Ќан жїйесі физиологиясы


Лейкоциттер және олардың қызметі



бет15/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Лейкоциттер және олардың қызметі. Лейкоциттер, немесе қанның ақ түйіршіктері, морфологиялық және функциональдық тұрғыдан эритроциттерден едәуір ерекшеленетін қан торшалары. Сүт қоректілермен салыстырғанда құс қанында олардың саны айтарлықтай көп болады (қанның1 мм3 16–35 мың).

Лейкоциттердің негізгі қызметі – организмнің қорғаныстық қабылетін және қалпына келтіру процестерін қамтамасыз ету. Олар қорғағыш денелер түзуге, белок тектес уытты заттарды залалсыздандыруға, микроорганизмдерді жоюға (фагоцитоздеуге) қатысады.

Лейкоциттер түйіршікті (гранулоциттер) және түйіршіксіз (агронулоциттер) болып 2 топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофильдер жатса, лимфоциттер мен моноциттер түйіршіксіз лейкоциттерге жатады.

Жоғарыда аталған торшалардан басқа құс қанында Тюрк торшалары (гистиоциттер) кездеседі.

Лейкоциттер саны әр түрлі факторлардың әсерінен ауытқып отырады. Лейкоциттер санының көбеюін лейкоцитоз, азаюын – лейкопения дейді. Лейкоцитоз патологиялық және физиологиялық болып жіктеледі. Инфекциялық аурулар мен қан аурулары (лейкоз) кезінде лейкоциттер санының көбеюін патологиялық лейкоцитоз дейді. Физиологиялық лейкоцитоз ас қорыту, дене жұмысы, эмоциялық қозу жағдайында байқалады. Лейкопения – қан түзуші мүшелер қызметінің бұзылуы салдарынан туындайды.

Лейкоциттердің жеке түрлерінің қызметі. Нейтрофильдер құс қанындағы жалпы лейкоциттердің 30-35%-ын құрайды. Олар капиллярлар қабырғасы арқылы өтіп, микробтар жиналған жерге қарай белсенді жылжи алады. Нейтрофильдерге оң хемотаксис қабілеті тән. Лейкоцит цитоплазмасының құрамында түрлі органикалық заттарды ыдырататын ферменттер кездеседі. Сондықтан, олар организмге енген бөгде заттарды тез тауып, қоршайды да, қарбып алып, цитоплазмада қорытып жібереді (фагоцитоз құбылысы). Нейтрофильдер немесе микрофагтар тек тірі және өлі бактерияларды ғана емес, сондай-ақ қызметін тоқтатқан торшаларды да жойып отырады. Фагоцитоз жүргізу қабілеті моноциттерге (макрофагтар) де тән. Олар организмде қабыну процесі өршіп, орта қышқылданған жағдайда белсенділік танытады. Қабыну процесі асқынған жағдайда ортаның қышқылдануына байланысты нейтрофильдердің әрекеті тиылып, оларға тән қызметті макрофагтар – моноциттер атқарады.

Базофильдер қабыну процесі аяқталар шақта зақымданған ұлпаларды қайта қалпына келтіруде белсенділік көрсетеді. Олар бөлетін өнімдер қабыну өнімдерін жоюға, жарақаттарды жазуға ықпал етеді. Зақымданған ұлпаны қалпына келтіру процесіде лимфоциттер де белсенді рөл атқарады, себебі оларға ұлпалық гистиоциттер мен дәнекер ұлпаның фибробластарына айналу қасиеті тән.

Эозинофильдер қанға өткен бөгде белоктарды ыдыратады, түрлі белок тектес токсиндерді залалсыздандырады. Олардың саны инвазиялық аурулар кезінде көбейе түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет