Анаға құрмет музейінде өткен ғасырларда өмір сүрген аналарымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін 300-ден



Дата28.04.2023
өлшемі17,91 Kb.
#87758

Жаратылыстың бастауы Ана. Қазақ халқы сонау көне дәуірден бастап Ана деген аяулы есімді ардақ тұтады . Анаға деген құрметін ұрпақ санасына сіңіру үшін 2014 жылы Анаға құрмет музейі барлық қазақ аналарының құрметіне арналған қарашаңырақ ретінде салынды. .
Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында орналасқан еліміздің ғана емес, ТМД, Орта Азия мемлекеттеріндегі теңдесі жоқ мәдени орталықтың оң қанатында мүсінші Елдос Елмұратұлының «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен «Анаға тағзым» ескерткіші, Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай ашылған екі қабатты галерея және заман талабына сай көгалдандырылған денропарк, балалар ойын алаңы бар.
Мәдени мұрамызды жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, азаттыққа жету жолындағы сан қилы тарихымызды өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан музей 2018 жылы шыққан Қазақстан (КИнЭС) рекордтар кітабына енген.
Анаға құрмет музейінде өткен ғасырларда өмір сүрген аналарымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін 300-ден аса құнды жәдігерлер, түрлі қолөнер бұйымдары сақталған.
Анаға құрмет музейіндегі экспонаттар 4 экспозициялық бөлімнен тұрады:
I. Этнография бөлімі
ІІ. Қолөнер бөлімі
ІІІ. Тұрмыстық бұйымдар бөлімі
ІV. Батыр аналар сурет галереясы

Ең құнды экспонаттың бірі қазақтың – киіз үйі. Қазақ сонау бағзы заманнан көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйде тұрған. Киіз үй жиналмалы және жазылмалы керегеден, киіз жабындардан және үйдің барлық бөліктерін бекітетін таңғыш бау-басқұралдан, арқандардан құралады және қазақ аналарының бас киімі кимешек коллекциясы бар. Барлығы сырт көзге аппақ қарқарадай көрінгенімен әр рудың өзіне тән айырмашылығы болған. Ең әшекейлі кимешекті келіндер киген. Ал зергерлік бұйымдарға тоқталар болсақ Қазақ қыз-келіншектері таққан сыңғырлаған шолпы, көз жауын алатын тұмар, түрлі асыл тастармен көмкерілген сақина-білезік, қапсырманың бірнеше түрі бар.


Келесі бөлім Қолөнер бөлімі ол кілем және тоқыма өнеріне бағытталған. Қазақ аналары үй жасауында кілем, алаша, сырмақ, басқұр шымылдық сияқты сәндік және пайдалы заттарды өз қолдарымен ою-өрнекті етіп жасап отырған. Музейде 100 жылдан асқан қолдан тоқылған кілемдерді көруге болады. Басқұр тоқып отырған ана мен жасөспірім қыздың бейнесі, ұршық иіріп отырған әйел бейнесі қазақ аналарының болмысына тән көрініс.
Үшінші бөлім
Аналырымыз қолданған мес, күбі, тас диірмен, сабау, шам, көне жез самаурын сияқты тұрмыстық бұйымдар бөліміне арналса, төртінші бөлім Батыр аналар сурет галереясына арналған. Сонау парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшасы Тұмардан бастап Домалақ ана, Қабанбай батырдың қарындасы Гауһар батыр, ұлы отан соғысы соғысында ерлікпен қаза тапқан «Шығыстың қос шынары» атанған батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүк, «Түнгі жапалақ» деген атаумен тарихта қалған қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз апамыз, еңбегімен ер атанған КСРО-ның Еңбек ері Салима Жұмабекова, Зылиха Тамшыбаева аналарымыз тағы басқа қаһарман қазақ қыздарына арналған.
«Анаға құрмет» музейінде өткен айтулы іс-шараларға тоқталар болсақ, жылда 1-ші ақпан халықаралық орамалдар күніне орай «Анамның ақ жаулығы» атты танымдық-мерекелік жиын, екі жылда бір рет өтетін танымал «Даланың дана арулар» атты фестивальды айтпай кетуге болмас. Қыркүйек айында «Аналар күніне» орай өтетін Фестивальда Қазақстанның суретшілері мен мүсіншілерінің көрмесі, Кимешек шеруі, қолөнер шебері Күлән Жанқұтты ұлттық киімдерінің сән үлгісі, ісмер Анар Нарботаның шеберлік сабақтары, әжелеріміздің арасында «Ұмыт болған ұлттық дәм» сияқты түрлі сайыстар өтеді. Анаға құрмет музейі 2020 жылы «Облыстың үздік мәдени мекемесі» атағын жеңіп алды. 2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламасымен Анаға құрмет музейінің экскурсоводы Жанар Жанапиянованың «Ана» атты кітабы жарық көрді.
Музей бүгінгі күнге дейін Алматы облысы ғана емес республикалық көптеген мектептермен жұмыс істеп оқушыларға тарихта ізі қалған аналарымыздың есімдері мен құнды дүниелерін таныстырып, көрсететін тарихи орталық. Тарихын білмеген ұлттың болашағы жоқ дегендей адамзатқа ауыл бесік болса Музей тарихтың көзі. Ол өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани байлықтарды жинақтап, сақтайтын, жиналған құжаттар мен жәдігерлерді зерделеп, зерттейтін, оны келешек ұрпаққа жеткізетін, тәлім-тәрбие беретін әлеуметтік орын. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін «Анаға құрмет» музейі өркениетті мәдениетімен жастарды, жергілікті халықты, қала қонақтарын таныстыру.

Егер Сіз көне дәуірлерден басталған бабалар тарихын баян етер маңызды дүниелер мен құнды деректерді өз көзіңізбен көріп, , сол дәуірге саяхат жасап, ерекше әсер алып, қажетті мәліметтерді көңіліңізге тоқығыңыз келсе, музейге келіңіз.


ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге, мектеп жасына дейінгі, жетімдер және мүгедек балаларға ақысыз қызмет көрсетіледі.


Құрметті көрермен Анаға құрмет музейінде күтеміз сіздерді!


Қай-қайда да құлашын сермеп көрген,


Көкірегін қуаныш кернеп келген.
Жолаушы боп
Музейге жетіп бардық
Сан алуан бояумен өрнектелген.
Ғаламатты көрмеп ек көптен бері,
Осында екен қазақтың көк пен жері.
Бәрі тұр ғой, ойпырмай, бұл музейде
Халқым асқан қия асу,
Өткелдері.
Кешегісі,
Бүгіні,
Өткендері.
Көз алдыңда бәрі де жайнап тұр-ау,
Қысы,
Жазы,
Күзі мен көктемдері.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет