«Ана тілім – айбарым»


«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...»



бет7/7
Дата09.05.2022
өлшемі31,62 Kb.
#33487
1   2   3   4   5   6   7
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...»

  1. Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.

Сүйсе жастар қате етпес, мейлі илан, мейлі күл.

Абай Құнанбайұлы

  1. Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Міржақып Дулатұлы

3) Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

Абай Құнанбайұлы



4) Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.

Әзілхан Нұршайықов



5) Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

Әзілхан Нұршайықов



6) Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.

Қадыр Мырза Әли



7) Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.

Қадыр Мырза Әли



  1. Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.

Оралхан Бөкей

  1. Махаббат – өмір көркі.

Абай Құнанбайұлы

  1. Махаббатсыз – дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар.

Абай Құнанбайұлы

11)Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар.

Ақырын-ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар.

Абай Құнанбайұлы

12)Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ.

Ілияс Есенберлин

13)Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бой тоңар, суыр – үміт үзсе,

Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып.

Абай Құнанбайұлы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет