Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері



бет7/12
Дата01.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#46662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тікелей қан құю тәсілі. Бұл тәсіл бойынша қан донордан реципиентке алдын — ала дайындамай құйылады, яғни тұтас жас қан құйылады. Тек көктамыр арқылы жіберіледі. Бұл технология бойынша қан құю кезінде сүзгіштер пайдаланылмайды, сондықтан қан құю жүйесінде түзілетін ұсақ қан сұйықтардың реципиенттің организміне түсіп кету қаупі күшті. Осы себептерге байланысты тікелей қан құюдың көрсеткіштері қатаң шектеулі және массивті қан кеткенде басқа шара болмаған кезде қолданылады. Тікелей қан құю арнаулы аппараттар көмегімен іске асырылады. Қан құю кезінде реципиент донордың қасында болады.

Қан кетуді уақытша тоқтату

Қан кетуді уақытша тоқтату

Тәсілдері: Қан тоқтатудың уақытша әдістерінің барлығы да механикалық болып табылады. Оларға мыналар жатады:

Қан кетуді біржола тоқтату тәсілдері. 

Қан кетуді біржола тоқтату тәсілдері. 

Қан кетуді түпкілікті тоқтатудың әдістері табиғатына орай механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық әдістер — ең сенімділері.

  • тамырды жара ішінде байлау (ең дұрысы осы әдіс);
  • Қан тамырын көктеп тігу
  • Қан тамырын бүрау, қысып езгілеу
  • Тамыр ішіне эмбол енгізу (эмболизация) Тамырды Сельдингер әдісімен катетеризация жасаған соң, жарақаттанған аймаққа артерияның қуысын бітейтін жасанды эмбол жеткізіледі (спираль, спирт, химиялық заттар, полистирол).

Физикалық әдістер.

Төмен температураны қолдану — оның гемостатик ретіндегі механизмі — тамыр жиырылуына (спазмына),қан айналысының баяулап, тамыр тромбозының пайда болуына негізделген және 3 түрде қолданылады: Жергілікті гипотермия (мұз салған шөлмек басу, салқын ерітінділерді сүмбе (зонд) арқылы жіберу. Криохирургия хирургияның арнаулы саласы. Бұл әдісте өте төмен температураларды пайдаланады. Жергілікті мұздатуды миға, бауырға операция кезінде және қантамырларының ісігін емдеу ісінде пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет