12 дәріс: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы
Жоспар:
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері
2. Қарым-қатынас психологиясы
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы
1. Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың түрлері.
Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін ӛтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс ӛмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, кӛзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, ӛзін-ӛзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады.
Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады.
Топтардың ӛзі шартты және нақты болып 2-ге бӛлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде ӛзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы ӛзара байланысқан, ӛздері белгілі бір кеңістікте, азды-кӛпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бӛлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан кӛп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде ӛзара қоян-қолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды.
Жанұя, ӛндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайын-туыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы ӛз сыныбының мүшесі, футбол камандасында және т.б. үйірме тобына мүше болуы мүше болуы мүмкін.
Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Нақты топ - адамдардың бір-бірімен ӛзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, ӛмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ ӛмір сүруі, мүшелерінің саны аз не кӛп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде ӛмір сүріп қызмет
істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |