Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет1/23
Дата14.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#50085
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)


Рубежка-2 Физиология
Қан
1.Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері.
Қанның құрамы
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан , яғни пішінді элементтерден тұрады . Ересек адамда канның көлемі 5-6 литрдей . Қан жасушалары қызыл түйіршіктер ( эритроциттер ) мен ақ түйіршіктер ( лейкоциттер ) , кан пластинкалары - тромбоциттер . Плазма қан құрамының 52-58% - іне , қан жасушалары -42-48 % -не тең. Қанның негізгі қызметтері :
1 ) Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді , ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады ( тасымалдау қыз меті ) .
2 ) Оттегін өкпеден тіндерге , жасушалардағы көмірқышқыл газды өкпеге жеткізеді ( тыныс алу қызметі ) .
3) Ішек - қарыннан қоректік заттарды , витаминдерді , су мен тұздарды ( минералдарды ) тіндерге жеткізеді (нәрлендіру қызметі ) .
4 ) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді , мәселен , адам денесіндегі уытты заттар , азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке , өкпеге , тер бездеріне , ішекке апарады . Сөйтіп оларды шығарып тастайды ( экскрециялық қызмет ) .
5 ) Қан жасушалары ( лейкоциттер ) , плазмадағы антитəндер денеге енген микробтарды , вирустарды , табиғаты жат , улы заттарды бейтараптайды ( қорғаныс қызметі ) .
6 ) Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді , үрдістерді реттеуге қатысады ( гуморалдық реттеу ) . Қандағы биологиялық әсері күшті заттар - гормондар , медиаторлар , метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді ( рефлекстік реттеу ) .
7 ) Қан жасушалары ( пішінді элементтер ) тін жасушаларымен креаторлық байланыста болады . Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді . Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескілеріне ұқсас болу үшін олардағы ақпараттардың маңызы өте зор .
8 ) Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтықтың коллоидтық , осмостық тұрақтылығын сақтайды . Осмостық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп небүрісіп қалады . PH тұрақтылығын сақтауда буферлік рөл атқарады .
9 ) Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады , ал суыған ағзаларды жылытады . Сөйтіп , дене қызуын бірқалыпта сактауға қатысады .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет