Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Teams

альфа 
мен 
бетта
агглютининдер болғаны байқалған. Сондықтан агглютиногендер А, В болмаса, олардың 
жоғын «О» мен белгілейді. АВ агглютиногендер жоқ «О», ал плазмада альфа, бетта 
агглютининдер бар қан І топқа жатады, ал А агглютиногені бар қанда агглютиннині бетта болады, 
мұндай қан ІІ топта жатады. ІІІ топқа қанда В агглютиноген, альфа агглютинин болады. Егер 
қанда А және В агглютиногендердің екеуі де болса, онда агглютинины болмайды. Ол қан ІV топқа 
жатады. Халықаралық келісім бойынша қан тобын белгілеуде оның агглютиногені жазылады да, 
содан соң агглютинин рим санымен қан тобы көрсетіледі. Қаны І топқа жататын адам әмбебап 
донор, ал қаны ІV топқа жататын адам әмбебап реципиент деп аталады. Ал донор қаны көп 
мөлшерде (3-4-5л) құйылатын болса реципиент эритроциттері донор плазмасында агглютининмен 
кездесіп желімденуі мүмкін. Бұл жағдайда тек топтас қан құйылады І топқа І топтың қаны, ІІ 
топқа ІІ топтың қаны ... 
Сонымен қазіргі кезде бір-біріне тек аттас топтардың қаны ғана құйылады. Қаны І топқа жататын 
адамдар көп-46 %, ІІ топқа -42%, ІІІ топқа- 9%, IV топқа - 3%. 
АВО жүйесінің агглютиногендерінен басқа адамдарда резус-факторы агглютиногені жиі кездеседі 
(85-86%) Қанның резус-факторын анықтаудың дәрігерлік жұмыста өте үлкен мәні бар, өйткені 
оны анықтамастан қан құюға болмайды. Адам қанында Rh –агглютиноген алғашқы рет макакус-
резус атты маймылдың қанынан табылған, сондықтан да оны Rh (резус) әрпімен белгілейді. 
Резусты донор қаны резусты қанға, ал резуссыз қан тек резуссыз қанға құйылады.


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қан жүйесінің қызметін реттеу.
Қандағы ыдыраған эритроциттер саны әрқашан жаңадан қанға 
келіп түскен эритроциттер санына сәйкес келуі тиіс. Бұл сәйкестік жүйке жүйесі және қан арқылы 
(гуморальдық заттар) реттеліп отырады. Симпатикалық жүйке қан жасушаларының түзілуін 
тездетеді, парасимпатикалық жүйке оны керісінше тежейді. Қан түзетін ағзалардың жағдайы 
өзгерсе, тиісті рецептор арқылы хабар бірден орталық жүйке жүйесіне жетеді. Ал одан шыққан 
серпіністер тиісті бұйрықтар арқылы қан түзілетін ағзаларға бағытталады. Рефлекстік реакцияға 
гипоталамус, гипофиз және ВЖЖ қатысады. Қан түзілу процесіне эндокриндік бездер де әсер 
етеді. Қан түзілуін гипофиз (СТГ, АКТГ) бүйрек үсті безі, қалқанша без гормондары 
шапшаңдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет