Ќан жїйесі физиологиясы


Энергия алмасуын зерттеу әдістері



бет52/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Энергия алмасуын зерттеу әдістері. Жоғарыда қабылданған азық құрамын анықтау арқылы организмге түсетін энергияны оңай табуға болатынын атап өттік. Ал организм шығындайтын энергия мөлшерін табу қиынырақ. Егер организм қабылдаған органикалық заттар толығымен ақырғы өнімдерге дейін ыдырап кетсе, онда энергия шығынын энергия кірісімен бірдей мөлшерде деп алуға болар еді. Бірақ белоктың ыдырауы барысында шала тотыққан алмасу өнімдері көп мөлшерде түзіледі. Осы себепті организмдегі энергия шығынын басқаша зерттеп табу керек.

Зат алмасу процесі кезінде босанған энергия организмнен жылу түрінде бөлінеді, сондықтан организмдегі жылу алмасуына қарап энергия алмасуын анықтауға болады. Бұл үшін негізінен екі түрлі әдіс қолданылады: тікелей колориметрия және жанама колориметрия.



Тікелей колориметрия - организмнен сыртқа бөлінетін жылуды өз бойына сіңіріп алуға арналған күрделі аппарат - колориметриялық камера қолдануға негізделген әдіс (7-сурет). Зерттелетін организм камераның ішіне орналастырылады. Камераның қабырғасы жылу өткізбейтін материалдармен қапталады да, оның төбесінде су жүретін калориферлік құбырлар өтеді. Осы су жылу сіңіргіш рөлін атқарады. Тәжірибе кезінде камераға келген және одан ағып шыққан судың температурасы мен жалпы массасы өлшенеді. Арнаулы термометр арқылы камераның ішкі бетінің температурасын анықтап, оның сыртқы бетінің жылуын сол деңгейде ұстайды. Калориферлік түтікшелерден өткен судың массасын, бастапқы және соңғы температурасын, камера ішіндегі ортаның бастапқы және тәжірибе соңындағы температурасын білу арқылы организмнен бөлінген жылу мөлшерін есептеп табуға болады.

7-сурет. Этуотер-Бенедикт колориметрінің схемасы:

1,2 - термометрлер; 3 - суды жинап өлшеуге арналған бак; 4- азық беріп, мал бөлген заттарды шығаратын терезе; 5 - малды бақылайтын терезе; 6 - желдеткіш; 7,9 - суды сіңіру үшін күкірт қышқылы құйылған бактар; 8 - көмір қышқыл газын сіңіретін қондырғы; 10 – камерадағы қысымды тұрақты деңгейде ұстауға арналған құрал; 11 - газ сағаты; 12 - оттегімен толтырылған баллон.

Аталған колориметриялық камералардың көптеген кемшіліктері бар және бұл әдіс өте күрделі. Сол себепті практика жағдайында көбінесе басқа - жанама колориметрия әдісі қолданылады.



Жанама колориметрия әдісі бойынша организмнің энергия шығыны ол қабылдаған оттегі мен бөлген көмір қышқылы газы мөлшеріне қарай анықталады. Оның себебі организмдегі энергия көзі - онда жүретін тотығу процестері. Тотығу кезінде органикалық заттардың құрамындағы оттегі пайдаланылып, көмір қышқыл газы босап шығады. Демек, газ алмасуды зерттеу арқылы организмнің энергия шығынын табуға болады. Ол үшін белгілі бір уақыт ішінде организм сіңірген оттегі мен бөліп шығарған көмір қышқыл газдың мөлшерін білу керек. Организм 1 л оттегі қабылдағанда, немесе 1 л көмір қышқыл газын бөлгенде белгілі мөлшерде жылу түзіледі, оны оттегінің немесе көмір қышқыл газының калориялық коэффициенті деп атайды. Ал организм сіңірген оттегі мен ол бөлген көмір қышқыл газының мөлшерін анықтау үшін арнаулы респирациялық камералар қолданылады. Олардың алғашқы модельдерін 1886 жылы орыс оқымыстылары В.В.Пашутин мен М. Н. Шатерников жасаған (8-сурет).



8-сурет. Тұйық айналымды респирациялық аппарат схемасы:



  1. камера; 2 - сорап; 3 - су мен газдарды сіңіргіш; 4 - қақпақша; 5- оттегі беретін қондырғы.

Осылай организмдегі газ алмасуды зерттеп, оның энергия шығынын анықтауға болады. Бір ескерер жайт, газдардың калориялық коэффициенті организмде тотыққан органикалық заттардың табиғатына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, белок тотыққанда организм сіңірген оттегінің әр литріне 4,8 ккал энергия, май тотыққанда - 4,7 ккал, ал көмірсулар тотыққанда - 5,05 ккал энергия бөлінеді. Демек, организмнің энергия шығынын анықтау үшін денеде тотыққан заттың табиғатын білу керек. Оны тыныс коэффициенті (ТК) арқылы анықтайды.



Тыныс коэффициенті деп организмнен бөлінген көмір қышқыл газының ол сіңірген оттегіге көлемдік қатынасын (VСО2: :VО2) айтады. Организмде көмірсулар тотыққанда тыныс коэффициенті 1-ге, белок тотықса- 0,8-ге, май тотықса- 0,7-ге тең болады.

Көмірсулар тотыққанда организм қанша оттегі сіңірсе, сонша мөлшерде көмір қышқыл газын бөледі, сондықтан тыныс коэффициенті 1-ге тең, болады. Оны мына формуламен көрсетуге болады:

С6Н12О6= 6 СО2+ 6 О2 , демек, 6 СО2: 6 О2 =1, осыдан ТК=1

Майлардың құрамында молекулалық оттегі аз болады, сол себепті организм сіңірген оттегі тек көміртегі молекуласын ғана емес, сонымен қатар сутегіні тотықтыру үшін де жұмсалады. Сондықтан қабылданған оттегінің мөлшері организмнен бөлінген көмір қышқыл газдың мөлшерінен артық болады. Мысалы,

2 С51Н98О6 +145 О2 = 102 СО2 + 98 Н2О

немесе ТК = 102 СО2 : 145 О2 = 0,7

Белок тотыққан кезде тыныс коэффициентін анықтау жолы күрделірек, себебі бұл процесте ыдырау өнімі ретінде тек су мен көмір қышқыл газы ғана бөлініп қоймай, бойына біршама энергия сақтайтын кейбір аралық өнімдер (несепнәр т.б.) түзіледі.

4 кесте - Тыныс коэффициентінің мағынасына сәйкес газдардың калориялық коэффициентінің өзгеруі



Калориялық коэффицент

Тыныс коэффиценті

0,7


0,75

0,8

0,85

0,90

0,95

1,0

1 л оттегіні сіңіргенде,кДж

1 л көмір қышқыл газын бөлгенде, кДж


19,623
28,032


19,845
26,461


20,105
25,130


20,364
23,957


20,620
22,910


20,875
21,133


21,135
21,972


Аралас азықпен қоректенген жағдайда (малда) тыныс коэффициенті 0,7-1 аралығында, көбіне 1-ге жақын, ал жыртқыш аңдарда - 0,75 шамасында қалыптасады. Организмде көмірсулардың майға айналу процесі жүрсе, тыныс коэффициенті 1-ден артып кетеді. Оның себебі көмірсулар құрамында маймен салыстырғанда оттегі көп, сондықтан майларды түзуден артылған оттегі тотығу процесінде пайдаланылады да, ауадан сіңірілетін оттегі мөлшері азаяды, организмнен бөлінген көмір қышқыл газының мөлшері қабылданған оттегіден артып кетеді.

Ашығу кезінде, организмде майдың көмірсуға айналу процесі жүреді де, тыныс коэффициенті 0,7-ден төмендеп кетеді. Бұл жағдайда ауадан сіңірілген оттегі тек майларды тотықтыру үшін ғана емес, көмірсулар молекуласын түзу үшін де жаратылады. Осы себепті ауадан оттегі көп мөлшерде қабылданады.

Сонымен, организмнің энергия шығынын жанама жолмен анықтау үшін алдымен тыныс коэффициентін есептеп шығарады да, арнаулы кестеден сол коэффициентке сай оттегінің немесе көмір қышқыл газының калориялық коэффициентін табады. Осы санды организм қабылдаған оттегі немесе бөлген көмір қышқыл газы мөлшеріне көбейту арқылы белгілі бір уақыт ішіндегі энергия шығынын анықтайды.

Организмде қалыпты жағдайда жүретін күрделі биохимиялық процестер жиынтығын жалпы зат алмасу деп атайды. Ол көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты өзгеріп отырады.

Организмдегі маңызды физиологиялық процестер (органикалық заттардың түзілуі, тыныс алу, қан айналым, ет тонусы, дене жылуын сақтау т.б.) мен тіршіліктік мәні жоғары ағзалардың мұқтаждығын салыстырмалы тыныштық пен ашқарын жағдайында қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейін (энергия шығынын) негізгі алмасу дейді. Оны дене массасының кг не дене беткейінің м2 шақтап анықтайды.

Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш шартты сақтау керек. Олар: 1) салыстырмалы тыныштық; 2) қоршаған ортаның бейтарап температурасы (мал үшін жағымды - оптимальды деңгей); 3) ашқарын жағдайы (ас қорыту жолында азық қалдығының болмауы). Аталған шарттардың соңғысын сақтау жануарларды зерттегенде мүмкін емес. Осы себепті оларда жалпы зат алмасуды зерттейді.

Қоректік заттардың ас қорыту ағзаларынан сіңгеннен кейінгі күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралық зат алмасу деп атайды. Бұл процестің арқасында организм өзінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін және әр түрлі өнімдерді өндіруге қажетті заттар мен энергияны алады, пайдаланады. Қоректік заттардың организмде түрленуін қамтамасыз ететін химиялық өзгерістер тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның нәтижесінде түзілген заттарды - аралық не соңғы алмасу өнімдері, немесе метаболиттер деп атайды.

Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, су мен минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет