Фенацетин (парацетофенетидин) — Phenacetinum. 1-этокси — 4 -ацетиламиндібензол. Түссіз, жылтыр қабыршақты кристаддар немесе ұсақ кристадды иіссіз, аздап ащы дәмі бар ұнтақ зат. Салқын судың 1400 бөлігінде, кайнап тұрған судың 70 бөлігінде және спирттің 16 бөлігінде ериді. Судағы ерітінділерінің реакциясы бейтарапты. Ұнтақ және таблеткалар түрінде (0,25 г) таза күйінде немесе кофеинмен өртүрлі арақатынаста шығарылады. Фенацетиннің қызу басатын өсері 20-30 минуттан кейін басталып, 5-6 сағатқа дейін созылады. Егер препараттың мөлшері қызу басатын әсерінен 2-3 есе көп болса, онда ауырсыну сезімділігінде басатын әсері басталады. Фенацетинді жоғары мөлшерде ұзақ уақыт қодданған кезде организмге қолайсыз әсер етеді. Бұл кезде жүректің жүмысы әлсіреп, қанда метгемоглобиндердің мөлшері кебейеді, эритроциттер ыдырай бастайды. Фенацетинді қызу басуға және ауырсыну сезімділігін әлсіретуге қолданады.
Парацетамол — Paracetamolum. Пара — Ацетаминофенол, ақ түсті қоңырқай немесе кұлгін түстес ұнтақ. Спиртте жақсы ериді, ал суда ерімейді. Қызу басатын әсері фенацетинге ұқсас болғанымен, әлсіз, әрі ұзақ болады. Керісінше, ауырсыну сезімділігін әлсірететін және қабынуға қарсы әсері басымдырақ. Уыттылығы онша емес.
Пиразолон туындылары. Пиразолон — циклінде бірінші және екінші қалыпта орналаскан екі азот бар, бес қүрамдас бөліктен тұратын гетероцикпдік байланыс. Пиразолон бірқалыпты, қысқа мерзімді антипиретикалық жене анальгетикалық әсер етеді. Егер оның молекуласына әртүрлі радикалдар қосьшса, онда оның әсері едәуір артады. Пиразолон туындьшарының өсері фенацетинге ұқсас болғанымен біршама әлсіздеу, бірақ жануарлар үшін уыттылығы аз. Бүл топтың барлық препараттарының орталық және шеттік ауырсыну сезімділігін әлсірететін қасиеті бар, ал оның кейбіреулері (анальгин) анальгетиктер ретінде де қолданылады.
Алкогольдер — органикалық қосылыстар немесе бір атомды спирттер. Олардың молекуласындақаныққан көміртек атомының бір гидроксил тобы (ОН) болады. Алкогольдердің ең маңыздылары: метил спирті (метанол, ағаш спирті), химиялықформуласы — CH3OH әлсіз иісті түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 64,5 0С, тығызд. 0,7924 г/см3 (20 0С-та), формальдегид, күрделі эфирлер, түрлі еріткіштер алынатын шикізат, жүйке және тамыр жүйелеріне әсер ететін күшті у; этил спирті (этанол, шарап спирті), {химиялық формула|химиялық формуласы]] — C2H5OH өзіндік иісі және күйдіргі дәмі бар түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады, қайнау t 78 0С, тығызд. 0,794 г/ см3 (20 0С-та), тағамдық шикізатты (крахмал, қант, шырындар т.б.) ашыту, өсімдік текті заттарды гидролиздеу және синтездеу (этиленді гидраттау) жолдарымен алынады, ректификаттау арқылы тазаланады, синтетикалық каучук, этилді эфир т.б. алу үшін, еріткіш ретінде, спиртті ішімдіктер (қазақша Арақ) өндіруде қолданылады; бутил спирттері, химиялық формуласы — C4H9OH өзіндік спирт иісі бар түссіз сұйықтық, 4 изомері белгілі, изомерлері суда нашар ериді, олардың қайнау температуралары 83-117,4 0С аралығында, тығызд. 0,7887-0,8099 г/см3; күрделі эфирлер мен жуғыш заттарды синтездеу үшін, техникада еріткіш ретінде қолданылады. “Алкаголь” ұғымы ауызекі сөзде арақ-шарап т.б. спиртті ішімдіктердің жалпылама атауын білдіреді.
Қорытынды Анальгезия (грек. an — жоққа шығару жөне algos — ауырсыну сезімі) — ауырсыну сезімділігін жою, ал осылай әсер ететін фармакологиялық заттарды анальгетикалық заттар немесе анальгетиктер деп атайды. Алкогольдер — органикалық қосылыстар немесе бір атомды спирттер. Олардың молекуласындақаныққан көміртек атомының бір гидроксил тобы (ОН) болады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
2.Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ С. Е. Тулеметова, Қ, А. Алтаева - Шымкент : ОҚУ, 2021.
3..Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.