Ќан жїйесі физиологиясы



бет29/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Тыныстың реттелуі. Сүт қоректілерде тынысты сопақша мида орналасқан орталық реттейді. Оны алғаш рет Н.А.Мисаловский сүт қоректілерде анықтаған. Тыныс алу орталығы симметриялы орталық: оң және сол бөліктерден тұрады. Әр бөлік өз жартысында орналасқан тыныс алуға қатысатын бұлшық еттермен байланысқан.

Орталықтың әр жартысы қызметіне қарай тыныс алдыратын (инспирациялық) және дем шығартатын (экспирациялық) бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдер жұлынның мотонейрондары арқылы дем алдыратын және дем шығартатын еттермен байланысады. Осыдан жұлынның мотонейрондарын екінші деңгейлі тыныс орталығы деп санайды. Сонымен қатар Лумсден 1923 жылы ми көпірінің жоғарғы жағында тыныс алу процесін реттейтін орталықтың болатынын дәлелдеген. Оны қазіргі кезде пневмотаксистік орталық деп атайды. Бұл орталық сопақша мида орналасқан дем алдыратын және дем шығартатын орталықтар қызметін реттейді: дем алынған кезде импульсті дем шығару орталығына, ал дем шығарылған кезде – дем алу орталығына бағыттайды. Демек, ол дем алу және дем шығару орталықтарының алма-кезек қозуын қамтамасыз етіп, дем алу және дем шығару процестерінің ырғақты алмасуын реттейді.

Құстарда да тыныс алу орталығы сүт қоректілердегі сияқты сопақша мида орналасқан. Бірақ құстарда ми көпірінің болмауына байланысты пневмотаксистік орталықтың орналасқан жері анықталмаған. Бұл орталық ортаңғы мида орналасқан деген болжам бар.

Тыныс алу орталығы гуморальдық және рефлекторлы факторлардың әсерімен қозады. Орталықта қозу автоматты түрде оны құрайтын нерв торшаларында жинақталған алмасу өнімдерінің әсерінен де пайда болады.

Тыныс алу орталығы қанда жинақталған көмір қышқыл газдың әсеріне өте сезімтал. Сонымен қатар орталық торшаларына НСО3- ионы, сүт қышқылы және басқа қышқыл өнімдер де әсер етеді. Дегенмен, бұл орталық үшін Н2СО3 күшті тітіркендіргіш болып табылады. Бұл қосылыс жүйке торшаларына диссоциацияланбай-ақ еніп кетеді де, торша ішінде құрамаларына ажырап, жүйкені күшті тітіркендіретін Н+ ионын бөледі. Осыдан қан құрамында Н2СО3 концентрациясы жоғарыласа, тыныс жиіледі әрі тереңдейді. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген факт. Ал, қанда көмір қышқылының мөлшері азайса, тыныс алу орталығының қозғыштығы төмендейді, шамадан тыс жағдайда тыныстың тоқтап қалуы да мүмкін.

Көмір қышқылы тыныс алу орталығына рефлекстік жолмен де – тамырлар қабырғасындағы хеморецепторларды (синокаротид аймағын) тітіркендіру арқылы әсер етеді. Тыныс алу орталығының қозғыштығы ауада немесе қан құрамында оттегі мөлшері төмендесе де жоғарылайды. Құстар О2 жетіспеушілігіне өте сезімтал. Ауадағы О2 мөлшері 18%-ға дейін төмендесе, үйректе ентігу басталады. Қанда О2 үлес қысымы төмендесе, қан тамырлары бойындағы хеморецепторлар сезімталдығы күшейіп, тыныс алу орталығының қозғыштығы жоғарылайды, тыныс рефлекторлы түрде жиілейді.

Өкпенің, ауа қапшықтарының, тыныс жолдарының интерореценторынан, тыныс еттерінен бағытталған афференттік импульстер де тыныс алу орталығының қозғыштығын өзгертіп отырады. Дем алынғанда өкпе керіліп, ондағы барорецепторлар тітіркенеді де, туындаған импульс кезеген нерв арқылы тыныс орталығының экспирациялық бөліміне бағытталады. Осыдан орталықтың экспирациялық бөлімі қозып, инспирациялық бөлімі тежеледі. Қозған экспирациялық бөлім импульстерді дем шығартатын еттерге бағыттайды да, олардың әрекетінен дем шығарылады. Дем шығарылғанда көкірек қуысы мен өкпе кішірейеді. Осыдан басқа барорецепторлар қозбайды да, импульс инспирациялық бөлімге бағытталады. Одан қозу толқыны дем алдыратын еттерге бағытталып, дем алынады. Демек, дем шығарудың салдарынан дем алынады, дем алудың салдарынан дем шығарылады да, тыныс алу өздігінен реттеледі.

Тыныс алу процесін реттеуге ми жарты шарлары да қатысады. Құстарда тыныстың жиілеуіне не сиреуіне шартты рефлекс қалыптастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет