Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны


І кезең - активсіз тромбопластин → активті тромбопластинге айналады.  ІІ кезең



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
І кезең
активсіз тромбопластин → активті тромбопластинге айналады. 
ІІ кезең 
- активті тромбопластин + протромбинмен + Са
++
→ тромбинге айналады.
ІІІ кезең 
– фибриноген+тромбинмен+ Са
++
→ фибринге айналады. (қанның ақуыз талшығы). 
IV кезең
– фибрин жиырылып → қан үйінін құрады, 
тромб
деп аталады.
V кезең 
– ретракция мен фибринолиз. Қан ұйыған кезден пайда болған фибриннің қатысуымен 
тромб құралады да қатайып тығызданады, яғни ретракцияланады. Осы тромб қан тамырының 
жарақаттанған жерін бітеп, сыртқа қан кетуін тоқтатады. Тромб қан тамырының өзегін тарылтады. 
Осындай тромб пайда болысымен фибринолиз басталады, яғни тромб ыдырай бастайды. 
Фибронолиз плазманың фибринолизин ферментінің қатысуымен өтеді. Бұл процесстің 
биологиялық мәні қан тамыры саңылауын бұрынғы қалпына келтіру.
Антикоагулянттар. 
Қан плазмасында көптеген ұйытатын заттар болса да, сау адамның қан 
тамырында әдетте қан ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда оның ұюына жол 
бермейтін табиғи заттар – антикоагулянттар болады.
Табиғи антикоагулянттар: 
1)
бастапқы антикоагулянттар қатарына антитромбопластиндер І-ІІ-ІІІ-ІV факторлар және гепарин 
жатады. Гепарин қанның базофиль жасушасында, майлы дәнекер тінде түзіледі. Ол 
гемокоагуляцияның бірден 3 кезеңнің, плазмалық және тромбоциттік факторлардың белсенділігін 
тежейді, аз мөлшерде фибринолиз әсерін күшейтеді. Гепарин гиалуронидазаға әсер етіп, қанның 
капиллярлардан өтуін күшейтеді, антиген мен антидененің (антитела) қосылу реакциясына қарсы 
әрекет жасайды- ол 
ингибитор 
деп аталады. Ісіну, қабыну процесстерін бәсеңдетеді. Сондықтан 
да гепарин медицинада кеңінен қолданылады.
2)
қосымша антикоагулянттар. Бұл топтың қатарына антифибрин, Х, ХІ факторлар жатады.
Қан топтары. 
Прага университетінің профессоры Ян-Янский адам қанын 4 топқа бөлді. 
Эритроциттердің ішінен екі түрлі агглютиноген А,В тапқан, ал плазманың ішінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет