Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері

бет10/11
Дата18.09.2022
өлшемі1,22 Mb.
#39435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Астыртын қан кетулерді анықтау айқын қан кетулерге қарағанда анағұрлым күрделі. Астыртын қан кетулердегі жергілікті белгілерді 2 топқа бөледі: Аққан қанның орналасқан жерін табу; Жарақаттанған ағзалар қызметінің өзгеруін бағалау. Аққан қанның орналасқан жерін табу оның орналасқан қуысына байланысты. Гемоторакс — кеуденің тиісті жағындағы перкуссиялық дыбыстың тұйықталуымен, тыныстың әлсіреуімен, кеуде аралығының ығысуымен және тыныс жетіспеушілік құбылыстарымен көрініс береді. Гемоперитонеум кезінде іш кебуі, іш қабырғасы жұмсақ болса да іш пердесінің тітіркену белгілері және іш қуысының төменгі жақтарында перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы байқалады. Гемартрозда — буын көлемі ұлғаяды, буындағы қозғалыс күрт шектеліп, қозғалыс ауырсыну сезімін тудырады. Үлпершекте қан жиналуы (гемоперикард), миға қан құйылуы немесе субдуральдық гематома жоғалтқан қан мөлшері аз болғанмен, өмірлік маңызды ағзалалар қызметінің бұзылуымен қауіпті. Мысалы, жүрек тампонадасы мен неврологиялық асқынулар (мидың қысылуы).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет