Сабақ тақырыбы: 5 бөлім «Астана мәдениет пен өнер ордасы» «Театр мәдениетін сақтай білеміз бе?»



бет1/6
Дата25.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#62942
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Театр мәдениетін сақтай білеміз бе. 6 сынып Т2


Қысқа мерзімді жоспар



Мектеп: «Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі» ЖМ

Сабақ тақырыбы: 5 бөлім «Астана мәдениет пен өнер ордасы»
«Театр мәдениетін сақтай білеміз бе?»

Күні: 21.11.2022ж

Мұғалімнің есімі: Каримова Гулим Сарсемхановна

Сынып: 6 «Б»

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар саны: жоқ

Сабаққа негізделген
оқу мақсаты

6.2.6.1 - тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: берілген мәтіннен тірек сөздерді тауып, сызбаны толтырады.
Оқушылардың басым бөлігі:берілген тірек сөздердергесүйеніп, диалог құрастырады, сұрақ жауап арқылы өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:берілген сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады, өз ойларын еркін жеткізеді.

Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • Мәтіннен тірек сөздерді тауып, сызбаны толтырады.

  • Тірек сөздермен диалог құрастырады.

  • Сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырады

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым

Терминологиялар:

Сөз тіркестері: театр өнері, сахна шебері, театрдың тарихы, өнер қайраткері, үлес қосу.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық, жекежұмыс арқылы ынтымақтастыққа үйрету,
жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен
қарауға шақыру. Театрда мәдениет этикетін сақтау.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісі

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Ел жүрегі – Астана

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

7 мин


Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу,оқушылар бір-бірімен аталған халықтарды айтқанда сол халықтар сияқты амандасады: «қазақтар» қол алып амандасады, «латын американдықтары»құшақ жайып амандасады, «жапондар»бас иіп амандасады, «француздар» бір бірінің мандайларынан сүйіп амандасады, «қытайлықтар»өз қолын өзі қысу арқылы амандасады.
Ой шақыру
«Мюнстенберг» әдісі арқылы көптеген әріптердің арасынан тірек сөздерді тауып, сөз тіркестерін құрастырады.
апротеатрлыотөнермссоолоператкғгшдсахнаоллыр
правруспектакльдлгкиноыааб
осылай тірек сөздерді тауып, сөз тіркесін құрастыру арқылы жаңа тақырыпты ашады. Тақырып анықталып, мақсат айтылады. Үлгі: театр, өнер, опера
қуыршақ театры, өнерлі адам, қызықты опера
Топқа бөлу.
«Мозайка» әдісі арқылы екі топқа бөлемін. Мозайкада тақырыпқа байланысты суреттер салынып тұрады.
Бірінші топ Екінші топ
драм театры қуыршақ театры


«Мюнстенберг» әдісі


Ортасы

30 мин



тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

Айтылым басы
(оқушыларға ұсынылатын мәтін)
Театр мәдениеті.
Мәдениет саласының бірі — театр. Театр адам үшін қызық ермек емес, ол да еңбектің бір түрі. Театр— еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Біздің заманымызда өнердің, өнер ішінде әдебиеттің, театрдың орны өзгеше. Қазақтан да жақсы әртістер шықты. Театр өзін елге танытты. Халық алдына шықты. Тарихи жұмыстар істеді. Театрдың өз мәдениеті де болады. Театр – нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау – әдепсіздік. Театр мәдениеті — қойылымға өз уақытылы келу, түрлі эмоцияларды көрсетпеу, билетте көрсеткен орынға отыру, қойылым болар алдында ұялы телефонды өшіру, қойылым өтіп жатқанда басқа шаруамен айналыспау, көрермендер залында шуламау, театр қызметшілерімен сөзге келіспеу керек, театрда әртістерге қошымет көрсету жатады. Бұнын бәрі театрдағы мәдениеттілікке жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет