Аналық плата. Аналық плата дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады .Онда келесі
құрылғылар орналасады :
· Процессор
· Шина
· Жедел жад
· Тұрақты жад
· Слоттар
Процессор. Процессор-көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатын білдіреді. Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады.Бұлардың негізін қалаушы 16- разрядты Intel-8086 процессоры болып табылады.IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құ растырылған. Кейінірек Intel 80286, Intel 80386, Intel 80486 , Intel Pentium 60,66, 75,90,100,133;Intel Pentium MMX, Intel Pentium Pro, Inteil Pentium 2, Intel Celeron, Intel Pentium 3 процессорлары шығарыла бастады.Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады. Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік- олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші.
Ол мегагерцпен өлшенеді.Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар75,90,100,120,133,150,166,200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді. Шина. Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина. Компьютердің жадысы. Компьютердің жады- оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне , ақпаратты сақтау мерзіміне параметрлеріне қарай ажыратылады. Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз бииттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт , мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы:
· 1 Гбайт=1024Мбайт
· 1Мбайт=1024 Кбайт
· 1Кбайт=1024 байт
1.
Жедел жад немесе жедел есте сақтау
құрылғысы ақпараттың кез-келген
бөлігіне лезде қатынауды
қамтамасыз етеді. Бірақ
компьютерді өшірген кезде жедел
жадтағы барлық ақпарат бірден
жойылады. Дербес
компьютерлердің жедел жадының
өлшемі жылдан жылға өсіп
келеді.Pentium типтес
компьютерлердіңжедел жадының
көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады. Қатқыл диск. Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ сақтауға арналған негізгі құрылғы.Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады.Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады.Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті
және ол одан әрі ұлғайтылуда. Жинақы-дискіге арналған дискенгізгіш. 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып , оның орнына өлшемдері тура осындай болатын CD- ROM тасуыштарын енгізді. СD- ROM (Comact Disc Read-Mtmory)сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады.
Лазерлік дискіде
таратылатын
программаларды
мультимедиялық
басылымдар деп
атайды.
Бейнетақша. Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады.Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA.Ол16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді.Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған .Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайданылады.Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті.Көптеген қолданьалы программалармен жұмысжасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады. Дыбыстық карта. Дыбыс картасы программасы барлық компьютерлік жүйенің дыбысын реттейтін базалық реттеуішке жатады. Яғни ол дыбыс қаттылығын барлық түрін реттейді. Программалық және аппараттық құралдар дыбыстары осы дыбыс ретеуіш қойылған шек көлемінде жұмыс істейді, дыбыс реттеуіштерді индекация тақтасында орнатып болған соң
оған таңбаша құрылады. Тышқанның сол жақ басқышын осы таңбашада шерту арқылыреттуіш – мастер ашылады.