Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата04.02.2017
өлшемі1,8 Mb.
#3416
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Курстардың түрлері  
Сыныптар/мектеп саны  
7-9 
10-11 
Табиғатты тану әдістері 
812 
854 
Білімді тереңдету 
741 
512 
Есеп шығару тәсілдері 
703 
898 
Білімді тәжірибеде қолдану 
630 
812 
Физика ғылымының даму тарихы 
532 
453 
Пәнаралық курстар 
425 
542 
 
Оқу пәнін тереңдетуге бағытталған курстар:  
1. Пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған курстар.  
2.  Мақсаты  –  оқушыларға  білімді  практикада  және  өндірісте  қолданудың 
маңызды жолдары және әдістерімен таныстыру болып табылатын курстар.  
3. Табиғатты тану әдістерін оқып-үйренуге бағытталған курстар.  
4. Пәндердің тарихына арналған курстар.  
5. Физикалық эксперименттің негізінде есептерді шығаруға, құруға, шешу 
әдістерін оқып-үйренуге бағытталған курстар.  
6. Пәнаралық курстар.  
7-9 сыныптардағы «Физика» пәні бойынша курстарды талдау олардың көбі 
табиғатты тануға бағытталғандығын көрсетті:  «Физика: бақылау, эксперимент, 
модельдеу», «Физикалық шамаларды өлшеу». Оқушылардың табиғат пен қоғам 
туралы  білімдерін  кіріктіруге  бағытталған  пәнаралық  курстарға  аз  көңіл 
бөлінеді.  

44 
 
10-11 сыныптарда барлығы – 4071 курс. Физикалық эксперимент негізінде 
есептер  шығаруға,  құруға,  шешу  әдістерін  оқып-үйренуге  көбірек  көңіл 
бөлінсе, ал физика пәнінің тарихына арналған курстар өте аз.  
Ұсынылған  тақырыптардың  көпшілігіне  бағдарламаның  таңдамалы 
талдауы жасалды (7-кесте).  
 
7-кесте – «Физика» пәні бойынша таңдау курстары мазмұны  
№ 
Курс 
тақырыб
ы 
Мұғалім
нің аты-
жөні  
 
Сын
ып 
Мақсаты 
Міндеттері 
Ерекшеліктері 








Ғарыш 
физикас
ы 
Кушумо
ва А.М.  

Эксперименттік 
тапсырмаларды 
қолдануда 
оқушылардың 
білімін 
тереңдету 
Ғылыми және 
шығармашылық 
қабілеттерін 
арттыру, физика 
ғылымының 
ерекшеліктерін 
оқып-үйрену 
Физика, 
инженерия, 
радиотехника, 
кибернетика, 
техника 
мамандықтарына 
бейімдеу  
 

Физикан
ың 
заманау
и 
проблем
алары  
Казиолл
а Т.  

Ғылыми-
жаратылыстану 
дүниетанымын, 
оның физикалық 
аспектілерін 
қалыптастыру 
 
Физикалық 
құбылыстарды 
оқып-
үйрену,өзіндік 
зерттеу жұмысын 
істеу дағдысын 
қалыптастыру; 
экологиялық 
мәдениет 
қалыптастыру  
 
Ғылым мен 
техника арқылы 
заманауи 
технологияларды 
танып-білу 

Менің 
үйім 
және 
оның 
ішіндегі
нің бәрі 
Ударцев
а В. М. 
7-9 
Заманауи 
ақпараттық 
кеңістікте тұруға 
және әрекет 
етуге қабілетті 
құзіретті, 
креативті 
тұлғаны 
қалыптастыру  
 
Тіршілік 
қарекетінде 
және 
қоршаған 
әлемде 
қажетті  білім  мен 
дағдыларды 
дамыту 
 Өзін-өзі дамыту, 
бейімдеу және 
өзін-өзі жүзеге 
асыруға 
бағытталған 
тұлғаны 
қалыптастыру 

Экспери
менттік 
және 
логикал
ық 
есептерд
і 
шығару  
 
Максуто
ва Н.М. 
10 
Есептерді 
шығару 
дағдыларын 
дамыту 
Алғанбілімді 
өмірде қолдануға 
арналған 
логикалық ойлауын 
дамыту 
 
Теория мен 
практиканы 
логикалық және 
практикалық 
есептерді шешу 
арқылы 
ұштастыру 

45 
 
7-кестенің жалғасы 
 








Биофи 
зика 
Коспано
ва Р.Т. 
Абдрахм
анова 
Р.Х. 
10-
11 
Ғылымдарды 
(физиканы, 
биологияны) 
кіріктіру  туралы 
білімді  
қалыптастыру 
Мамандық 
таңдауға 
қажетті 
физика мен техника 
білімдеріне 
оқушылардың 
қызығушылықтары
н қалыптастыру 
Биомеханика мен 
биофизика 
сұрақтарын 
қарастыру 

Физикал
ық 
есептерд
і 
шығару
ды 
жүйелеу  
 
Даужано
ва Ж.Б. 
11 
Тест 
тапсырмаларын 
шығару 
дағдыларын 
дамыту 
Физикалық 
есептерді шығару 
дағдыларын 
қалыптастыру, 
физикаға 
қызығушылықтары
н қалыптастыру 
Теория мен 
практиканы 
есептерді шешу 
арқылы 
ұштастыру 
 
7-9  сынып  оқушыларына  арналған  «Менің  үйім  және  оның  ішіндегінің 
бәрі»  бейіналды  курсының  бағдарламасы  (авторы  В.М.  Ударцева)  мазмұны 
бойынша басқаларынан ерекшеленеді.  
Ұсынылып  отырған  бейіналды  курсының  бағдарламасы  МЖМББ-на 
сәйкес  әзірленген.  Ол  7-9  сыныптарға  арналған  тұтастай  физика  курсын 
ұсынады  және  жобалық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  дағдысын  қалыптастыруға, 
архитекторлық-құрылыс  және  бір-бірімен  байланысты  мамандықтар  бойынша 
алғашқы кәсіби білім алу құралы ретінде алған білімді қолдануға бағытталған 
шағын  курстарға  бөлінген.  Бағдарлама  қабілеттілікті  белсенді  дамытудың 
технологиясына,  ұғынудың  сенсомоторлық  синтезіне  және  ақпаратты  өңдеуге 
негізделген  оқушылардың  өзіндік  іс-әрекеттеріне  сүйенеді.  Бағдарламаның 
түйінді құралы болып білім беру процесінің медиялық сүйемелдеуі табылады.  
Таңдау  курстары  оқушылардың  қабілеттілігі  мен  қызығушылығын, 
олардың  болашақ  мамандықтарына  дайындықтарын  ескеретін  кәсіптік 
сипаттағы білімді қалыптастырады.  
Кәсіптік білімге жатады:  
– ғылымның жеке бағыттары (мысалы, тірі табиғаттағы биология, физика 
тарихы, физикалық эксперимент және басқалары);  
–  бағдарламаның  базалық  бөлімін  толықтыратын  немесе  ашатын 
тақырыптар мен сұрақтар (техникадағы электрлік, медицинадағы жылу үдерісі, 
ауыл шаруашылығындағы жарық құбылыстары және басқалары);  
–  кешендік  таным  және  жаңғырту  объектілері  (теңіз,  орман,  су,  от, 
автокөлік, тағам, адам, ғаламшар және т.б.);  
– оқушылардың өзіндік жұмыстарына арналған жеке сұрақтар.  
Бейіналды  курсты  ұйымдастырудың  негізгі  құралдарына  «МегаКВАНТ» 
ЖШС  және  «Жастардың  жетістіктері»  АБО  әзірлеген  кешендер  жатады.  Оған 
кіретіндер:  
1. Өзіндік іс-әрекетті ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға арналған 
жұмыс дәптерлері;  

46 
 
2. Электрондық білім беруші компонент келесі блоктар жүйесін ұсынады:  
– ақпараттық-мультимедиялық ұсынылым (оқыту);  
– оқу материалының интерактивтік сүйемелдеу (дамыту);  
– ББД блок мониторингі;  
– ақпараттық-анықтамалық блок;  
– білімді өзіндік бақылау блогы.  
Аудио-видео компонент өзіндік басқару қабілеттігін дамытуға арналған.  
7-сыныптың  курсы  «Архитектурадағы  физика»  деп  аталады  (34  сағат, 
аптасына 1 сағат), 8-сыныпта – «Экоүй» (34 сағат, аптасына 1 сағат), 9-сыныпта 
– (34 сағат, аптасына 1 сағат).  
«Физикалық  экономика»  курсы  материалдық  (физикалық)  өндіріс 
шеңберінің  ерекшеліктері  мен  даму  принциптерін  оқып-үйретеді.  Курстың 
мақсаты  –  адамзаттың  Жер  бетінде  ұзақ  болуын  қамтамасыз  ететін  үздіксіз 
ғылыми-технологиялық прогрестің базасында «нарықтық себетті» сандық және 
сапалық жақсарту.  
Оның  ішінде  есептерді  шешу  әдістерін  оқып-үйренуге,  физикалық 
эксперимент  негізінде  есептерді  құруға  және  шешуге  арналған  11-сыныпқа 
арналған  қолданбалы  курстар  да  бар,  мысалы,  «Физикалық  есептерді  шешуді 
жүйелеу»  (авторы  Ж.Б.  Даужанова).  Курс  физика  бойынша  эксперименттік 
және  тестілік  тапсырмаларды  шығару  дағдыларын  қалыптастыруға  ерекше 
көңіл  бөледі.  Курс  оқушылардың  физикаға,  физикалық  есептерді  шығаруға 
қызығушылығын арттырады.  
Қолданбалы курс оқушылар жиі кездесетін шынайы қиындықтарды есепке 
ала  отырып,  физикалық  есептерді  шығаруды  оқытудың  тұтас  және  жүйелі 
амалдарын қамтамасыз етеді.  
Р.Т.  Қоспанова  мен  Р.Х.  Абдрахманова  әзірлеген  10-11  сыныптарға 
арналған  «Биофизика»  таңдау  курсы  ғылыми-жаратылыстану  цикліндегі  екі 
пәннің  –  физика  мен  биологияның  кіріктірілуіне  арналған.  Кең  көлемді 
танымдық 
материал, 
түрлі 
биофизикалық 
құбылыстардың 
анализі, 
эксперименттік  тапсырмалар,  сонымен  қатар,  шешуі  үшін  қалай  физиканың, 
солай биологияның білімі қажет тапсырмалардың саналуан түрлері ұсынылған.  
Курста  физикалық  заңдар  мен  адам  ағзасында  жүретін  үдерістер 
арасындағы байланыс қарастырылады және биомеханиканың кейбір сұрақтары 
қарастырылған. Мысалы, ірі ұлпалар мен мүшелердің механикалық қасиеттері, 
сонымен  қатар,  тұтас  ағзада  қалай  жүрсе,  мүшелерінде  де  солай  жүретін 
механикалық  құбылыстар,  адамның  және  жануардың  дыбысқабылдаушы,  әрі 
дыбыстүзуші  құрылымы  мен  жұмысын  зерттейтін  физиологиялық  акустиканы 
қарастыратын биофизика бөлімі.  
Курста зерттеуші сипаттағы лабораториялық жұмыстар, оқушылардың оқу 
жобаларын  орындау  кезіндегі  өзіндік  жұмыстары  орын  алған.  Авторлар  жеке 
бөлімдердің мазмұнынан тұратын толық курсты ұсынады.  
Жүргізілген таңдау курстарының талдауы көрсеткендей:  
–  мкурс  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларының  функционалдық 
дамуына,  тұлғаның  креативті  қасиеттерінің  қалыптасуына  жеткіліксіз 

47 
 
бағытталған;  
–  курс  базалық  оқу  бағдарламаларында  жоқ  аспектілер  мен  тақырыптар 
бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеруді жеткілікті қамтамасыз етпейді;  
–  зерттеушілік  ізденіске  және  өзіндік  шығармашылық  іс-әрекетке 
бағытталған курстар жеткіліксіз.  
Қазақстанның  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі  «Химия»  пәні 
бойынша  таңдау  курстарының  тақырыптарын  талдау,  олардың  оқушылардың 
жас  ерекшеліктеріне  сәйкестігін  көрсетті  (8-кесте).  Мысалы,  5-8  сыныптарда 
«Жас химик» және «Айналамыздағы химия» курстары кең таралған. Сонымен 
қатар, республикамыздың мектептерінде «Химия тұрмыста», «Химия бойынша 
есептерді  шығару  әдістері»,«Химия  және  қоршаған  орта»  сияқты  практикаға 
бағытталған курстар да жиі жүргізіледі.  
 
8-кесте  –  «Химия»  пәні  бойынша  жалпы  білім  беретін  мектептерің  курстық 
тақырыптарды таңдауы туралы жалпы мәлімет  
 
№  Сынып
тар 
Курстық тақырыптар 
Таңдаған 
мектептер 
саны 
Үлесі 


5-7 
Жас химик 
179 
2,5 
Химия айналамызда 
165 
2,3 

8-9 
Тұрмыстық химия 
988 
13,7 
Химиялық есептерді шығару әдістері 
812 
11,2 
Химиядан  сандық  және  эксперименттік  есептер 
шығару 
155 
2,2 
Химия және қоршаған орта 
689 
9,5 
Химиядан күрделілігі жоғары есептерді шығару 
252 
3,5 

10-11 
 
Бейорганикалық 
және 
органикалық 
қосылыстар 
химиясы 
64 
0,9 
Органикалық химияның есептерін шығару жолдары 
75 
1,0 
 
Химия пәні бойынша курстар, республикамыздың барлық аймақтарындағы 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  өткізіледі.  Мектептерде  өткізілетін  жалпы 
курстар саны – 5863 (9-кесте).  
 
9-кесте  –  «Химия»  пәні  бойынша  жалпы  білім беретін  мектептерде  өткізілетін 
таңдау курстары туралы жалпы мәлімет  
№ 
Аймақтар атауы 
(обл/қала) 
Барлық 
мектептер 
саны 
Курстар өтетін 
мектептер 
саны 
Сыныптар бойынша 
курстардың бөлінуі 
5-9 сынып 
10-11 сынып 







Ақмола 
592 
186 
152 
119 

Ақтөбе 
428 
113 
64 
42 

Алматы 
734 
226 
108 
118 

Атырау 
193 
217 
130 
105 

Батыс Қазақстан 
397 
339 
142 
193 

Жамбыл 
450 
223 
184 
35 

48 
 
9-кестенің жалғасы 







Қарағанды 
531 
138 
69 
86 

Қостанай 
548 
147 
79 
66 

Қызылорда 
292 
210 
24 
186 
10  Маңғыстау 
130 
41 
28 
13 
11  Оңтүстік Қазақстан 
1021 
1532 
466 
1066 
12  Павлодар 
405 
239 
109 
130 
13  Солтүстік Қазақстан 
547 
156 
127 
31 
14  Шығыс Қазақстан 
676 
1252 
872 
529 
15  Алматы қаласы 
201 
131 
53 
139 
16  Астана қаласы 
77 
398 
178 
188 
 
ҚР 
7222 
5863 
1682 
1980 
 
Алайда,  өткізілетін  курстар  саны  барлық  аймақтарда  бірдей  емес.  Ең  көп 
өткізілетін курстар саны Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі 
(1532 және 1252). Ал Маңғыстау облысында курстар өткізілетін мектептер саны 
өте  аз:  небәрі  41.  Республикамыздың  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі 
химия пәні бойынша таңдау курстарының тақырыптары сыныптар арасында (5-
7, 8-9 және 10-11-сыныптарда) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 
топтастырылған.  
Атап айтқанда, 2014-2015 оқу жылында еліміздің 7222 жалпы білім беретін 
мектептер арасында 5-7 сыныптарда «Жас химик» және «Химия айналамызда» 
сияқты курс тақырыптарын 179 және 165 мектеп таңдаған (2,5 және 2,3%).  
8-9-сыныптар  аралығында  «Тұрмыстық  химия»  курсы  988  мектепте, 
«Химиялық  есептерді  шығару  әдістері»  –  812,  «Химия  және  қоршаған  орта» 
және  «Химиядан  күрделілігі  жоғары  есептерді  шығару»  таңдау  курстары  689 
және  252  мектепте  өткізілетіні  анықталды.  Ал,  10-11  сынып  аралықтарында 
«Бейорганикалық және органикалық қосылыстар химиясы» және «Органикалық 
химияның  есептерін  шығару  жолдары»  тақырыптары  бойынша  таңдау 
курстары 64 және 75 мектепте өткізіледі (10-кесте).  
 
10-кесте  –  Қарағанды  қаласындағы  мектеп  мұғалімдерінің  9-11  сынып 
оқушыларына  әзірлеген  химия  пәні  бойынша  таңдау  курстарының 
тақырыптары  
 
№  Тақырыбы, әзірлеуші  
 
Мақсаты  
Міндеті  

 




Химия пәнінен типтік 
есептерді шығару 
(Файзуллина И.К. 
Жамбыл атындағы 
ДБМ мектеп-
интернаты, 8-сынып)  
 
Күнделікті 
өмірмен 
байланысты 
есептерді 
шығарта 
отырып, 
оқушылардың 
білім 
деңгейін арттыру 
Оқушылардың  ойлау  санасын, 
шапшаңдылыққа, 
пәндік 
икемділікті дамыту; 
Есеп  шығарту  арқылы  игерген 
білімдерін тереңдету
 

49 
 
10-кестенің жалғасы  





Химиядан 
сандық 
есептерді шығару 
(Сатмолдина 
Ф.А. 
Н.Нұрмақов  атындағы 
ДБМ 
мектеп-
интернаты, 
9-10 сыныптар
Есеп  шығару  кезінде 
оқушының 
табиғаттың 
біртұтастығына 
көз 
жеткізіп,оның  әр  түрлі 
ғылым 
салаларынан 
алған 
білімін 
өзара 
ұштастыра,толығымен 
қолдануына 
мүмкіндік 
беру  
Оқушыларды  өз  бетімен  белсенді 
жұмыс істеуге үйрету; 
Оқушылардың 
білім, 
білік, 
дағдыларын 
тұрақты 
қалыптастыру;  Оқытуды  өмірмен 
тығыз 
байланыстыру; 
Курсты 
оқыту 
барысында 
кәсіптік 
бағдарлау мәселелерін шешу. 

Химия 
пәнінен 
олимпиадаға 
және 
ғылыми жобаға 
дайындық жүргізу 
(Г.С. Жумагулова, 
Г.М. 
Кадирберлина, 
Қарағанды қаласы ДБМ 
«Дарын» мектеп – 
интернаты,  
8-9 сынып)  
Химия  пәні  бойынша 
алған 
білімдерін 
тереңдетіп, 
одан 
әрі 
білімдерін 
жетілдіруде 
күрделі 
құрылымды 
олимпиадалық  есептерді 
жүйелей  білу,  олардың 
шығарылу 
жолдарын 
қарастыру, 
сондай-ақ 
ғылыми 
құрылымды 
үлкен 
тақырыптарды 
жүйелеп,  мақсат  пен 
міндеттерін  айқындауға, 
зерттеу 
бөлімдеріне 
алғашқы  қадам  жасауға, 
күрделі 
құрылымды 
тестілермен 
жұмыс 
жасауға үйрету 
Олимпиадалық  есептердің  әртүрлі 
деңгейдегі 
түрлерінің 
шығару 
жолдарын ұғындыру; 
Оқушыға  зерттеу  жұмыстарының 
жолдарын 
ұғындыру; 
Оқушыларды  өз  бетінше  жұмыс 
істеуге,  қосымша  әдебиеттермен 
жұмыс жасай білуге үйрету; 
Аталған  мақсатқа  жету  үшін 
күрделі 
құрылымды 
олимпиадалық  есептер  мен  тест 
тапсырмаларын  шығара  білуге 
үйрету;  
Жаратылыстану  –  математика 
бағыты  бойынша  таңдаған  пәні 
бойынша 
болашақта 
қажетті 
мәліметтер жинақтау 

Жаңашыл 
технологияларды 
химия сабағында 
қолданудың тиімді 
жолдары 
(тәжірибелі – 
эксперименттік жұмыс) 
(К.С. Жумагулова, 
Қарағанды қаласы ДБМ 
«Дарын» мектеп – 
интернаты, 12-сынып)  
Жаңа  технологияларды 
қолдану 
арқылы 
(модульдік 
оқыту, 
кредиттік 
оқыту, 
деңгейлеп оқыту, дамыта 
және 
үйрете 
оқыту 
технологиялары)  өндіріс 
және 
экологиялық 
тақырыптарға 
байланысты 
эксперименттік  есептер 
шығару;  
Сабақта 
құзыреттілікті 
қалыптастыруға 
бағытталған 
тапсырмаларды өз бетімен ізденіп, 
орындау;  
Заман  талабына  сай  оқушының 
танымдық  үлгідегі  тапсырмалар 
орындауына 
жағдай 
жасау; 
Оқушылардың 
химия 
пәні 
бойынша 
алған 
білімдерін 
практикамен  ұштастыра  отырып, 
одан 
әрі 
жетілдіру, 
шығар-
машылық мүмкіндіктерін шыңдау. 

Құзіреттілікті 
қалыптастыруға 
бағытталған 
сабақтарды химия 
сабағында қолданудың 
тиімді жолдары 
(Жұмағұлова К.С., 
Францен Е.А., 
Қарағанды облыстық 
ДБМ «Дарын» мектеп – 
интернаты, 12 сынып) 
Оқушылардың 
шығармашылық 
мүмкіндігі  мен  өзіндік 
қабілеттерін 
жаратылыстану 
бағытындағы  химия  пәні 
бойынша 
алған 
білімдерімен  жетілдіре 
отырып,  оқушылардың 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыру. 
Оқушының 
теориялық 
алған 
мәліметтерін  практикада,  өмірде 
пайдалана алуына жол ашу 
жаратылыстану 
– 
математика 
бағытын 
таңдаған 
пәнінен 
болашақ мамандыққа бағыттау  

50 
 
10-кестенің жалғасы  





Химия әлемінде 
(Төленова С.А. 
Қарағанды қ.№77 
ЖББМК 11-сынып) 
Химия  пәнін  оқытуда 
практикалық 
іс-әрекет 
арқылы 
жағымды 
мотивация 
қалыптастыру,  
оқушылардың 
шығармашылық 
қабілеттерін дамыту;  
Әр  оқушыға  өздігінен 
жеке 
білім 
беру 
траекториясын 
құруға 
мүмкіндік беру  
Заттардың  қасиетін  зерттеу  және 
бақылау 
Бақылаулардың 
нәтижелерін 
түсіндіре білу 
Гипотезаларды ұсыну 
Қажетті құралдар, химиялық  және 
реактивтерді таңдай білу 
Өлшеулерді орындау 
Қорытыңды шығара білу 
Эксперимент 
нәтижелерін 
талқылап, сұхбаттасу 

Экология және біз 
(Қасымова Ш.М., 
О.Жұмабеков атындағы 
орта мектебі 
базасындағы  
тірек мектебі 
Оқушы 
тұлғасының 
үйлесімді 
дамуына 
қажетті 
Адам 
мен 
қоршаған 
орта 
ынтымақтастығын  және 
қоршаған 
ортаның 
тұтастығын 
тұрақты 
даму 
шеңберінде 
сақтайтын қағидалар мен 
өмірлік 
ұстанымдарды 
қалыптастыру.  
Қоршаған  ортаға  зиянды  және 
экологиялық  қауіпсіз  құрылыс 
материалдарының 
айырмашылығын білу; 
Өлшегіш  құралдарды  қолдану 
арқылы  ауа  температурасын  және 
дымқылдығын өлшеу; 
отбасындағы 
әртүрлі 
қажеттіліктерге  орай  су  шығынын 
анықтау;  Суды  тиімді  пайдалану, 
оның  ластану  денгейін  азайту 
және  суды  тазарту;  Экологиялық 
акцияларға қатысу.  
 
Талдау бойынша анықталғандай, жалпы білім беретін мектептердегі химия 
пәнінен  жүргізілетін  таңдау  курстарын  келесідей  мазмұнда  топтастыруға 
болады:  
–  күрделілігі  жоғары  химиялық  есептерді  шығарудың  әдіс-тәсілдерін 
оқып-үйренуге бағытталған курстар;  
–  бейорганикалық  химия  бойынша  типтік  және  эксперименттік  есептерді 
шығарудың әдіс-тәсілдерін оқып-үйренуге бағытталған курстар;  
–  химия  пәні  бойынша  практикалық  және  лабораториялық  жұмыстарды 
орындаудың технологиясын оқып-үйренуге бағытталған курстар;  
–  органикалық химия  бойынша  есептер  шығарудың  әдіс-тәсілдерін оқып-
үйренуге бағытталған курстар;  
–  пәндік  олимпиадаларға  және  ғылыми  жобаларға  дайындалуға 
бағытталған курстар;  
–  химияның  күнделікті  тұрмыста,  өндірісте,  ауыл  шаруашылығында, 
медицинада,  мұнай  өнеркәсібінде  қолданылуын  оқып-үйренуге  бағытталған 
курстар;  
–  химияның  қоршаған  ортаға  және  адам  денсаулығына  әсерін  оқып-
үйренуге бағытталған курстар;  
– химияның және  химиялық  элементтердің  шығу  тарихын  оқып-үйренуге 
бағытталған курстар.  

51 
 
Мұндай  саналуан  тақырыптарды  қамтитын  таңдау  курстарының 
оқушылардың  өзін-өзі  дамытуына,  болашақ  мамандығына  бейімделуіне,  алған 
білімдеріне  біліктері  сай  функционалдық  сауатты,  креативті  тұлға  болып 
қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.  
Республикамыздың  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі  химия  пәні 
бойынша  таңдау  курстарының  тақырыптары  мен  мазмұны  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне,  танымдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  таңдап  алынған.  Мәселен, 
5-7  сыныптарға  арналған  таңдау  курстары  («Жас  химик»,  «Химия 
айналамызда»)  оқушылардың  химия  пәніне  деген  қызығушылығын  оятып, 
дүниетанымын  кеңейтуге  ықпал  етеді.  8-9-сыныптарда  «Тұрмыстық  химия» 
таңдау  курсы  оқушыларды  күнделікті  өмірде  жиі  қолданатын  химиялық 
заттарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жаңа өмірлік дағдыларды 
меңгеруге  бағыттаса,  «Химия  және  қоршаған  орта»  курсы  оқушыларды 
қоршаған  ортада  өзін  дұрыс  ұстауға,  тірі  және  өлі  табиғатқа  гуманистік 
көзқарасқа, экологиялық сауатты қарым-қатынасқа тәрбиелейді.  
«Химиялық  есептерді  шығару  әдістері»,  «Химиядан  күрделілігі  жоғары 
есептерді  шығару»  курстарында  күнделікті  өмірге  байланысты  химиялық 
есептер көптеп берілген. Бұл курстар оқушыларды қиын есептерді шығарудың 
әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді, білім деңгейін жоғарылатады. 10-11 
сыныптарда  өткізілетін  «Бейорганикалық  және  органикалық  қосылыстар 
химиясы»  және  «Органикалық  химияның  есептерін  шығару  жолдары» 
тақырыптары  бейорганикалық  және  органикалық  заттардың  өзара  тығыз 
байланысын  түсіне  білуге,  органикалық  есептерді  күнделікті  өмірмен 
байланыстыра  отырып  шығаруға  баулиды,  оқушылардың  дүниетанымын, 
функционалдық сауаттылығын дамытады.  
Қорытындылай  келе,  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  2014-2015  оқу 
жылына  арналған  таңдау  курстары  оқушылардың  өз  бетінше  жан-жақты 
ізденіп,  әрі  шығармашылықпен  жұмыс  істеуін  көздейді.  Мұндағы  берілетін 
теориялық  материалдар  практикамен  тығыз  байланыста  болуы  тиіс. 
Дидактикалық  материалдарды  таңдауда  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын,  құзіреттілігін  дамытуға,  күнделікті  өмірмен  байланыстыратын 
әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды көбірек қолданған жөн.  
«Астанатану»  таңдау  курсы  Қазақстанның  елордасы  –  Астана  қаласы 
және оның тарихы, тұрғындары және көрнекті орындары туралы оқу пәні. Қазір 
Астана  қаласының  №  1,  2,  4,  35,  38,  44,  45  тағы  басқа  жалпы  білім  беру 
мектептері «Астанатану» қолданбалы курсын жүргізеді.  
Курстың  мақсаты  –  туған  қаласы,  жері  мен  туған  мәдениетін  сүюге 
тәрбиелеу.  
Курстың міндеттері:  
–  оқушылардың  өзіндік  тарихи  ой-санасын  жетілдіру,  қаланың 
мәселелеріне  адамгершілік,  белсенділік  позициясы  тұрғысынан  қарауға  баулу, 
Астана  қаласының  тарихы  мен  қазіргі  жағдайына  сыйластықпан  қарауға 
тәрбиелеу;  
–  патриотизмге,  азаматтылыққа,  туған  қаланы  сүю  және  мақтан  ету 

52 
 
сезімдеріне тәрбиелеу;  
–  қаланың  тарихы,  тұрғындары,  экономикасы,  даму  перспективалары, 
мәдени  дәстүрлері  білім  жүйесін  оқушылардың  қабылдауын  әдістемелік 
тұрғыдан қамтамасыз ету;  
–  Астана  қаласының  ерекшеліктері  мен  даму  песпективаларын,  қаланың 
республика және әлем тарихындағы орны мен рөлін ашып көрсету;  
– қаланы бағдарлау дағдысын дамыту;  
– оқушылардың өзіндік зерттеушілік жұмыс дағдысын бекіту.  
Бағдарламада  лекциялық  дәрістермен  қатар,  тәжірибелік  сабақтар, 
экскурсиялар  және  т.б.  өткізу  қарастырылған.  Бұл  курста  оқушылардың  жеке, 
шығармашылық,  тәжірибелік  жұмыстарын  (Астана  қаласының  музейлері, 
кітапханаларында  іздестіру-зерттеушілік  жұмыстарды  жүргізу)  кеңінен 
қолдануға ерекше мән беріледі.  
Курсты  зерттеп  білу  негізгі  өткен  тақырыптар  бойынша  құрастырылған 
тапсырмалар  мен  сұрақтар  енгізілген  бақылау  тестімен  аяқталады. 
Оқушылардың  шығармашылық  тапсырмаларын  орындауы  және  оқытылу 
кезеңінде  ғылыми мәлімдемелерін ұсынуы  тестіге жіберілудің  міндетті  шарты 
болып есептеледі.  
Курс  барысында  оқушылардың  өзіндік,  шығармашылық,  тәжірибелік 
жұмыстарын  кең  пайдалану  мүмкіндігі  қарастырылады  (Астананың 
кітапханалары,  мұражайларында  іздестіру-зерттеу  жұмыстарын  жүргізіледі). 
Дәстүрлі  мектеп  курстарынан  атап  өтетін  ерекшелігі:  оқушылар  Қазақстан 
Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайымен бірлесе жұмыс жасайды, сол 
арқылы Мұражай қорларынан алынған тәуелсіз Қазақстанның жас астанасының 
тарихы  бойынша  бірегей  жәдігерлер  мен  құжаттармен  танысуға  мүмкіндік 
алады.  
Астанатану оқушылардың бойында өз туған еліне деген мақтаныш сезімін 
және  өскелең  ұрпақтың  азаматтық  болмысын  қалыптастыруға  бағытталған. 
Отансүйгіштік  тәрбие  отбасының,  туған  ауылдың,  қаланың,  өлкенің  тарихын 
таныстырумен,  насихаттаумен  сабақтастыра  жүргізіледі.  Туған  өлке  тарихын 
таныту  белгілі  елді  мекеннің  тарихын  зерттеп  жазудан,  сол  жерде  тарихи 
өлкетану  мұражайын  ұйымдастырудан,  оны  тәрбие  орнына  айналдырудан 
бастау  алатын  баршаға  аян.  Сол  себепті  Астанатану  элективті  курсын  оқыту 
Отантану-өлкетану ретінде оқытуға жол ашады.  
Аталған  курсты  жүргізуде  мұғалімдерге  көмек  ретінде  «Астанатану» 
әдістемелік құралы әзірленген (авторы Жансеитова Н.). Оқушыларды тәрбиелеу 
жұмысында әдістемелік құралдың маңызы зор.  
Этносаралық  қатынастардың  қалыптасу  тарихы»  курсы  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115 
бұйрығымен  бекітілген.  2013-2014  оқу  жылынан  бастап  жалпы  білім  беретін 
мектептердің 8-сыныптарында оқытылады. Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 
1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  
Арнайы  курс  бағдарламасы  жастарымызға  тәрбие  берудегі  басты 
бағыттардың 
бірі 
ұлтаралық 
қарым-қатынас 
мәдениетін 
дамытуды 

53 
 
қарастырады.  Бағдарламаның  болашақ  ұрпақты  толерантты  әрі  өзге 
этностардың  құндылықтарын  құрметтейтін  азамат  ретінде  тәрбиелеудегі 
маңызы зор.  
Курстың  мақсаты:  оқушыларға  Қазақстанның  көпэтносты  қоғам  ретінде 
қалыптасу  тарихын  белгілі  заңдылықтар  мен  тарихи  үдерістер  негізінде 
таныстыру. Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды жолдары мен 
шарттарын түсіндіру болып табылады.  
Оқыту міндеттері:  
–  этнос  ұғымының  адам  өміріндегі  рөлін,  оның  басты  белгілері  мен 
қызметтерін көрсету;  
–  Қазақстан  аумағындағы  этномәдени  үдерістердің  негізгі  заңдылықтары 
мен ерекшеліктерін түсіндіру;  
– этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихын кезеңдер арқылы ашып 
көрсету;  
–  этностардың  бай  этникалық  тарихы,  мәдениеті  және  олардың  қоғам 
өмірін ұйымдастырудағы қызметтерімен таныстыру;  
–  көпэтносты,  әрi  көпконфессиялы  қоғам  құрудағы  қазақстандық 
тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау.  
Курстың білім мазмұны келесі тарауларды қамтиды: «Этнос әлемі», «Көне 
және орта ғасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті», 
«Көпэтносты  Қазақстанның  қалыптасу  тарихы»,  «Тәуелсіз  Қазақстан  – 
көпэтносты  және  көпконфессиялы  мемлекеттің  жаңа  үлгісі»,  «Қазақстан 
халқының  ортақ  салт-дәстүрлері  мен  мерекелері»,  «Қазақстан  халқының 
ассамблеясы және этносаралық қатынастар».  
Этносаралық  қатынастардың  қалыптасу  тарихы  этностар  өмірінің  әртүрлі 
сатыдағы  даму  деңгейінің  барлық  қырларын  қарастыратындықтан,  пәнаралық 
байланыстар  орната  білудің  мүмкіндігі  өте  мол.  Пәнаралық  байланыс  белгілі 
бір  этносқа  ортақ  фактілер,  деректер,  түсініктер  мен  идеялар  бойынша 
жүргізіліп, оқушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу 
дағдылары  мен  икемділіктерін  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.Курс 
тақырыптарына  байланысты  пәндер  тізімінен  тек  тарих,  әдебиет  сияқты 
гуманитарлық  пәндерді  ғана  емес,  жаратылыстану-математика  цикліндегі 
пәндерді  де  көруге  болады.  Курстың  нәтижесінде  8-сыныптың  оқушылылары 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар  бойынша  тарихи  құжаттармен  өздік 
жұмыс  жасауды,  өткен  материалдар  бойынша  жеке  пікірін  айта  алуды  және 
дәйектер  негізінде  өз  көзқарасын  қорғай  алуды,  қосымша  мәліметтерді  өз 
алдына іздестіруді үйренеді.  
 
 
 
 
 
 
 

54 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет