С.оң қолдың алақан беткейінің кесілген жарасы, 3-ші саусақ бүккіш сіңірдің беткей және терең зақымдануы. Сары аймақ, себебі жарақат критерийі осы аймаққа сәйкес келеді
С.оң қолдың алақан беткейінің кесілген жарасы, 3-ші саусақ бүккіш сіңірдің беткей және терең зақымдануы. Сары аймақ, себебі жарақат критерийі осы аймаққа сәйкес келеді. Д. оң қолдың алақан беткейінің кесілген жарасы, 3-ші саусақ бүккіш сіңірдің беткей және терең зақымдануы. Сары аймақ, себебі науқас қатты ауырсынуды сезеді
Е. оң қолдың алақан беткейінің кесілген жарасы. Қызыл аймақ,себебі науқаста геморрагиялық шок мүмкіндігі бар.
6. Ер адам 74 жаста ЖМЖА травма бөліміне мынадай шағымдармен келді:сол жақ кәрі жілік білезік буынының ауырсынуы, бас ауыруы. Анамнезінен:науқас ер адам шалынып оң жақ алақанымен құлаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. ТАЖ 20рет мин,ЖСЖ 84 рет мин,АҚҚ 140/100мм.с.б.Обьективті: оң жақ кәрі жілік білезік буыны ісінген,қозғалысы шектелген,ауырсынады, тік тәрізді буын деформациясы, беткей пальпацияда буын ауырсынады. Болжам диагнозды анықтаңыз және триаж жүйесі бойынша қай аймаққа жататының анықтаңыз?
А.сол жақ шынтақ сүйегінің бүккіш сынығы және типтік жердегі ығысқан сынықтар. Сары аймақ.
В. сол жақ кәрі жілік сүйегінің жазғыш сынығы және типтік жердегі ығысқан сынықтар. Жасыл аймақ. С. сол жақ кәрі жілік сүйегінің жазғыш сынығы және типтік жердегі ығысқан сынықтар. Сары аймақ.
Д. сол жақ шынтақ сүйегінің жазғыш сынығы және типтік жердегі ығысқан сынықтар. Жасыл аймақ.
Е. сол жақ кәрі жілік сүйегінің бүккіш ығысуынсыз сынығы және типтік жердегі ығысқан сынықтар. Жасыл аймақ.
7. ЖМЖА қабылдау бөліміне 21 ж науқас түсті. Жағдайы ауыр. Науқас тежелген,қозғалыссыз. Анамнезінен:науқас 5 метрлік биіктіктен құлаған.АҚҚ 80/60мм.с.б.Пульсі 110 рет мин. Обьективті: тері жабындылары бозғылт, оң жақ аяғы сыртқа ротацияланған, қысқарған, санның ортаңғы 1/3 бөлігінің бұрыштық деформациясы көрінеді. Пальпация кезінде: санның ортаңғы 1/3 бөлігінде кенет ауырсыну және патологиялық қозғалыс анықталады.Тері жабындылары зақымдалмаған. Оң жақ аяқтың бақайларында белсенді қозғалыс және сезімталдығы сақталған.Болжам диагноз,зақымдалған аймақты триаж жүйесі бойынша анықтаңыз?