Ќан жїйесі физиологиясы


Қоректік заттардың сіңірілуі



бет36/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Қоректік заттардың сіңірілуі. Ас қорыту жолында сөл бөлу, қимылдау, органикалық заттарды ыдырату процестерімен қатар түрлі қоректік заттарды – ас қорыту өнімдерін, қан және лимфаға өткізу – сіңіру, процесі жүреді. Сіңіру немесе резорбция нәтижесінде белок, май және көмірсулардың ыдырау өнімдері, дәрмендәрілер, макро- және микроэлементтер, су және басқа қосылыстар ас қорыту ағзалары қабырғасындағы торшалар мембраналары арқылы қан мен лимфаға өтеді. Одан әрі олар организмге тарап, зат алмасу процестеріне қосылады.

Сіңірілу (сорылу) барысында қоректік заттар бірнеше мембранадан – ас қорыту жолының кілегейлі қабығын эпителийі мембранасынан, қан және лимфа тамырлары эндотелийінен, өтеді. Бұл күрделі процесс бірнеше механизмдер: сүзу (фильтрация), диффузия (енжар, ықпалды тасымалдау), осмос және белсенді (ырықсыз) тасымалдау қамтамасыз етеді. Бұл процесте торша мембранасының бір бағытта (талғамды) өткізгіштік қасиеті де маңызды рөл атқарады. Торша мембранасы нағыз ерітінділерді жақсы, ал коллоидтарды нашар өткізеді. Кейбір заттар мембрана арқылы емес, торшааралық қуыстар арқылы да өтіп кетеді.

Сүзілу процесі мен диффузия ішек қуысында гидростатикалық қысым көтерілгенде орын алады. Мысалы, ішек қуысында қысым сынап бағанасымен 8-10 мм көтерілсе, ас тұзы ерітіндісінің сіңірілуі 2 есе жылдамдайды, бірақ қысымды 80-100 мм көтерсе, ерітіндінің сорылу жылдамдығы микробүрлер мен ішек қабырғасындағы қан тамырларының қысылып қалуымен байланысты күрт төмендейді. Осмос заңына сәйкес ішек қуысынан гипотониялық ерітінділерден су сіңіріледі. Дегенмен, кейбір процестерді, мысалы, талғамды сіңірілу құбылысын, тек диффузия мен осмос тұрғысынан түсіндіруге болмайды. Сондықтан қазіргі кезде ішек эпителийі жартылай өткізгіш мембрана ретінде ғана қабылданбай, сонымен қатар қоректік заттарды ішек қуысынан қан мен лимфаға белсенді түрде тасымалдайтын құрылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде эпителиалды торшаларда түрлі субстраттарды (амин қышқылдарын, қанттарды т.б.) сыртқы беткейлік мембранадан базальды мембранаға тасымалдауды қамтамасыз ететін арнайы транспорттық жүйенің болатыны дәлелденген. Торша арқылы заттар ерекше белок-тасымалдағыштар көмегімен тасымалданады. Олар АТФ энергиясын пайдаланады.

Мембрана беткейінде тұтылған (адсорбцияланған) қоректік заттар бөлшектері сіңіруші торшаларға қарбу (пиноцитоз) жолымен де енуі мүмкін. Пиноцитоз жолымен ішек эпителийінен майдың ұсақ тамшылары, түрлі бөгде заттар сіңіріледі.

Сіңіру процесін ішек бүрлерінің қимылдары да жандандырады. Бүрлер жиырылған кезде олардың қуысындағы лимфа тамырлары сығылады да, бүрлер босаңсығанда осы тамырлар керіліп, ішек қуысындағы заттардың бүр ішіне сорылуына жағдай туғызылады. Бүрлердің қимылы мейснер өрмелерімен реттеледі. Ішек бүрлерінің жиырылуын белоктың ыдырау өнімдері (пептидтер, аланин, лейцин), глюкоза, сығынды заттар, өт қышқылы күшейтеді. Ішек бүрлерінің қимылын жіңішке ішектің кілегейлі қабығында түзілетін вилликинин гормон да күшейтеді. Ішектің толқынды қимылы ішек қуысындағы қысымды жоғарылатады да, сіңіру процесін жандандырады.

Сорылу (сіңіру) процесі рефлекстік және гуморальды жолмен реттеледі. Гипоталамусты тітіркендірсе ащы ішектегі сорылу процесі өзгеріске ұшырайды. Қоректік заттардың сорылу қарқынына гормондар да әсер етеді. Бүйрек үсті безін алып тастаған соң көмірсулар мен липидтердің сіңірілуі нашарлайды. Қалқанша бездің гормоны тироксин глюкозаның сіңірілуін жоғарылатады. Инсулин де осындай әсер етеді. Гипофиздің артқы бөлімінен бөлінетін питуитрин глюкозаның сіңірілуін төмендетеді.

Құстарда да қоректік заттар негізінен ащы ішекте сіңіріледі. Азотты заттардың ыдырау өнімдері амин қышқылдар түрінде сорылады. Жеке амин қышқылдарының сіңірілу қарқыны олардың молекулалық массасына тәуелді болмайды. Дегенмен жеке амин қышқылдарының сіңірілуінде бәсекелестік байқалады. Метионин лейцин, фенилаланин және глутамин қышқылының сіңірілуін тежейді. Керісінше, фенилаланин мен лейцин метиониннің сіңірілуіне болмашы ғана кедергі болады, ал глутамин қышқылы ешқандай әсер етпейді. Бұл құбылыс әртүрлі амин қышқылдарының ортақ тасымалдаушы болатынымен түсіндіріледі.

Көмірсулар ішектен моно- және дисахаридтер түрінде сіңіріледі. Айта кетер жайт, глюкоза мен галактоза фруктоза мен маннозаға қарағанда жылдам сіңіріледі.



Майлардың сіңірілуі. Ішек қуысында липаза ферментінің әсерімен майлар глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Майдың ыдырау өнімдері негізінен ащы ішекте сіңіріледі. Глицерин суда жақсы ериді, сондықтан оңай сіңіріледі. Май қышқылдары өт қышқылдарымен, калиймен, натриймен байланысып, суда еритін қосылыс түзгеннен кейін ғана сіңіріледі. Майдың мардымсыз мөлшері эмульсия түрінде сіңіріледі. Ішек эпителийінің цитоплазмасында май қышқылдары өт қышқылынан ажырап, бейтарап май молекуласы немесе фосфолипидтер түзіледі. Сіңірілу процесі барысында босанған май қышқылдары басқа май қышқылдарының сіңірілуін күшейтеді. Мысалы, қанықпаған май қышқылдары балапандардың ащы ішегінде қаныққан пальмитин және стеарин қышқылдарының сіңірілу жылдамдығын арттырады.

Құстарда судың сіңірілу процесі ащы ішекте де, тоқ ішекте де орын алады. Қан мен ұлпалардағы осмостық қысымның айырмасына байланысты ішекте азықпен, ауыз сумен қабылдаған судың 30-50% сіңіріледі. Құстарда судың қарын – бөтегелік айналымы болатыны анықталған. Осының нәтижесінде ішектен сорылған су қаннан бөтегеге бөлінеді де, оның қуысындағы азықтың бөрітуіне қажет жағдай туғызады.

Минералды заттар ащы ішекте сіңіріледі. Минералды заттардың сіңіруде бөтеге, қарын және тоқ ішектің рөлі шамалы. Химустан натрий, калий және хлор тұздары талғамды түрде сіңіріледі және олардың сорылу жылдамдығы организм мұқтаждығына қарай өзгеріп отырады. Хлорлы натрий тауық, үйрек, күрке тауық балапандры ішегінде жеңіл сіңіріледі. Бұл тұздың көп мөлшерде берілуінен балапандардың өсуі тежеліп, организм тұздан улананады.

Кальцийдің сіңірілу қарқыны оның қан құрамындағы деңгейіне, ішекте түзген қосылысының сипатына, сонымен қатар ішекте өт пен Д3 дәрмендәрісінің болуына байланысты болады. Рахит дертіне шалдыққан тауықтарда кальцийдің сіңірілуі күрт төмендейді. Рационда Д дәрмендәрісінің жетіспеуінен кальцийдің сіңірілуі нашарлайды. Хлорлы кальций кальцийдің басқа тұздарына қарағанда жақсы сіңіріледі. Рационда фосфор мөлшерінің жоғарылауы кальцийдің сіңірілуін тежейді. Кальцийдің сіңірілуі құстың жасы мен физиологиялық күйіне байланысты. 4 айлық балапандарда азықпен қабылданатын кальцийдің 25%, ал 12 айлық жұмыртқалайтын тауықтарда – 50-60% сіңіріледі. 14 айлық тауықтарда түлеу кезеңінде азықпен қабылданған кальцийдің 32 % сіңіріледі. Фосфордың сіңірілуі оның кальциймен ара қатынасына және құс организмінің бұл элементке сұранысына байланысты өзгеріп отырады.



Дәрмендәрілердің (витаминдердің) сіңірілуі. А дәрмендәрісі жіңішке ішекте сіңіріледі. Балапандар ішегінен бұл дәрмендәрі қарқынды сіңіріледі. Балапандарға дәрмендәріні азыққа араластырып берген соң ол 1-1,5 сағаттан соң қан құрамында анықталады, ал жұмыртқалайтын ересек тауықтарда бұл көрсеткіш 12 сағатты құрайды. Құс ішегінде А дәрмендәрісі эфирлену және ыдырау процесіне ұшырайды да, ішектің кілегейлі қабығының эпителийінде ол эфирлі қосылыс түрінде кездеседі.

Каротиндер май қосылыстарынан ажырап, химуста ерігеннен кейін сіңіріледі. Өт қышқылдары β – каротин суспензиясының сіңірілуін күшейтеді. Организм А дәрмендәрісімен толық қамтамасыз етілген болса, каротиндердің сіңірілуі нашарлайды.

В1 дәрмендәрісінің сіңірілу қарқыны организмнің қажеттілігіне және оның азық құрамындағы мөлшеріне байланысты болады. Бұл дәрмендәрі ащы ішектің алдыңғы бөлімдерінде жақсы сіңіріледі. Азыққа антибиотиктер қосса, балапандарда тиаминнің сіңірілуі жоғарылайды.

Е дәрмендәрісі балапандарда ащы ішекте өттің қатысуымен сіңіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет