Ќан жїйесі физиологиясы


Зат алмасуды зерттеу әдістері



бет39/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   128
Зат алмасуды зерттеу әдістері. Зат алмасуды зерттеуде мына әдістер қолданылады:

Заттардың теңдестігін (балансын) анықтайтын әдіс. Бұл әдіс арқылы белгілі бір заттың (белок, көмірсу, май т.б.) ас қорыту жолы арқылы организмге түскен мөлшері мен саңғырық арқылы сыртқа бөлінген мөлшері анықталады. Олардың айырмасына қарай заттың организм сіңіген мөлшері есептеледі.

Ангиостомия( тамыр көбектеу) әдісі. Бұл әдісті Е.С.Лондон ұсынған. Ішкі органдардың артерия және вена тамырларына көбек (фистула) қойып, оларды сыртқа шығарады. Осы көбек арқылы кез келген уақытта қан сынамасын алады. Мүшеге келген және шыққан қанының құрамын салыстыру арқылы ондағы зат алмасу сипатын анықтайды.

Мүшені оқшаулау әдісі. Мүшені немесе ұлпаны организмнен бөлектеп алып, арнаулы қоректік ортаға орналастырады. Көзделген мақсатқа сәйкес олардан қан немесе физиологиялық ерітінді өткізеді. Зат алмасудың мәнін ұлпа мен мүше орналасқан сұйықтықтың немесе олардан өткізілген қан мен ерітіндінің құрамындағы айырмашылық арқылы біледі.

Таңбаланған атомдар әдісі. Бұл әдісті қолданғанда организмге түскен заттардың жеке құрамаларын (элементтерін) радиоактивті изотоппен алмастырады. Радиоактивтілікті бақылайтын құралдар көмегімен таңбаланған заттардың қайда кеткенін, қандай өзгерістерге ұшырағанын, олардан не және қанша мөлшерде пайда болғанын және зерттелетін заттың балансын анықтайды.

Организмдегі судың жалпы мөлшерін несепнәр (мочевина) егу арқылы анықтайды, себебі ол организмге енгізілгеннен кейін тек плазмада ғана емес, сонымен қатар торшааралық заттарда, торшаның ішінде бірдей деңгейде таралады.

Торшадан тыс жиналған судың мөлшерін анықтау үшін қанға торша ішіне өте алмайтын зат - инулин егіледі. Плазмадағы судың мөлшерін анықтау үшін қанға тамыр арқылы конгорот бояуы егіледі. Ол плазма белоктарымен байланысып, қанда ұзақ уақыт бойына сақталады.

Организмдегі су мен оның фракцияларының мөлшерін мына формула арқылы есептейді:

V= Q:C;

Мұндағы, V – анықталатын су көлемі;

Q – организмге енгізілген оңай еритін заттың мөлшері;

С – зерттелетін судағы енгізілген заттың концентрациясы;


Торша ішіндегі судың мөлшерін анықтау үшін организмде анықталған судың жалпы мөлшерінен торшадан тыс орналасқан судың мөлшерін алып тастайды, ал торшааралық кеңістіктегі (интерстициалды) судың мөлшерін анықтау үшін торша сыртындағы су мөлшерінен қан плазмасы суының мөлшерін алып тастайды.

Жоғарыдағы аталған әдістермен қатар зат алмасуды зерттеу мақсатында түрлі гистологиялық, биохимиялық және биологиялық әдістер де қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет