түске бояса, ишемиялы жерлерді (ферменттер мүлде жоқ немесе белсенділігі томен) боямайды.
Қаназдық ұзаққа созылса, паренхималық элементерде атрофия дамиды және фибробластылардың белсенділігі артып, коллаген көп түзіліп, склероз өрістейді.
Созылмалы (ұзақ уақыт бойы) қаназдық кезінде фибробласттардың коллаген синтездеуші белсенділігінің жоғарлауы нәтижесінде паренхималық элементтердің атрофиясы және склерозы дамиды.
Қаназдықтың пайда болуының себебіне және даму жағдайына қарай келесі түрлеріне бөледі:
- ангиоспазмдық-(рефлекторльщ) каназдық — әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен артериялар жиырылып, тарылған (спазм) кезде дамиды.
Мысал: ауыртатын тітіркендіргіштің эсерінен артерияның қабырғасы жиырылып тарылады, сондықтан дененің сол жеріне қан аз келеді. Қан тамырын тарылтатын дэрілер (адреналин) тап осындай эсер етеді. Кері эсерлі эмоция кезінде байқалатын қаназдық та — ангиоспазмдық ишемияның бір көрінісі («жауапсыз эмоциялық ангиоспазм»).