Қан кету түрлері


Барлық қан кетулер ағымына байланысты



бет4/7
Дата05.02.2023
өлшемі2,66 Mb.
#65333
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кан кету 2

Барлық қан кетулер ағымына байланысты


Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.

Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты түрлері.

Қан кетудің науқастың өміріне қауіптілігі мен организмдегі қан айналысының бұзылу сипаты қан кетудің ауырлық дәрежесімен анықталатын болғандықтан, қан кетудің ауырлық дәрежесін анықтаудың маңызы аса зор.


Қан кетудің ақыры үшін 2 фактордың шешуші маңызы бар:
жоғалтқан қанның көлемі
қан кетудің жылдамдығы

Дегенмен, қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).

  • жеңіл дәрежесі – айналыстағы қан көлемінің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
  • орташа дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
  • ауыр дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 20-30% жоғалтқан (1500 - 2000мл)
  • массивті дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)

Жедел қан жоғалту кезіндегі организмде болатын өзгерістер:


Қанның тамыр өзегінен ағып кетуі салдарынан организмде айналыстағы қан көлемі азайып - гиповолемия дамиды. Бұл құбылысқа жауап ретінде науқас организмінде бірсыпыра өтемдік - бейімделу механизмдері іске қосылады:
  • Көктамыр жиырылуы (спазмы)
  • Тіндік сұйықтардың қан тамырына құйылуы
  • Тахикардия
  • Несеп түзілісінің азаюы (олигурия)
  • Гипервентиляция
  • Шеткі (перифериялық) артериолоспазм

Қан кетудің классикалық симптомдары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет