«Ана тілім – айбарым»



бет2/7
Дата09.05.2022
өлшемі31,62 Kb.
#33487
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Даналардан шыққан сөз

«Әдебиет - ардың ісі»

  1. Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті.

Мұхтар Әуезов

  1. Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды.

Сағатхан Әшімбаев

  1. Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публицистика - жеңіл кавалерия.

Шерхан Мұртаза

  1. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді.

Ғұмар Қараш

  1. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Ахмет Байтұрсынұлы

  1. Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...

Жүсіпбек Аймауытұлы

  1. Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.

Мұхтар Әуезов

  1. Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…

Ахмет Байтұрсынұлы

  1. Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді. 

  Ғабиден Мұстафин

  1. Әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын тәрбиелеу. 

 Ғабиден Мұстафин

  1. Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...

 Жүсіпбек Аймауытов

  1. Әдебиет – бізге өмір сүруді үйрететін оқулық. Дұрысымызды асырмай, бұрысымызды жасырмай көрсетіп, алғы күнге айдын жол ашады. Жастар шығармаларының..

 Сарыбаев Қаныбек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет