Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата04.02.2017
өлшемі1,8 Mb.
#3416
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Францияда  орта  мектепте  оқытуды  бейіндеу  жүз  жылдан  аса  уақыттан 
бері жүзеге асырылып келеді. Соңғы онжылдықта онда да маңызды өзгерістер 
жүзеге  асты.  Қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесі  білім  берудің  жүйелі  бірізді 
кезеңдерінен тұрады: бастауыш – элементарлы мектеп, толық емес орта мектеп 
– колледж, толық орта мектеп – лицей.  
Француз  оқушыларын  саралап  оқыту  ресми  түрде  колледжде  басталады, 
бірақ  білім  берудің  тең  емес  бағыттары  бойынша  бөлу  үшін  алғышарттар 
оқудың бастауыш, ресми біріңғай кезеңінде жасалады. Коллеж бұқаралық орта 
мектептің  біріңғай  типі  болып  жарияланған,  онда  бұрын  болып  келген 
классикалық және реалды бөлім болып бөліну формалды түрде таратылған.  
Коллеждегі  алғашқы  екі  жылдық  оқу  –  «бақылау  кезеңі»  (француз 
белгіленуі  бойынша  6-шы  және  5-ші  сыныптар).  Оның  мақсаты:  «бастауыш 
білім беруді бекіту және толықтыру, орта білім негіздерін игеруді қамтамасыз 
ету».  
Келесі ек жыл (4-ші және 3-ші сыныптар) – «бағыттау кезеңі» оқушыларды 
оқудың  келесі  түрлеріне  бағыттауға  арналған.  Факультативтік  пәндер  немесе 
ежелгі  тілдер,  шет  тілдері,  технологияларды  таңдау  бойынша  курстардың 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Олардың  бірін  таңдау  міндетті.  Бұл  таңдау  іс 
жүзінде оқудың бұдан кейінгі сипатын айқындайды. Біреулерге бұл толық орта 
мектеп-лицейінің  гуманитарлық  немесе  жаратылыстану  ғылыми  секциялары 
болса,  басқалар  үшін  лицейдің  технологиялық  секциялары  немесе  кәсіптік-
техникалық оқу орындарына ауысу болып табылады.  
Толық орта білім беруді аяқтайтын кезең – лицей. Мұнда коллежді бітірген 
соң бұрын оқуға түскен оқушылардың 54 пайызынан астамы оқуға келеді.  
Лицейдің  бірінші  жылы  (оқудың  10-шы  жылы  немесе  «2-ші  сынып») 

11 
 
«анықтау  сыныбы»  деп  аталады.  Оқу  жоспарында  барлық  оқушылар  үшін 
міндетті  жалпы  білім  беру  пәндері  –  француз  тілі,  шет  тілі,  математика, 
физикалық  ғылымдар,  жаратылыстану,  тарих,  география,  азаматтану,  дене 
шынықтыру  негізгі  орын  алады.  Білім  берудің  бейіндік  түрі  таңдау  бойынша 
курс формалары түрінде жүзеге асырылады. Оларға 3-11 сағатқа дейін бөлінеді. 
Әрбір  оқушы  жалпы  апталық  жүктемесі  34-36  сағаттан  аспайтындай  есеппен 
бір немесе бірнеше пәндерді таңдауы керек. Таңдау бойынша пәндер үш топқа 
біріктірілген:  
1-ші  топ  –  өндірістік  технология,  жаратылыстану-математикалық 
ғылымдар,  зертханалық  зерттеулер  технологиясы,  медициналық-әлеуметтік 
ғылымдар, қолданбалы өнер;  
2-ші  топ  –  ежелгі  ғылымдар,  шет  телдері,  әлеуметтік-экономикалық 
ғылымдар,  әкімшілік  іс,  көркем  тәрбие,  мамандандырылған  спорттық 
дайындық;  
3-ші  топ  –  қолданбалы  сипатты  пәндер  (мәшенкемен  басу,  қол  өнері, 
қызмет  көрсету  саласының  бірін  үйрену).  Осылайша,  таңдау  бойынша 
курстардың мақсаты – жалпы білім беру дайындығын кеңейту, сонымен қатар 
болашақ мамандану бойынша бағыт беру болып табылады.  
Франция  мектептеріндегі  жоғары  сыныптарда  бейіндік  оқытудың  ерекше 
сипаты  –  жоғары  білім  ретінде  сараланатын  және  негізінен  екі  жылға 
созылатын  лицейлерде  бакалавриаттан  кейінгі  курстардың  өткізілуі.  Олардың 
бірқатары  оқушыларды  жетекші  университеттерге  конкурстық  қабылдау 
емтихандарына дайындайды [7].  
Эстония  Республикасындағы  білім  беру  жүйесі  Республиканың 
Конституциясымен,  Балаларды  қорғау  актімен  және  Білім  туралы  актімен 
реттеледі.  Конституцияға  сәйкес  ұлтына  қарамастан  барлығының  білім  алуға 
құқы бар.  
Білім  беру  17  жасқа  дейінгі  барлық  балалар  үшін  міндетті  болып 
табылады.  Білім  беру  жергілікті  мектеппен  (тұрғылықты  жері  бойынша) 
ұсынылады.  
Эстондық білім беру жүйесі бастауыш және орта білім болып бөлінбейді. 
Міндетті  білім  берудің  негізі  1  сыныптан  (7  жастан  оқытылады)  басталады 
және 9 сыныпты қамтиды. Оқудың бұл түрі білім алудың үш кезеңіне бөлінген: 
1-кезең (1-3 сынып); 2-кезең (4-6 сынып) және 3-кезең (7-9 сынып).  
Гимназия  жалпы  білім  беру  мектептерінің  орнына  келетін  елдегі  орта 
білімнің  негізгі  құрылымдық  бірлігі  болып  табылады.  Гимназиялардағы 
апталық оқу жүктемесінің ең көп мөлшері 35 сағат деп анықталған. Ұлттық оқу 
жоспарларымен  анықталатын және  пәндердің  жалпы  санының 75  %  құрайтын 
міндетті  пәндерден  бөлек,  пәндердің  25  %  оқушылардың  өздері  мен 
мектептердің  таңдауы  бойынша  пәндерге  бөлінеді.  Сондай-ақ  жеке  пәндерді 
тереңдетіп  оқытатын  гимназиялар  бар,  мысалы  шет  тілдерін,  математиканы, 
бизнесті және т.б. 1997 жылдан бастап орта мектептерде бірыңғай мемлекеттік 
бітіруші 
емтихандар 
енгізілген. 
Емтихандарды 
табысты 
тапсырған 
бітірушілерге толық орта білім туралы куәлігі беріледі [8].  

12 
 
Жапониядағы  орта  мектеп  –  бұл  (7-9  сыныптар)  тюгакко.  Жалпы  орта 
білім  толық  емес  3  жыл  мерзімге  (І-кезең)  және  толық  үш  жылдық  (ІІ-кезең) 
сатыларға бөлінеді. Орта мектептер жалпы білім беру, мамандандырылған және 
аралас типтерге бөлінеді. Ақыл-ой және дене дамуы кеміс балаларға арналған 
мектептер желілері де бар.  
Орта  мектептің  төменгі  сатысында  (12-15  жастағы  балалар  үшін)  оқу 
жоспары  міндетті  пәндер  мен  таңдау  бойынша  пәндерден  тұрады.  Міндетті 
пәндер:  жапон  тілі,  математика,  қоғамтану,  жаратылыстану,  мораль,  музыка, 
бейнелеу өнері, дене шынықтыру, техника, үй шаруашылығы. Таңдау бойынша 
пәндер:  шет  тілі,  музыка,  дене  шынықтыру,  өнердің  қосымша  курстары. 
Апталық  жүктеме  29-30  сағатты  құрайды.  Оқушылар  су  және  ауыл 
шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда және балық шаруашылығымен таныса отырып, 
практикалық қызметке дайындалады.  
Бүгінгі  күні  жапон  мектептерінің  оқу  жоспарларында  химия,  физика, 
биология,  география,  тарихтың  жүйелі  курстары  жоқ.  Олардың  орнына 
жаратылыстану мен қоғамтанудың синтетикалық курстары оқытылады, алайда 
оларға тән эклетика мен жүйесіз сұрыптау білім берудің деңгейінің төмендеуіне 
алып  келді,  сондықтан  жаңа  бағдарламаларда  аталған  пәндерді  саралап  оқыту 
көзделген.  
Жоғары мектеп – бұл (10–12 сыныптар) котогакко. Орта мектептен жоғары 
мектепке  өту  емтихандардың  нәтижесі  бойынша  жүзеге  асырылады.  Өзінің 
мектептегі  үлгерімінің  негізінде  алдымен  оқушылар  түсуге  мүмкіндігі  бар 
жоғары мектептердің тізімін алады. Содан соң өту емтиханын тапсырады және 
оның нәтижелері мен бұрынғы үлгерімінің негізінде оқушының қандай жоғары 
мектепке түсетіні туралы мәселе шешіледі.  
Орта  білімнің  екінші  сатысы  (3  жыл)  котогакка  міндетті  емес,  алайда 
сәйкес  жас  топтарының  шамамен  97  %  қамтиды.  Котогаккода  екі  бөлім  бар: 
жалпы  білім  беру  (гуманитарлық  және  жаратылыстану  ғылыми  бағыттарына 
бөлінеді)  және  кәсіптік  (техникалық,  ауылшаруашылығы,  коммерциялық,  үй 
шаруашылығы  бағыты  және  теңіз  кәсіпшілігі).  Жастардың  36%  оқуын 
университеттер  мен  колледждерде  жалғастырады,  ал  12%  арнайы  оқу 
орындарында  жоғары  білім  алады.  Формалды  білім  жас  жапондыққа  тек 
қажетті  білім  мен  дағдының  тек  жартысын  ғана  беретінін  атап  өту  керек. 
Екінші  жартысын  ол  өз  бетінше  немесе  оны  жалдаған  кәсіпорында  өтуі  тиіс 
кәсіби дайындық құрайды.  
Жоғары  саты  жалпы  білім  беру  және  кәсіптік  бөлімдерге  бөлінеді. 
Біріншісі жоғары оқу орнына түсуге дайындыққа (академиялық бөлім), екіншісі 
осымен  өзінің  білімін  шектеуге  арналған  оқушыларға  арналған.  Бөлім  және 
топтарына  қарамастан  барлық  оқушылар  жапон  тілі,  қоғамтану,  математика, 
жаратылыстану,  классикалық  әдебиет,  саясиэкономия,  физика,  химия,  дене 
шынықтыру, бейнелеу өнері міндетті пәндерін оқиды. Бұдан басқа ұсынылатын 
міндетті пәндердің бірі – музыка, көркем өнер, еңбек каллиграфия, қыздар үшін 
– үй шаруашылығы, жігіттер үшін техника (өндіріс негізі). Апталық жүктеме – 
34-36 оқу сағатын құрайды.  

13 
 
Кәсіптік бөлімде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, комммерциялық қызмет, 
су  шаруашылығы,  балық  шаруашылығы  -  бес  топтың  бірін  таңдай  отырып, 
оқушылар 30 сынақтық бірлік (1 бірлік – 35 оқу сағатына тең) көлемінде таңдау 
бойынша пәндерді игереді. Коммерциямен айналысқысы келетіндер саны көп. 
Барлық  топтардың  (коммерциялықтан  басқа)  сондай-ақ  тар  көлемді 
мамандануы бар, мысалы, ауыл шаруашылығында бұл егін шаруашылығы, мал 
шаруашылығы. Бұдан басқа аптасына бір сағат қоғамдық қызметке жұмсалады.  
Жалпы,  Жапонияда  әртүрлі  бағыттар  бойынша  90-нан  астам  бағдарлама 
бар, бірақ әрбір мектепте оларды таңдау екі-үшеуімен шектеледі [9].  
Финляндияда  қазіргі  уақытта  ХХ  ғасырдың  90  жылдарының  ортасында 
әзірленген «оқитын қоғам» тұжырымдамасы қабылданған, оған сәйкес үздіксіз 
білім беру қағидаты іске асырылады.  
Базалық 9 жылдық білім берудің оқу жоспары дәстүрлі: ана тілі, шет тілі (2 
сыныптан  –  ағылшын  тілі,  7  сыныптан  бастап  елде  екінші  мемлекеттік  тіл 
болып табылатын швед тілі қосылады), математика, табиғаттану және экология 
(4-сыныпқа дейін), биология немесе география (5-ші сыныптан), химия, физика 
–  7-ші  сыныптан,  дін  немесе  этика,  тарих  немесе  қоғамтану  (5-ші  сыныптан), 
музыка, бейнелеу өнері және еңбекке баулу 7-сыныпқа дейін, дене шынықтыру. 
Факультативтік  пәндер  «таңдау  бойынша  сабақтар)  8  сыныптан  басталады 
(аптасына 7 сағ.). Апталық оқу жүктемесі 1-2 сыныптарда 19 сағаттан бастап 7-
9 сыныпқа қарай 30 сағатқа дейін ұлғаяды. Осылайша, 6 сыныпқа дейін балалар 
тұрақты және жеткілікті терең мазмұнды оқу пәндерінің жеткілікті жиынтығын 
оқиды.  
7-ші  сыныптан  бастап  мектеп  оқушысында  ұсынылатын  жиынтықтан 
жылына  таңдау  бойынша  үш  курсты  таңдап  өзінің  қызығушылығын  білдіруге 
мүмкіндік  туады  (өзінің  таңдауын  жыл  бойы  ауыстыруға  болмайды).  Таңдау 
бойынша пәндердің жиынтығы әртүрлі. Мысалы,  Hatsale классикалық жоғары 
мектепте бұл шет тілі (француз, неміс, орыс), жаратылыстану ғылымдары, АКТ, 
шешендік өнер, театр, музыка, үй шаруашылығы, тігін ісі.  
Бірдей  базалық  білім  алғаннан  соң  оқушылар  жоғары  мектепте  (general 
upper  secondary  schools)  немесе  кәсіптік  дайындық  мекемесінде  (vocational 
institutions and apprenticeship training – кәсіби бағдар және оқушының мақсаты) 
3-4 жыл бойы білім алады.  
Оқу  жылының  басында  әрбір  студент  «Вилла»  компьютерлік 
бағдарламасының көмегімен бір жылға жеке оқу жоспарын құрады (30 кредит): 
Ұсынылған 12 оқу пәнінен ол 8-ін таңдауы керек. Бір бөлігі міндетті, бір бөлігі 
–  таңдау  бойынша  пәндер.  Пәндер  бойынша  курстар  курстардың  тізімінен, 
олардың  қысқаша  мазмұны  мен  курсты  оқитын  оқытушы  көрсетілген  және 
курсқа  бөлінген  кредиттер  санынан  тұратын  материалдардың  электрондық 
түрінде  ұсынылады.  Әрбір  курс  үшін  алдын  ала  кесте  беріледі.  Бұл  оқушыға 
курсты  таңдау  кезінде  оларға  қатысуын  үйлестіруге  мүмкіндік  береді.  Курсқа 
алынатын студенттердің максималды саны 32 адамды құрайды. Бағдарламаның 
көмегімен  оқушы  қандай  курстарды  тапсырғанын,  қайсысынан  онда  қарызы 
бар  екендігін  бақылай  алады.  Тілек  білдірген  оқушы  басқа  лицейден  оған 

14 
 
қажетті  курсты  таңдауы  мүмкін.  Оқушы  курстар  таңдай  алатын  ашық 
университет  бар.  Қосымша  курстар  бойынша  жинақталған  кредиттер  лицейде 
немесе ары қарай университеттегі оқу кезінде есепке алынады [10].  
90-жылдардың  соңында  Ресейде  жоғары  оқу  орнында  ары  қарай  оқу 
мақсатында  олармен  таңдалған  білім  беру  салалары  бойынша  мектеп 
оқушыларын тереңдетіп оқытуға бағытталған жалпы білім беру мекемелерінің 
жаңа  түрлері  (лицей,  гимназиялар)  пайда  болды.  Сондай-ақ  көптеген  жылдар 
бойы  көркемөнер,  спорт,  музыка  және  т.б.  мамандандырылған  (белгілі 
дәрежеде  бейіндік)  мектептер  табысты  өмір  сүріп  және  дамып  келді.  Бұл 
процеске  білім  беру  мекемелері  мен  білім  беру  бағдарламаларының 
көпнұсқалығы  мен  көп  түрлі  типтерін  бекіткен  2002  жылы  Ресей 
Федерациясымен қабылданған «Білім беру туралы» Заңы ықпал етті.  
Мектептегі  оқу  жоспарының  құрылымы  онда  инварианттық  және 
варианттық  бөліктерді  сипаттау  қажеттілігімен  негізделген.  Оқу  жоспарының 
инварианттық  бөлігі  (түйіні)  оқушылардың  базалық  мәдениетін  қалыптастыру 
мақсатында  жалпы  мәдени  және  ұлттық  маңызды  құндылықтарға  араласуын 
қамтамасыз 
етеді. 
Оқушылардың 
жеке 
тұлғалық 
ерекшеліктерін, 
қызығушылықтары  мен  ынталарын  ескеретін  вариативтік  бөлік  оқу  процесін 
дараландыруға мүмкіндік береді.  
Оқу  жоспарының  өздерін  толықтыратын  және  салыстырмалы  түрде 
автономды  бөліктері  толықтай  тәуелсіз  емес.  Кез  келген  жалпы  білім  беру 
мекемесінің  оқу  жоспарында  олардың  түйісуінің  нәтижесінде  оқу 
сабақтарының  үш  негізгі  түрі  ажыратылады:  жалпы  орта  білімнің  базалық 
негізін  құрайтын  міндетті  дәрістер;  оқушылардың  таңдауы  бойынша  міндетті 
дәрістер; факультативтік дәрістер (таңдау бойынша міндетті емес дәрістер).  
2013  жылдың  7  ақпанында  қабылданған  №163-р  «2013-2020  жылдарға 
«Білім  беруді  дамыту»  Ресей  Федерациясының  мемлекеттік  бағдарламасына» 
және «2020 - Білім беруді дамыту тұжырымына» сәйкес «...әлеуметтену, кәсіби 
құзыреттілік пен қабілеттеріне акцентті күшейту кезінде оқушыларды кәсіптік 
даярлау  мүмкіндіктерін  кеңейтумен  қоса  жалпы  білім  берудің  жоғары 
сатысында кәсіптік оқытуды дамытуды» құру міндеті тұр [11].  
Кәсіптік  өзін-өзі  анықтаудың  бейіндік  оқытуы  және  ақпараттық 
қамтамасыз  етуі  бірінші  кезекте  өзінің  қарым-қатынастарын,  бейімін,  сол 
немеесе  басқа  қызметпен  айналысу  (немесе  айналыспау)  ынтасын  анықтауға 
арналған әртүрлі сынамалардың едәуір санын ұсынатын мектеп пәндері мен оқу 
курстарымен  жүзеге  асырылады.  Жоғары  сатыдағы  кәсіптіктің  идеясын  іске 
асыру  негізгі  сатының  бітірушісіне  білім  алуды  жалғастырудың  мүмкін 
жолдарына қатысты алдын ала айқындау – жауапты таңдау жасау қажеттілігін 
қояды.  
Кәсіптік  оқытуға  дейінгі  кезеңдегі  педагогтердің  мақсаты  –  оқушыларға 
олардың  қабілеті,  бейімі  мен  қызығушылықтарына  сәйкес,  бірінші  кезекте 
таңдау  бойынша  оқу  курстары  «пакетін»  таңдауда  оқушыларға  айқындалуға 
көмектесу.  
Таңдау бойынша курстар үш типке бөлінеді:  

15 
 
1)
 
бар  әдістемелік  қамтамасыз  етуді  қолдануға  негізделген  дәстүрлі 
пәндік  курстар  (мысалы,  кәдімгі  факультативтік  курстар,  оқу  модульдері, 
кәдімгі оқу пәндері бойынша қосымша дәрістердің топтамасы және т.б.);  
2)
 
пәнаралық  элективтік  курстар,  олардың  мақсаты  –  оқушыларда  қоғам 
мен табиғат туралы білімді интеграциялау;  
3)
 
базистік оқу жоспарына кірмейтін пәндер бойынша элективтік курстар.  
Элективтік 
курсттардың 
типтік 
көптүрлілігі 
мектеппен, 
жеке 
педагогтермен, сондай-ақ дәстүрлі емес оқу технологияларын (сондай-ақ білім 
беру  желісінің  құрамына  кіретін  құрылымдармен  жасалатын  және  іске 
асырылатын  «желілік  курстар)  қолданумен  құрылатын  авторлық  курстарды 
қамтиды.  
Бірінші курстың типтері негізінен прагматикалық функция (оқушыларды 9 
сыныптың бітіруші емтихандарын жақсы тапсыруға мақсатты дайындық); басқа 
типтің курстарына негізінен дамытатын функция тән болады.  
Таңдау  бойынша  авторлық  курстар  болуы  мүмкін,  олардың  құрылымы 
және  мазмұны  нақты  мән-жәйлардың  ретіне  байланысты,  вариативтік  сипатта 
болады, оның ішінде:  
–  оқушыға  муниципалды  білім  беру  желісін  ұсынатын  үшінші  сатыда 
бейіндер жиынтығының ерекшеліктері;  
– осы білім беру мекемесі мен муниципалды білім беру желісіндегі жалпы 
кадрлық  жағдай  (бейіндеу  сыныптарында  жоғары  оқу  мамандарын  жұмысқа 
тарту  немесе  ресурстық  орталықтардың  кадрлық  әлеуетін  қолдану 
мүмкіндіктері және т.б.);  
– оқушылардың құрамының ерекшелігі (саны, алдыңғы дайындық деңгейі, 
жыныстық  құрамы  және  т.б.).  Мүмкін  топтың  бір  бөлігіне  жетіспеушіліктерді 
жою  керек  болса,  басқаларға  –  тапсырманың  күрделі  жоғары  деңгейін  шешу 
тәжірибесін алу керек [12].  
Осылайша  таңдау  бойынша  курстар  шет  елдердің  бірқатарында  жоғары 
сынып  оқушыларын  бейіндік  оқыту  элементтері  болып  табылады  және 
педагогикалық  ғылым  мен  практиканың  негізгі  ізденісі  адамның  даму 
мүмкіндіктеріне,  оның  әлеуметтенуі  мен  өзгеретін  әлемде  бейімделуінің 
табыстылығына,  оқушылардың  қызметтің  әртүрінің  кең  спектріне  енуіне 
бағытталғандығын растайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
2
 
 ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігімен  ұсынылған  таңдау  курстары 
мазмұны мен ұйымдастырылуының талдамасы  
 
Қазіргі кезде республиканың жалпы білім беретін ұйымдарында Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  міндетті  оқуға  ұсынған 
таңдауы бойынша курстары оқытылады, олар:  
– «Абайтану» – 9-11 сыныптар;  
– «Дінтану негіздері» – 9-сынып;  
– «Өлкетану» – 7-сынып.  
9-11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсы таңдау пәнінің бағдарламасы 
2012  жылы  27  сәуірде  бекітілген  «Қазақстанның  ішкі  саясатындағы 
идеологиялық  менеджментті  қайта  жаңғырту  жөніндегі  2012-2013  жылдарға 
арналған  Жалпыұлттық  іс-шаралар  жоспарының»  41  және  42-  тармақтарына 
сәйкес  әзірленді.  «Абайтану»  курсы  оқу  бағдарламасы  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі  №115 бұйрығымен бекітілген және 2013-
2014 оқу жылында мектептердің оқу үдерісіне енгізілді.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-11-сыныптарына  арналған 
«Абайтану»  курсы  таңдау  пәнінің  жылдық  оқу  бағдарламасына  34  сағат 
бөлінген.  Оның  31  сағаты  бағдарламадағы  материалдарды  оқуға,  2  сағаты 
шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша 
алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.  
Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы  –  халқымыздың  ғасырлар  бойы 
маңызын  жоймайтын  рухани  қазынасы.  Абайды  тану,  бағалау,  насихаттау, 
оқыту  қоғамдық  ой-санада  тың  серпілістер  туғызары  анық.  Сондықтан  заман, 
уақыт  талабына  орай  Абайды  жаңа  қырынан  тану,  ғылыми  тұрғыдан  тың 
байламдар  жасау,  ақынның  мұрат-мақсаттарын  бүгінгі  жастарымыздың 
санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.  
Келер  ұрпақты  елін,  жерін  сүйетін  елжанды,  отансүйгіш  етіп  тәрбиелеу 
міндеті  білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  басым  бағыты  болып 
табылады.  
«Абайтану  курсының  негізгі  мақсаты  –  Абай  Құнанбайұлының  қазақ 
әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең 
өнеріндегі  қайталанбас  өзгешелігін,  ойшыл,  кемеңгерлігін  танытуға 
бағытталған.  
Курсты оқытудың міндеттері:  
– қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;  
–  Абайтанудың  кезеңдерін  саралап,  шығармашылығындағы  тұлға 
концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;  
–  Абайдың  шығыс  пен  батыс  әдебиетін  терең  меңгеруінің  мәні  мен 
маңызын жан-жақты ашу;  
–  ұлы  ақынның  өмірбаяндық  тың  деректеріне  сүйене  отырып,  қазақ 
әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;  
–  ақын  шығармаларындағы  ғылым,  білім,  ақындық  өнер,  елдік 
мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;  

17 
 
–  Абай  шығармаларын  оқып-білудің  өзектілігін,  Абайтану  ғылымының 
мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;  
–  қазіргі  Абайтанушы  ғалымдардың  ақын  шығармаларын  зерттеу, 
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету; 
– Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;  
–  Абайдың  ақындық  мектебі,  поэзиясындағы  дәстүр  мен  жаңашылдық 
ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту;  
Абай  және  қазіргі  қазақ  әдебиетінің  рухани  байланысын  ғылыми  негізде 
пайымдау;  
–  ақын  қарасөздерінің,  өлеңдерінің,  поэмаларының,  аудармаларының,  ән 
мен күйлерінің мазмұны адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, 
әділеттілікті,  татулықты,  бірлікті  жырлайтындығын  келер  ұрпаққа  үлгі-өнеге 
ету» [13].  
«Абайтану» курсы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби 
мектебі,  Абайтану  мәселелері,  тәлім-тәрбиелік  мәні  зор  қарасөздері,  өлеңдері, 
поэмалары  және  поэзияға  қойған  биік  мақсаттары  топтастырылып  берілді. 
Абайдың  шығыс  пен  еуропа,  орыс  әдебиеті  классиктерінің  туындыларымен 
жете  танысуы,  оның  шығармашылық,  ақындық  өнеріне  игі  ықпалын  тигізіп, 
поэзия  мен  қарасөз  жанрында  теңдессіз  дүниелер  тудырғанын  шәкірттердің 
санасына  жеткізу.  Абайдың  әдеби  мұрасы  дүниежүзі  халықтары  әдебиетінің 
алтын  қорына  қосылған  жәдігер  туындылар  екендігін  жас  буын  ұрпаққа  үлгі-
өнеге  ету.  Мектеп  оқушыларына  Абай  шығармашылығының  ұлттық 
әдебиетіміздің  өркендеуіне  жасаған  идеялық-көркемдік  ықпалын  жан-жақты 
саралай  отырып  терең  ғылыми  негізде  ұғындыру.  Абайтанудың  тарихи, 
ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуге баулу.  
9-сыныпта  жас  ерекшеліктеріне  қарай  берілген  Абай  шығармаларының 
мазмұны  10-11-сыныптың  «Абайтану»  курсының  оқу  бағдарламасында 
кеңейтіліп,  спираль  тәріздес  дамытылып  берілген.  9-сыныпта  Абайдың  өмірі, 
Абай  ақындығының  бастаулары,  Абай  шығармаларындағы  шығыстық 
сарындар,  Абай  және  орыс,  батыс  әдебиеті,  Абай  мұрасының  орыс  және  өзге 
тілдерде  танылуы,  Абайтану  мәселелері,  Абай  шығармаларындағы  ғылым, 
білім тақырыбы, Абай танымындағы ән мен күй, поэмалары берілген.  
10-11-сыныпта  Абай  мұрасының  XX  ғасырдың  отызыншы-алпысыншы 
жылдарындағы  зерттелу  жайы,  қазіргі  абайтанудағы  өзекті  мәселелер,  өнер, 
білім,  қоғамдық  құрылыс,  тарих,  ел,  махаббат,  азаматтық  көңіл-күй,  сыншыл, 
сатиралық  мазмұндағы  шығармалары,  ақын  шығармаларындағы  исламдық 
дүниетаным  және  Алланы  тану  туралы  философиялық  ойлары,  қарасөздері, 
өлеңдері  және  аудармалары,  поэмалары  топтастырылып  берілді.  Абайдың 
талантты  ақын  шәкірттерінің  шығармашылығына  да  көңіл  бөлінді.  Абай 
шығармашылығындағы  тұлға  болмысы,  толық  адам  танымдарының  идеялық-
көркемдік  ұстаным  негізіндегі  байламдарын  байыпты  бағдарлауға  назар 
аударылды.  
Жалпы  орта  білім  беретін  мектепте  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  бір 
саласы  Абайтануды  оқытудың  маңызды  екені  белгілі.  Абай  өлеңдері  мен 

18 
 
қарасөздерінің  тәрбиелік  мәні  зор,  идеялық  деңгейі  жоғары.  Абай  көтерген 
мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ.  
Абай – адамзат ақыл-ойы мен ақындығының ірі тұлғасы. Абай ең алдымен 
кемеңгер ойшыл ақын, хакім. Әдебиеттану саласы бойынша көптеген ғалымдар 
Абайды  тануға  айтарлықтай  үлестерін  қосты.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымының 
тәуелсіздік  кезеңінде  Абай  мұрасына  белгілі  Абайтанушы  ғалымдар  сүбелі 
еңбектер арнады. Абай шығармаларын оқыту әдістемесіне де арналған біршама 
еңбектерде  жарық  көрді.  Қ.  Бітібаеваның  «Мектепте  Абай  шығармаларын 
оқыту», Ұ.Әбілдаұлының «Абайды оқу әліппесі: (Төменгі сынып оқушыларына 
ұлы  ақындық  таныстыру)»,  М.  Жүсіповтің  «Орта  мектептегі  Абайтану  және 
оның  негізгі  бағыттары»,  Н.  Омашевтің  «Абайтануды  оқытудың  тиімділігі», 
З. Қазмағамбетованың  «Ақын  шығармаларын  оқыту»,  Т.  Рахметованың 
«Бастауыш  кластарда  Абай  шығармаларын  оқыту»  т.б.  еңбектерін  атап  өтуге 
болады.  
Жалпы  білім  беретін  мектептің  9-11-сыныптарында  Абайтану  курсын 
оқытудағы мақсат не? – деген сұрақ туындауы мүмкін.  
Біріншіден, қазақ әдебиеті пәнінде Абайдан басқа да тұлғалар, әдебиеттің 
кезеңдері оқытылады.  
Екіншіден, оқу бағдарламасындағы оқуға берілген сағат саны ақын әлеміне 
терең  бойлауға  мүмкіндік  бермейді.  Сондықтан  ұлттың  идеологиясы,  хакім 
Абайдың мұрасын оқып, «толық адам» болуға ұмтылу үшін «Абайтану» таңдау 
курсын оқытудың маңызы ерекше. Бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында батысқа 
еліктеп,  халықтық  салт-дәстүріміз  бен  ата-бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық 
тәрбиеден  алыстап  бара  жатқандардың  жиі  кездесіп  қалатыны  жасырын  емес. 
Осындай  жағымсыз  құбылыстан  құтылудың  рухани  жолы  ұрпақты  Абайдың 
әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз. Бұл айтылғандарға 
абайтанушы  ғалым  М.  Мырзахметұлының:  «Қазақ  халқының  ой-санасының, 
дүниетанымының  шыңы  Абайдың  әдеби  мұрасында  жатыр.  Жастардың 
адамгершілік  мінез-құлқын,  адами  қалпын  қалыптастыруда  Абайтану  ілімі 
іргетасқа  айналып  отыр.  Осы  себепті,  ең  алдымен,  Абай  мұрасын  меңгеру, 
терең  танып  білу  –  бүгінгі  күннің  аса  қажетті  мәселесі»,  –  деген  ойлары 
дәлел [14].  
Қолданыстағы негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11-
сыныптары  үшін  «Абайтану»  курсының  типтік  оқу  бағдарламасында  Абай 
мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылған 
және  ақынның  өмір  жолынан,  туып-өскен  ортасы  мен  әдеби  мектебі,  тәлім-
тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға 
қойған биік мақсаттары, қазіргі Абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып 
берілген.  
Абай  шығармашылығындағы  тұлға  болмысы,  толық  адам  танымдарының 
идеялық-көркемдік  ұстаным  негізіндегі  байламдарын  байыпты  бағдарлауға 
назар 
аударыла 
отырып, 
Абайдың 
талантты 
ақын 
шәкірттерінің 
шығармашылығына көңіл бөлінген.  
Абайдың  дүниетанымының  қалыптасуында  шығыс  мәдениетінің  ықпалы 

19 
 
зор  болған.  Кеңес  заманында  бұл  тақырып  жабық  болды.  Абайтанушы  ғалым 
М. Мырзахметұлы «Абайды баяғы ескі кеңестік стеротиптік сарынмен оқытуға 
болмайды.  Оған  бұдан  былайғы  жерде  жол  берілмеу  керек.  Біз  осы  күнге 
дейінгі  пайдаланып  келген  оқулықтарда  Абайды  атеист,  материалист  етіп 
көрсеткенбіз.  Кеңестік  саясатқа  байланысты  барлық  буын  Абайды  осылай 
таныды.  Бүгінгі  уақыт  басқа,  дүниетаным  өзге,  олар  тәуелсіз  санаға  қарай 
бейімделу  үстінде.  Абайды  жаңаша  қырынан  танып,  тәуелсіздік  рухы 
тұрғысынан  бағалайтын  сәт  туды  деп  ойлаймын»  [15]  –  деген  еді.  Сондықтан 
бағдарламаның  11-сыныбында  «Алла  мінсіз  әуелден,  пайғамбар  хақ»  деген 
тақырыпта  арнаулы  қамтылған  ақын  шығармаларындағы  исламдық 
дүниетаным  және  Алланы  тану  туралы  философиялық  ойлары,  Абайдың  діни 
танымы, «Толық адам» философиясы, Абай іліміндегі «Хауас» мәселесіне жеке 
тоқталып, талдауды мақсат еттік.  
Абай дүниетанымының қалыптасуындағы Шығыстық, соның ішінде түркі 
әлемінің рухани қазына көздерінің алар орынын терең байыптай әрі пысықтай 
келе, «Абай дүниетанымының қалыптасу негізінің арналары – ақын мұрасының 
рухани  нәр  алған  қазына  көздерінде,  онда  да  оның  Шығыстық  жағалауында 
жатыр.  Әсіресе,  Абайдың  адамшылық  идеалы  болған  «толық  адам»  туралы 
ілімінің  дерек  көздерін  сопылық  классикалық  поэзия  мен  сопылық  ғылыми-
теориялық  еңбектерден  ғана  таба  алмақпыз.  Абайдың  дүниетанымындағы  асу 
бермес  биік  белестей  көсіліп  жатқан  адамшылық  жолдағы  асыл  мұраттары  – 
ислам әлеміндегі сопылық іліммен тікелей байланыста жатқан рухани құбылыс 
екенін мойындауға тура келеді» [14] – деп түйеді.  
Адам болу туралы ой-танымына орай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде 
көп  нәрсенің  төркінінен  хабар  беруі  себепті,  М.  Әуезов  ол  өлеңді  «Абайдың, 
әсіресе, көп ой қорытып  айтқан  мағыналы  және програмдық бір өлеңі»,  – деп 
ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың:  
Бес нәрседен қашық бол,  
Бес нәрсеге асық бол,  
Адам  болам  десеңіз,  –  деп  адам  бойындағы,  мінез-құлқындағы  қарама-
қарсы  ұғымдардың  сырын  7-қарасөзінде  айтылатын  «жанның  тамағы»  дейтін 
пәлсапалық  мағынасы  бар  ұғыммен  салыстыра  отырып  сырын  ашсақ,  көп 
мәселенің тамырын дөп басамыз.  
Абай  танымындағы  «жанның  тамағы»  жан  қуаты  арқылы  біртіндеп 
қорланатын  рухани  байлықты  меңзейді.  Өйткені  Абай  «...  құмарланып  жиған 
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді»,   деп көрсетуі арқылы 
әрбір  талапкер  жас  өзінің  дүниетанымының  қалыптасу  жолында  жанның 
пайдалы  тамағымен  сусындауға  саналы  түрде  бет  бұрса  ғана  толық  адам 
жолына түсе алмақ, болмаса жоқ деп көрсетеді [16].  
Ақынның  «бес  нәрседен  қашық  бол»  деп  таңбалап  отырғаны  адамды 
аздыратын  жанның  зиянды  тамақтары  болып  шығады.  «Әуелде  бір  суық  мұз 
ақыл зерек» өлеңінде:  
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:  
Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек,  –  деп  ой  байламын білдіргенде 

20 
 
қайрат, ақыл, жүрекке ерекше мән береді.  
Оқушыларға  Абайды  танытуда  біз  Абайдың  діни  танымы,  «Толық  адам» 
философиясы, Абай іліміндегі «Хауас» мәселесіне ерекше тоқталуымыз керек. 
Сонда барып Абай әлемін терең бойлап, жас ұрпақтың бойына ақын армандаған 
кемел адамның қасиеттерін дарыта аламыз.  
Оқушылардың  «Абайтану»  курсы  бойынша  алған  білімдерін  бағалау  мен 
тексерудің мынандай жолдарын ұсынуға болады:  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет