Ќан жїйесі физиологиясы


Қан түйіршіктері. Эритроциттер



бет14/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Қан түйіршіктері. Эритроциттер. Құс эритроциттері сүт қоректілер торшаларымен салыстырғанда әлдеқайда ірірек әрі сопақша пішінді ядросы бар қан торшалары. Демек, олардың төсемік тұлғасы, ядросы және қабығы (мембранасы) болады. Эритроциттердің төсемік тұлғасы құрамында шамамен 60% су және 40% құрғақ зат болатын тұтқыр коллоидты массадан тұрады. Құрғақ заттың негізгі бөлігін гемоглобин, ал қалған бөлігін басқа белоктар, липидтер, глюкоза мен минералды заттар құрайды.

Қанның 1мм3-де тауықтар мен үйректе орташа есеппен – 3,6, қазда – 3,3, күркетауықта – 2,7 млн эритроциттер болады. Балапандарда эритроциттердің саны олардың өсуі барысында өзгеріп отырады да, 3-4 айлық жасында ересек құстардағы деңгейге жетеді. Эритроциттердің саны аталықтарда аналықтармен салыстырғанда біршама жоғары.

Эритроциттердің саны жыл мезгіліне қарай да өзгереді. Күзгі-қысқы маусыммен салыстырғанда, жаз-көктем айларында олардың саны жоғарылайды.

Эритроциттердің негізгі қызметі - оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау. Олардың аталған тыныстық қызметі құрамында гемоглобиннің болуының нәтижесінде атқарылады.

Эритроциттердің құрамындағы карбоангидраза ферменті көмір қышқылын көмір қышқыл газы мен суға ыдырататын қайтымды реакцияны (Н2СО3 ↔ СО2 2О) катализдейді. Карбоангидраза ұлпаларда да кездеседі. Қарынның кілегейлі қабығында бұл фермент Н+ және НСО-3 иондарының бөлінуін қамтамасыз етіп, тұз қышқылын түзуге қатысады. Қандағы Cl- ионы қарындағы НСО-3 ионымен өзара ауысып, Н+ ионымен қосылады да, НСl түзеді. Карбоангидраза құстардың жұмыртқалық жолында жұмыртқа қауызын түзуге қатысады.

Жоғарыда баяндалған процестермен қатар эритроциттер плазмадан амин қышқылдарын, дәрмендәрілерді (витаминдерді), гормондар мен өзге де биологиялық белсенді заттарды тұтып (адсорбциялап), оны қан арқылы бүкіл организмге таратады.



Гемоглобин күрделі белок – хромопротеидтер тобына жатады. Ол глобин белогы мен 4 молекулалы гемнен тұрады. Гемоглобиннің шамамен 96%-ын глобин белогы, 4 %-ын гем құрайды. Гем молекуласында оттегіні қосып алып және босатып отыратын екі валентті темір атомы болады. Гем белсенді топ, ол гемоглобинге әр түрлі газдармен байланысқыштық қасиет береді, ал глобин - гемнің белоктық сақтаушысы.

Құрамында темір атомы болуына байланысты гемоглобин түрлі газдармен қосылыс түзеді. Оттегімен қосылған гемоглобин оксигемоглобин (НbО2), ал көмірқышқыл газымен байланысқан гемоглобин - карбогемоглобин (НbСО2) деп аталады. Гемоглобин оттегімен (О2) оңай қосылып, оңай айырылады. Оттегінен ажыраған оксигемоглобинді қалыптасқан (қалпына келген) гемоглобин дейді. Оксигемоглобин артерия қанында, ал қалыптасқан гемоглобин - вена қанында көбірек болады.

Гемоглобин басқа газдармен де байланыстар түзуі мүмкін. Мысалы, ол көмір тотығымен (иіс газымен) қосылып, берік қосылыс – карбоксигемоглобин (НbСО) түзеді. Бұл оксигемоглобиннен 150-300 есе берік қосылыс. Гемоглобинге әр түрлі күшті тотықтырғыш химиялық заттар (фенацетин, калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы т.б.) әсер етсе, оттегі атомының гемоглобинмен берік қосылысы – метгемоглобин (НbО) түзіледі. Бұл қосылыста гемоглобин молекуласындағы 2 валентті темір 3 валентті күйге көшеді. Қанда метгемоглобин мөлшері артса, оттегі ұлпаларға берілмейді де, зат алмасу процесі бұзылып, организм уланады.

Қандағы гемоглобин мөлшері құстың түріне, жасына, тұқымдық ерекшеліктеріне тағы басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Ересек тауықтарда гемоглобин мөлшері –12,5-16,62 %, үйректе –13,4-16,72 %, қазда – 15-16,6 %, күркетауықта –13,3-16,62 %, 10 күнге дейінгі балапандарда – 6,7 %, 21 күндік балапандарда – 9,1-9,3 %, 42 күндік балапандарда – 9,6-9,7 %, 84 күндік балапандарда – 9,7-10,1 г %.

Сүт қоректі жануарларда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін байланыстырса, құстарда ол 1,4-1,41 мл оттегін байланыстырады.

Эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері құс организмнің физиологиялық күйі мен ондағы зат алмасу қарқынының деңгейін көрсететін маңызды гематологиялық көрсеткіштер болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет