Қан кету түрлері



бет5/7
Дата05.02.2023
өлшемі2,66 Mb.
#65333
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кан кету 2

Шағымдары:

  • әлсіздік;
  • бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
  • көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
  • ауа жетіспеушілік сезімі;
  • мазасыздану;
  • жүрек айну;

Объективті белгілері:

Объективті белгілері:

  • тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
  • науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
  • жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;
  • артериялық қан қысымының төмендеуі;
  • ентігу;
  • несеп түзілуінің азаюы;

Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық белгілері:

Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық белгілері:

  • Қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде клиникалық белгілер болмайды.
  • Орташа қан жоғалту дәрежесінде тамыр соғуы минутына 100 ретке жиілейді, қан қысымы төмендейді, шеткі вазоконстрикция белгілері пайда болады.
  • Ауыр дәрежеде тамыр соғуы минутына 120 ретке жиілейді, қан қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен, салқын тер басады, ентігу пайда болады, шеткі ағзалар көгіс тартады, несеп түзілуі азаяды.
  • Массивті қан жоғалтқанда тамыр соғуы минутына 120 реттен астам, қан қысымы 60 мм. сын. бағ., тері күрт қуқылданады, несеп бөлінбейді, ступор пайда болады.

Қан кетуді уақытша тоқтату

Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.


Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
Көрсеткіштері:
  • аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
  • аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.

Қыл бұрау салудың ережелері:

Қыл бұрау салудың ережелері:

  • Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
  • Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.
  • Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
  • Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
  • Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.
  • Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
  • Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.
  • Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет