Ќан жїйесі физиологиясы


Көмір қышқыл газдың қанмен тасымалдануы



бет27/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Көмір қышқыл газдың қанмен тасымалдануы. Зат алмасудың ақырғы өнімі ретінде ұлпаларда пайда болған СО2 ұлпа сұйығында жиналып, одан қанға өтеді. Оған газдың үлес қысымының айырмасы себепкер болады. Үйректерде көмір қышқыл газдың ұлпадағы қысымы с.б. 60 мм болса, артерия қанында 53-55 мм деңгейінде сақталады. Қанға өткен көмір қышқыл газдың аз ғана мөлшері (2 көлемдік %) плазмада ериді де, қалған негізгі бөлігі сумен қосылып, көмір қышқылын түзеді. (СО2 + Н2О Н2СО3). Бұл реакцияны карбоангидраза ферменті жандандырады. Карбоангидраза қандағы көмір қышқыл газдың концентрациясына байланысты Н2СО3 түзілуіне де, ыдырауына да қатысады. Бұл қышқыл өкпе капиллярларында ыдырайды да, одан бөлінген СО2 қаннан өкпенің ауа капиллярларына өтеді. Өкпе капиллярларына қышқыл ыдырағанда босанған судың да біраз мөлшері өтіп, ол бу түрінде деммен шыққан ауамен бөлінеді. Тауық қабылдаған суының 19-18%-ын, ал балапандар - 22-33%-ын дем арқылы буландырып шығарады. Температура мен ылғалдылықтың жоғарылауы деммен шығарылатын су мөлшерін ылғалдылық 1,5-2 есе арттырады.

Көмір қышқылы қанда плазма белоктарымен, карбонатты, фосфатты қосылыстармен де байланысады. Осының нәтижесінде белокты қосылыстар мен бикарбонаттар түзіледі.

Көмір қышқыл газды тасымалдауда эритроциттер де маңызды рөл атқарады. Эритроцитке өткен СО2 – Н2СО3 айналып, өз кезегінде ол Н+ және НСО-3 иондарына оңай диссоциацияланады. Эритроцитте жиналған НСО-3 плазмаға шығады да, оның орнына эритроцитке хлор иондары (Cl-) өтеді. Осының нәтижесінде плазмада Na иондары бос қалады да, олар НСО3- әрекеттесіп, Na бикарбонатын (NaHCO3) түзеді.

Ұлпа капиллярларында Н2СО3 – түзілуімен қатар оксигемоглобиннің оттегіден ажырау процесі жүреді. Қалыпқа келген гемоглобиннің қышқылдық қасиеті оксигемоглобин мен көмір қышқылынан төмендеу болады, сондықтан Н2СО3 оксигемоглобиннен калийді ығыстырадыда, босанған калий НСО-3 ионымен қосылып, калий бикарбонатын түзеді, ал Н+ иондары гемоглобинмен қосылады: КHbO2 + H2CO3=HHb+O2+KHCO3. Гемоглобин (Нb) СО2 қосылып, карбогемоглобин түзіледі. Сонымен СО2 қан арқылы негізінен Na және К бикарбонаты түрінде тасымалданады.

Құстарда сүт қоректілермен салыстырғанда артерия мен вена қандарындағы көмір қышқыл газдың айырмасы көбірек (с.б. 10-11 мм). Бұл олардың организмінде зат алмасу процесінің қарқынды жүруінің салдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет