Қанды қалай құю керек деген сүраққа жауап беретін болсақ,
қан құюдың 2 тәсілі бар екенін атап өткен жөн — тікелей және тікелей емес
Тікелей емес қан құю үшін сәйкес ыдыс пен дайындалған қанды сақтайтын орынның болуының да маңызы аз емес. Қазіргі кезде қан арнаулы полиэтилен пакеттерге алынады, соңғысы пайдаланғаннан кейін жойылады. Бұл пакеттерді пайдалану арқылы қатаң стерильдік сақталады және пирогендік реакцияларды болдырмайды. Олар шыны ыдыстарға қарағанда пайдалануға ыңғайлы. Консервіленген қан арнаулы тоңазытқыштарда +2 +8 температурада сақтайды. Қанды көліктің кез-келген түрімен тасымалдауға болады. Қанды арнаулы бірреттік түтіктер мен сүзгіштерден (фильтр) түратын жүйе арқылы құяды. Тікелей емес тәсілмен құйғанда қан реципиенттің көктамырына (шынтақ, бұғана асты көктамырына), артериясына (кәріжілік, сан артериясына), өкше, мықын сүйектің кеуегіне жіберіледі.
Бұл тәсіл бойынша қан донордан реципиентке алдын — ала дайындамай құйылады, яғни тұтас жас қан құйылады. Тек көктамыр арқылы жіберіледі. Бұл технология бойынша қан құю кезінде сүзгіштер пайдаланылмайды, сондықтан қан құю жүйесінде түзілетін ұсақ қан сұйықтардың реципиенттің организміне түсіп кету қаупі күшті. Осы себептерге байланысты тікелей қан құюдың көрсеткіштері қатаң шектеулі және массивті қан кеткенде басқа шара болмаған кезде қолданылады. Тікелей қан құю арнаулы аппараттар көмегімен іске асырылады. Қан құю кезінде реципиент донордың қасында болады.
Қан құюға болмайтын кері көрсеткіштер мыналар:
1. Жүрек аурулары (жедел сепсистік эндокардит, миокардит, қан айналысының бұзылуы ІІ «б» - ІІІ дәрежесінде).
2. Бүйрек және бауыр аурулары, олардың қызметтерінің бұзылуымен байланысты (Боткин ауруы, цирроз, жедел нефрит, гломерулонефрит).
3. Бас сүйегі мен мидың ауыр жарақаттары, басішілк қысымның көтерілуінен болатын асқынуларда, орталық жүйке, ми жүйесі, психоз ауруларында.
6. Өкпе аурулары, кіші қан айналысы шеңберінде жиналған улы немесе қалдық заттардың көбеюінен дамитын асқынуларда.
7. Жедел қалыптасқан туберкулез, өкпе демікпесі (астма), жедел теміреткі (экзема), дененің әсерлі әрекеттерге сезімталдығының артуы (аллергия) кезінде.