Ќан жїйесі физиологиясы


Қанның химиялық қасиеттері



бет13/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Қанның химиялық қасиеттері. Құстар қанының әрекетшіл реакциясы белгілі бір деңгейде сақталғанда ғана өмір сүре алады. Cүтқоректі жануарларда рН шамамен –7,0-7,8, ал тауықтарда –7,42-7,56. Демек, қанға әлсіз сілтілік орта тән. Қанның сутектік көрсеткіштерінің шектен тыс қышқылдық жаққа ығысуы (ацидоз) немесе сілтілік жаққа ауытқуы (алкалоз) тіршілікті тоқтатады.

Қан рН-ының тұрақтылығын буферлік жүйе қамтамасыз етеді. Қан құрамында 4 түрлі буферлік жүйе болады.

1) карбонатты жүйе (Н2СО3 - NaHCO3);

2) фосфатты жүйе (NaH2PO4 - Na2HPO4);

3) белокты жүйе (плазма белоктары).

4) гемоглобин жүйесі (эритроциттердің буферлік қасиеті).

Буферлік жүйе қанға өткен көмір қышқылын, сүт және фосфор қышқылдары мен сілтілерді бейтараптап, рН деңгейінің күрт өзгеруіне жол бермейді.

Қанның әрекетшіл ортасының әлсіз сілтілік болуы оның құрамында сілтілік қордың (сілтілі қосылыстардың артық мөлшерінің) болуымен байланысты. Сілтілік қор деңгейі 100 мл қанмен байланысатын көмір қышқылының мөлшерімен анықталады. Оны газометриялық немесе титриметрлік әдістермен өлшейді. Алғашқы әдіспен анықталған тауық қаны плазмасының сілтілік қорының деңгейі – 54,1-64,5 %.

Сілтілік қор деңгейін анықтау арқылы физиологиялық процестің қарқындылығын аңғаруға болады. Тауықтардың физиологиялық күйіне байланысты қандағы сілтілік қор деңгейі ауытқып отырады. Жұмыртқалайтын тауықтарда жаз айларында ол – 300-550 мг % құрайды. Суда жүзетін құстарда, әсіресе үйректерде, сілтілік қор жоғарғы деңгейде қалыптасады, сондықтан су астында ұзақ жүзгенде қанға қышқыл өнімдерінің енуі рН-ты өзгертпейді.

Құстар қанының плазмасы әлсіз сарғыш түсті сұйық. Оның түсі қанда ксантофилл пигментінің болуына байланысты.

Плазманың 85 - 90 %-ын су және 10 - 15 %-ын құрғақ заттар құрайды. Құрғақ заттар құрамына белоктар, көмірсулар, майлар мен бейорганикалық тұздар енеді.

Плазма белоктары альбуминдер, глобулиндер және фибриногендер фракцияларына бөлінеді. Құрамында фибриногені жоқ плазма – қан сарысуы деп аталады.

Қан белоктарының маңызы алуан түрлі. Олар торша мен ұлпа арасындағы су алмасуда маңызды рөл атқаратын онкостық қысым түзеді; буферлік қасиетке ие болып, қанның қышқыл-сілтілік тепе-теңдігін сақтайды; артериялық қысымды тұрақтандыратын плазманың беткейлік керілісін түзеді, қанның ұюына қатысады.

Плазма белоктарының көп мөлшері бауырда түзіледі. Сондай-ақ, глобулиндер сүйек кемігінде, көкбауыр мен лимфа түйіндерінде де синтезделеді.

Қан плазмасындағы белок мөлшері құстардың түріне, жасына байланысты: тауықтардың ақ тұқымдарында ол – 4,09-4,64 %, күрке-тауықта – 3,95 %, кептерде – 2,3%. Леггорн тұқымдарының бір күндік балапандарында жалпы белок мөлшері – 3,6-4,0 % және ол өсу барысында жоғарылап, жұмырқалайтын жасқа жеткенде ең жоғары деңгейге жетеді.

Альбуминдердің глобулиндерге қатынасы (белоктық коэффициент) құстардың жасына және өнімділігіне байланысты өзгереді. Белоктық коэффициент жұмыртқалмайтын тауықтарда орташа есеппен 0,96 құраса, жұмыртқалайтын тауықтарда – 0,52 дейін төмендейді. Балапандардың өсуіне байланысты альбуминдер мөлшері біршама төмендейді, глобулиндер жоғарылайды. Тауықтарда плазма белоктарының мөлшері жұмыртқалау алдында жоғарылайды.

Қан плазмасының құрамында несепнәр (мочевина), несеп қышқылы, аммиак, креатин, креатинин сияқты жалпы «қалдық азот» деген атпен белгілі белокқа жатпайтын өнімдер болады. Құс қанындағы «қалдық азот» мөлшері – 44 мг %.

Құс қаны плазмасында азотсыз органикалық заттар: көмірсулар, майлар және олардың алмасу өнімдері де кездеседі.

Көмірсулар қанда гликоген және глюкоза түрінде болады. Сүт қоректі жануарлармен салыстырғанда құстар қанында глюкоза 1,5-2 есе көп. Оның мөлшері тауықта – 130-260 мг%, қаз бен үйректе – 150-180 мг %; күркетауықта – 170-210 мг %. Тауықтар жасының өсуіне байланысты қандағы глюкозаның деңгейі төмендейді. 30 күндік балапанда оның деңгейі – 130-160 мг %, 70 күндік балапанда – 150-300 мг %; 150 күндік мекиендерде – 165-175 мг % құрайды.

Құс қанында көмірсулардың алмасу өнімдері - сүт, пирожүзім, сірке қышқылы сияқты өнімдер де кездеседі.

Плазмада май өнімдері бейтарап май, май қышқылдары, фосфатидтер, холестерин және оның эфирі түрінде кездеседі. Бейтарап май деңгейі 0,1-0,15 %-дан аспайды. Липидтердің мөлшері әтештер мен жұмыртқаламайтын тауықтардан гөрі жұмыртқалайтын тауықтарда көп болады.

Ересек құс қанында холестерин салыстырмалы тұрақты деңгейде (жұмыртқалайтын тауықтарда 135 – 200 мг %) болады. Алайда балапандардың өсуіне байланысты қан сарысуындағы холестериннің мөлшері өзгереді: тәуліктік балапандарда ол жоғары деңгейде (455-467 мг %) болса, 150- ші күнде –105-125 мг % -ға дейін төмендейді.

Сүт қоректі жануарлармен салыстырғанда жұмыртқалайтын тауықтарда кальций мөлшері айтарлықтай жоғары. Жұмыртқалайтын тауық қанының плазмасында оның орташа деңгейі – 20-26 мг %, жұмыртқаламайтын тауықтарда – 9-12 мг % болады. Кальцийдің негізгі бөлігі (10-12 %) плазма, аздаған бөлігі эритроциттер құрамында кездеседі. Олар торша мембранасынан өту қасиеттеріне қарай өтімді (диффундалатын) және өтімсіз (диффундалмайтын) болып жіктеледі. Олардың ара қатынасы тиісінше 60-65 % және 35-40 % құрайды. Өтімді кальцийдің көп бөлігі иондалған жағдайда (Са++), ал аз бөлігі (15 %) бикарбонаттар, цитраттар және фосфаттармен байланыс түрінде болады. Ионданған кальций плазма мен ұлпа сұйығында тұрақты деңгейде сақталады.

Өтімсіз кальций альбуминдермен және глобулиндермен байланысады. Оның қан плазмасындағы мөлшері белоктардың, әсіресе альбуминдердің деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін. Қандағы кальцийдің деңгейі құстардың жасына, өнімділігіне және осы элементтің рациондағы мөлшеріне байланысты. Овуляция барысында оның деңгейі 35 %-ға дейін жоғарылауы мүмкін. Жұмыртқалағаннан соң тауықтар қанындағы кальций мөлшері 12-15 %-ға дейін төмендейді. Жұмыртқаламайтын жас мекиендер қанында кальций мөлшері 12 мг % -дан аспайды да, жұмыртқалағанға дейін ол өтімсіз кальций есебінен біртіндеп жоғарылап отырады. Балапандар қанында кальций мөлшері көп ауытқуға ұшырамайды.

Құс қанында фосфор органикалық және бейорганикалық байланыс түрінде кездеседі. Олардың ара қатынасы 8:1 - 10:1 құрайды. Сонымен қатар құстар эритроциттерінің ядросында АТФ пен фитин қышқылды фосфор кездеседі.

Бейорганикалық фосфор плазма құрамында негізінен иондалған жағдайда болады. Оның қан сарысуындағы мөлшері едәуір ауытқып отырады. Жұмыртқалау кезеңінің алдында және жұмыртқалау кезінде қандағы фосфор деңгейі жоғарылайды. Түлер алдында қандағы фосфор деңгейі күрт төмендейді.

5-90 күндік тауық балапандарының қан плазмасында жалпы фосфор мөлшері – 10,8-11,03 мг% (оның ішінде бейорганикалық фосфор үлесі 7-8 мг%, ересек тауық, үйрек, күркетауық және қаз қанында оның деңгейі – 75-80 мг% құрайды.

Сондай-ақ, құстардың қанында Na+, К+ катиондары мен Cl- анионы кездеседі. Олардың қандағы концентрациясының деңгейі сүт қоректі жануарлардан ерекшеленбейді. Na және Cl иондарының көп мөлшері плазмада, ал К эритроциттерде жинақталады.

Na мен К бикарбонатты және фосфатты буферлік жүйе құрамына еніп, қанның қышқыл-сілтілік тепе-теңдігін сақтауға қатысады. Осмостық белсенділік танытатын NaCl –дың артық мөлшері бүйрек арқылы шығарылады. Алайда құстарда сүт қоректілермен салыстырғанда Na+ бүйрек арқылы баяу шығарылады. Сондықтан, организмде тұз көбейгенде Na концентрациясы жылдам жоғарылайды да, тыныс алу процесі бұзылып, қан қысымы төмендейді, дене дірілі байқалады. Тұзбен уланған тауықтар, көбінесе, бірнеше минут ішінде өледі.

Әтештер мен жұмыртқаламайтын тауықтар қанының плазмасында магний мөлшері 2,6-2,8 мг % аралығында болады. Құстар қанында ол иондалған және белоктармен байланысқан түрде кездеседі. Сүт қоректілермен салыстырғанда құстар қанының плазмасына магний деңгейі төмен (2,4-2,75 мг% аралығында), ал эритроциттер құрамында - жоғары (5,8-6,7 мг%) болады. Өнім беретін тауықтар қанында белоктармен байланысқан Mg мөлшері 55-70%-ға дейін жоғарылап, қан плазмасындағы жалпы Mg мөлшері 4-5 мг%-ды құрайды.

Құс қанының плазмасында белоктар, көмірсулар, майлар мен минералды заттардың алмасуына қатысатын көптеген ферменттер (трансаминаза, гексокиназа, амилаза, бутириназа, сілтілі және қышқылды фосфатаза) болады. Осы ферменттер деңгейі тиісті заттардың алмасу қарқынының көрсеткіші ретінде қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет