«Мектептің жаны мұғалім» Ақырын жүріп,анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас , Үйретуден балаға. Абай Құнанбайұлы
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі Ы.Алтынсарин
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады Абай Құнанбайұлы
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым. Александр Македонский
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы Халық даналығы
Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт Халық даналығы
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн.
Ұстаз – анаңдай ұлы.
Жүсіпбек Аймауытов
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин
Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ыбырай Жақаев
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Алты алаштың баласы бас қосқан жерде қадірлі орын, төр – мұғалімдікі.
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады.Уильям Уорд,ағылшын ағартушысы. Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель. Александр Македонский
Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы
Мектеп- кеме,білім теңіз
Қасым Аманжолов
Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.
Әбділда Тәжібаев.
Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов.
Халық – нағыз ұстаз.
Халық даналығы.
Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей.
Мұхамбет пайғамбар.
Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады. Халық даналығы
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. К.Д.Ушинский
Қайратсыз ашу-тұл, Тұрлаусыз ғашық-тұл. Шәкіртсіз ғалым-тұл Абай Құнанбайұлы