1.иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады; 2. балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады);
3. Сан жараланғанда — сан артериясының шап астын- дағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады;
4. Бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);
5. Беттен кан кеткенде — жақ артериясьн басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі);
6. Мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жә-не одан төмен ұйкы артериясын басады (трахея жағында);
7. Иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык айналасындағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға (бірінші қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.
Жгут салу техникасы 1. Зақымдалған қолдың жарасынан жоғары жгут салып, максимальды күшпен созу керек.
2. Жгуттың бірінші турын бекітіп, кәрі жілік артериясында пульс болмауына көз жеткізу.
3 .Жгуттың келесі турларын аз күшпен тартып салу.
4 .Жгут айналасына бекіткіш ілмекті салу.
5. Ілмекті тартып жгуттың бос шетіне енгізу.
6 . Ілмек резинасы астына жгутты салу уақыты жазылған қағазды қыстыру