Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата04.02.2017
өлшемі1,8 Mb.
#3416
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 тақырыптар бойынша тест сұрақтарын дайындап, жауап алу;  
– оқылған әдебиеттерге аннотация жаздырту;  
– ойтолғау, эссе т.б. шығармашылық жұмыстардың түрлерін орындату;  
–  берілген  тақырып  бойынша  ғылыми  жоба  жұмыстарын  жаздырту  әрі 
қорғату.  
«Абайтану»  курсы  таңдау  пәнін  оқыту  барысында  интерактивтік  оқыту 
әдістерін,  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  түрлерін  пайдалана  отырып, 
оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға болады. Заманауи әдіс-
тәсілдерді қолдану – оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, өздерін 
еркін  ұстап,  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуларына  ықпал  етеді.  Оқушылар 
сабақты саналы түрде игеріп, өз тұжырымдарын, ой-пікірлерін қазақ әдебиеті, 
Қазақстан  тарихы  пәндерімен  пәнаралық  байланыста  қарап,  айқын  жеткізе 
алады.  Аталмыш  курстың  оқу  бағдарламалары  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне  сәйкес,  рухани  құндылықтарға  толы  ұлттық,  патриоттық, 
отансүйгіштік тәрбие беруге бағытталған.  
«Дінтану  негіздері»  курсының  бағдарламасы  11  жылдық  мектептің  9-
сыныптарына  арналып  әзірленген,  ҚР  БҒМ  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115 
бұйрығымен  бекітілген.  Негізгі  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  жоспарының 
вариативті  компоненті  есебінен  9-сыныптар  үшін  міндетті  түрде  «Дінтану 
негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме (жылына 34 сағат) беріледі [13].  
«Дінтану  негіздері»  курсын  оқытудың  мақсаты  –  оқушыларды  әлемдік 
және  дәстүрлі  діндердің  тарихы  мен  қазіргі  жағдайы  туралы  оқыту,  олардың 
қоғамда 
алатын 
орны, 
діни 
сенімдерінің 
еркіндігін, 
қабілеттерін 
қалыптастыруға  және  алған  білімдерін  өмірде  пайдалана  алуға,  рухани-
адамгершілік  құндылықтары  негізінде  оқушыларды  толеранттылық  қасиетке 
тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік  дүниетанымын  қалыптастыру,  сонымен 
қатар  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм  идеологияларын 
қабылдамауға үйрету.  
Курсты  оқыту  міндеттері  –  оқушылардың  дін  тарихы  және  оның  қазіргі 
қоғамдағы  рөлі  туралы  білімдерін  жүйелеу  және  тереңдету;  діннің 
дүниетанымдық,  мәдениеттанымдық  және  гуманистік  негіздерін  ашу; 
толеранттылыққа  және  қазіргі  діни  білім  мен  ағымдарды  сын  көзімен  бағалай 
алуға  тәрбиелеу;  Қазақстандағы  және  әлемдегі  ұлтаралық,  конфессияаралық 
келісімдерді  нығайту  үшін  азаматтық  жауапкершілікке  баулу;  экстремизм, 
терроризм,  діни  радикализм  идеологиялары  мен  тәжірибелерін  қабылдамауға 
тәрбиелеу;  діни  әдебиеттер,  электрондық  білім  және  бұқаралық  ақпарат 
құралдар  материалдарын  сыни  тұрғыда  сараптау  мәдениеті  мен  қабілеттерін 

21 
 
қалыптастыру;  құқықтық  сауаттылыққа,  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары 
мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.  
«Дінтану негіздері» курсының білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды 
қамтиды:  «Дінтану  негіздері»  курсының  мәні;  Дін  бастаулары  мен  тарихи 
түрлері; Буддизм, Христиан, Ислам; Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі орын 
алған  діндер;  Жаңа  діни  қозғалыстар;  Қазақстан  –  конфессияаралық  келісім 
аумағы.  
Курстың  нәтижесінде  9-сыныптың  оқушылары  дайындық  деңгейіне 
қойылатын  талаптар  бойынша  дін оқуына, діни өмірге,  әлемдік  және  дәстүрлі 
діндердің құрылымына, тәжірибесі мен ерекшеліктеріне сипаттама бере алады, 
әртүрлі  діндердің  рухани  өмірінен  хабардар  болады;  діннің  негізгі  моральдық 
құндылықтарын түсіндіре біледі; дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірибесін 
экстремистік,  террористік,  теріс  сипаттағы  ұйымдардан  айыра  біледі;  діни 
оқулардың әр алуан әлемінен хабардар болады. Тұлғалық нәтижелер бойынша 
оқушылар:  дін  оқуына,  діни  өмірге,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің 
құрылымына,  тәжірибесі  мен  ерекшеліктеріне  сипаттама  бере  алады;  әртүрлі 
діндердің  рухани  өмірінен  хабардар  болады;  діннің  негізгі  моральдық 
құндылықтарын түсіндіре біледі; дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірибесін 
экстремистік,  террористік,  теріс  сипаттағы  ұйымдардан  айыра  біледі;  діни 
оқулардың  әр  алуан  әлемінен  хабардар  болуы  сияқты  артықшылықтар  көрініс 
таба  алады.  Жүйелі-әрекеттік  нәтижелер  бойынша  оқушылар:  діннің  тарихы, 
оқуы және қазіргі жағдайы туралы жүйелі білімді меңгереді; әлемдік діндердегі 
киелі  идеялардың  негізгі  мазмұны  мен  идеялары  бойынша  білімдерін  жалпы 
эрудицияны,  дінтанушылық  сауаттылық  деңгейін  арттырады;  экстремистік, 
террористік  ұйымдардың,  қауіпті  діни  ағымдардың  идеологиясы  мен 
тәжірибесіне  қарсы  әсер  ету  иммунитетін  қалыптастырады;  ғылыми,  оқу 
әдебиеттерімен,  электрондық  дереккөздермен  жұмыс  істеуге,  бұқаралық 
ақпарат құралдарын білім алу мақсатында пайдалануға дағдыланады.  
Жалпы  білім  беру  мекемелерінің  базистік  оқу  жоспарының  мектеп 
компоненті  мен  оқушы  компонентін  жүзеге  асыруды  көздейтін  бағдарлы  оқу 
процесінде  маңызды  орын  алатын  қолданбалы  және  таңдау  курстарын 
ұйымдастырудың  әдістемелік  ерекшеліктеріне  ерекше  мән  берілді.  Аталған 
курстар  бағдарлы  оқытуды  жүзеге  асырудың  басты  құралы  ретінде 
қарастырылады.  Қолданбалы  курстар  бағдарлы  пән  бойынша  берілетін 
теориялық  білімнің  қолданбалы  сипатын  ашып  көрсетуге  бағытталғандықтан, 
оларға  барлық оқушылардың қатысуы  міндетті.  Қолданбалы  курстар  мазмұны 
пән тұрғысынан емес, оның практикалық пайдалығы тұрғысынан құралады.  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстанның  әлеуметтік 
жаңғыртылуы:  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 
бағдарламалық мақаласында:  
– орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, 
жеке  және  әлеуметтік  табыс  негіздері»,  «Қазақстан  құқығы»,  «Өлкетану» 
сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын.  
Бағдарламалық  мақаладағы  тапсырмаға  сәйкес  еліміздің  жалпы  білім 

22 
 
беретін  мектептерінің 
7-сыныптары  үшін  «Өлкетану»  курсының  типтік  оқу 
бағдарламасы әзірленді, бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3-сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітіліп 2013 жылдың 
1-қыркүйегінен қолданысқа енгізілді [13].  
Мектептегі  өлкетану  пәні  білім  беру  мен  тәрбиелеуді  өмірмен 
байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Пән өлкенің бұрынғы және 
қазіргі  өмірін  білу,  оның  жаңаруына  тікелей  ат  салысу  үшін  қажет,  өйткені 
туған  өлке  –  шегі  жоқ  әлемнің  бір  бөлігі.  Өлкетану  оқушының  адамгершілік, 
интеллектуалдық,  эстетикалық,  еңбексүйгіштік,  тұлғалық  дамуының  маңызды 
факторы  болып  табылады.  Туған  өлкенің  өткенімен,  қазіргі  кезімен  және 
жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да 
ерекшеліктерімен  танысу  оқушының  дүниетанымын  қалыптастыруға  жағдай 
жасайды.  
«Өлкетану»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  оқушылардың  өз  өлкесіне  тән 
негізгі  ерекшеліктерді  анықтауға  жағдай  жасайтын,  өлкетанудағы  оқу-
ізденушілік  әрекетінің  негізгі  түрі  ретіндегі  бағдарлама,  сонымен  қатар  іздеу-
зерттеу  әрекеттерінің  алгоритмі  болып  табылады.  Бағдарлама  жан-жақты 
сипатқа ие және еліміздің кез-келген бөлігінде орналасқан туған өлкені, ауылды 
немесе қаланы, олардың төңірегін оқып-білудегі негізгі бағыттарды көрсетеді.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  7-сыныбына  арналған  «Өлкетану» 
курсының мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:  
«Туризм  негіздерімен  танысу  және  карталармен  жұмыс  істеу»  бөлімі 
«География»  оқу  пәнінің  6-сыныптағы  базалық  білім  мазмұнында  берілген 
«Жер  бетінің  жазықтықта  бейнеленуі.  План  және  карта»  бөлімімен  тығыз 
байланысты.  Яғни  оқушылар  6-сыныпта  жергілікті  жердің  планымен,  планда 
жер  беті  элементтерінің  бейнеленуімен  танысады  және  шартты  белгілердің 
көмегімен  елді  мекендердің  сызбанұсқаларын  оқуды  үйренеді.  «Масштаб», 
«азимут» ұғымдарымен танысады, масштабтың көмегімен қашықтықты өлшеу, 
компаспен жергілікті жерде және план бойынша бағытты анықтау дағдыларын 
дамытады. Оқу пәнінен алынған теориялық білім практикалық жұмыс орындау 
арқылы пысықталады.  
«Өлке  аумағының  жер  бедері»  бөлімінің  мазмұны  оқушыларды  туған 
өлкенің  жер  бедері  түрлерімен,  рельеф  құрушы  негізгі  факторларымен,  тау 
жыныстарымен  таныстыруды  жоспарлайды.  Мұғалімнің  басшылығымен  туған 
өлкенің  (ауылдың,  ауданның,  қаланың)  маңайына  саяхат  жасау  арқылы, 
оқушылардың  6,  7-сыныптарда  география  пәніндегі  «Литосфера  және  жер 
қыртысы», 
«Литосфера» 
бөлімдерінен 
алған 
білімдерін 
тереңдету 
мүмкіндіктері бар. Жер бедерінің әр түрлі формаларының (жазықтар, ойпаттар, 
қыраттар,  дөңдер,  төбелер,  тау  тізбектері,  шұңқырлар,  жылғалар,  жыралар, 
көшкіндер,  сайлар)  шығу  тегімен  танысады,  олардың  биіктігін,  тереңдігін, 
ұзындығын  өлшеу,  беткейдің  тіктігін  анықтау  жұмыстарын  жүргізеді,  сыртқы 
бейнесін,  пішінін  суреттейді  және  қағаз  бетінде  бейнелейді.  Аталған  бөлімнің 
мазмұны  өлкетанудың  география,  тарих,  математика  пәндерімен  тығыз 
байланыстылығын,  жергілікті  жердің  мысалында  пәндерден  алынған  білімді 

23 
 
практикамен  ұштастыру  арқылы  балалардың  функционалдық  сауаттылығын 
дамытуға мүмкіндік береді.  
Өлкенің  табиғи  ресурстарын  тиімді  пайдалану  және  адамзатты  табиғи 
ресурстармен  қамтамасыз  ету  өте  күрделі  мәселелердің  бірі  болғандықтан, 
елдің  азаматын  мектеп  қабырғасынан  бастап  табиғи  ресурстардың  түрлері: 
отын-энергетикалық,  минералдық,  климаттық,  су,  топырақ-өсімдік,  жануарлар 
дүниесінің  қорларымен  таныстыру  және  экологиялық  тәрбие  беру  маңызды 
мәселе  болып  табылады.  Оқушылардың  география  пәнінің  бастапқы 
курсындағы «Гидросфера», «Биосфера», биология курсындағы «Өсімдіктермен 
жалпы  танысу»,  «Өсімдіктердің  негізгі  тіршілік  әрекеттері»,  «Жануарларды 
жіктеу»,  «Желілілер  типі»,  «Табиғи  бірлестіктер»  т.б.  тақырыптарынан  алған 
білімдерін, өлкенің табиғи ресурстарымен танысу арқылы тереңдету мүмкіндігі 
жүзеге асырылады. Туған өлкені танумен қатар табиғатты қорғау, экологиялық 
тәрбие  қамтылады  және  балалардың  сыныптастарының  арасында  сөйлеу,  өз 
ойын жеткізу, пікірталас жүргізу дағдылары қалыптасады.  
«Жергілікті  жердің  ауа  райы  және  климаты»  бөлімі  келесі  сұрақтарды 
қарастырады:  климат  қалыптастырушы  факторларды  анықтау,  ауа  райын 
бақылау  әдістері,  ауа  райы  өзгерістерінің  жергілікті  белгілері  т.б.  Оқушылар 
атмосфералық  қысымды,  ауа  температурасын,  желдің  күші  мен  бағытын, 
атмосфералық жауын-шашын мөлшерін өлшеуге арналған құралдармен жұмыс 
істеу арқылы осы мақсаттарға қол жеткізеді. Сонымен қатар жергілікті белгілер 
бойынша ауа райын болжауды үйренеді.  
«Өлкенің  сулары  және  оларды  пайдалану»  бөлімінде  жергілікті  жердің 
өзендерін, көлдерін, бұлақтарын, батпақтарын, жер асты суларын, құдықтарын 
зерделеу  арқылы  өлке  аумағындағы  су  нысандарымен  танысу  қарастырылған. 
Оқушылар  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  өзен  ағысының  жер  бедеріне 
және  өзен  аңғарын  құрайтын  тау  жыныстарына  тәуелділігін,  жауын-шашын 
мөлшерінің  өзен,  көл,  бұлақ  суының  деңгейіне  әсер  ететінін  байқайды.  Бұл 
бөлім  оқушылардың  география  пәнінің  «Гидросфера»,  «Дүниежүзілік  мұхит» 
тақырыптарынан алған білімдерін тереңдетуге жағдай жасайды.  
«Өлкенің  топырағы»,  «Өлкенің  және  қаланың  өсімдіктері»,  «Өлкенің 
жануарлар  дүниесі»  бөлімдері  агромелиорация  технологияларымен,  ауыл 
шаруашылығы  мамандарымен,  өлкеде  өсетін  өсімдіктердің  жекелеген 
түрлерімен,  олардың  пайдалы  және  емдік  қасиеттерімен,  жануарлардың 
топтарынымен,  олардың  ғажайып  түрлерімен  танысуға,  қауіпті  және  пайдалы 
жәндіктерді  анықтауға,  яғни  бастауыш  сыныптарда  және  биология  пәнін  оқу 
барысында басталған жұмыс түрлерін жалғастыру мүмкіндігі бар.  
«Өлкенің,  қаланың  шаруашылығы»,  «Өлкенің  және  қаланың  ерекше 
қорғалатын  аумақтары  және  табиғатты  қорғау»,  «Өлкеде  өмір  сүретін 
халықтардың тарихы және мәдениеті» тақырыптары оқушының туған жеріндегі 
экономикалық 
маңызы 
бар 
өнеркәсіп 
және 
ауыл 
шаруашылығы 
кәсіпорындарымен,  өлкенің  кәсіпорындары  және  мекемелерінде  сұранысқа  ие 
мамандықтармен,  ерекше  қорғалатын  аумақтар  және  нысандармен,  жақын 
маңайдағы  археологиялық  ескерткіштермен,  тарихымен,  мәдениетімен 

24 
 
танысуды  және  зерттеуді  қарастырады.  Бұл  бөлімдерді  оқу  математика,  тарих 
пәндерімен  байланыс  арқылы  жүзеге  асырылады,  сонымен  қатар  балалар 
экономика,  қаржы  салаларынан  білім  алады,  бұл  олардың  болашақ  мамандық 
туралы  ойлануларына  түрткі  болады.  Өндірісаралық  байланыстар,  өнім 
шығарудың технологиялық  сызбанұсқаларын құруға бағытталған практикалық 
жұмыстар  орындау  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 
арттыру жұмысы жүргізіледі.  
Сонымен жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Өлкетану» 
пәні  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  талдаудың  нәтижесінде  келесідей 
қорытынды: өлкетану жұмысын жүргізе отырып оқушыларды туған жерін сүю, 
үлкендерді  сыйлау,  табиғатты  аялау,  туған  жердің  гүлденуіне  үлес  қосу 
талпынысын тәрбиелеу мәселелерін шешуге жасауға болады. Оқушыларға білім 
беру  мен  тәрбиелеуде  елді  мекендердің  жер  бедері,  табиғи  ресурстары,  ауа 
райы мен климаты, сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, 
өзен-көлдері,  шаруашылығы,  халқының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  яғни 
өлкенің бай әлеуетін пайдалану қазіргі кезде білім беруді дамытудың маңызды 
бөлігі  болып 
табылады.  «Өлкетану» 
пәні 
мектеп 
оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамытуға,  танымдық  қызығушылығын 
арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік беретін курс. Оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  бағытталған  практикалық  жұмыстар 
арқылы:  азимутты  анықтау;  географиялық  нысандардың  қарапайым  планын 
түсіру;  топографиялық  карталарды  оқу;  өзеннің  енін,  орташа  тереңдігін,  өзен 
ағысының жылдамдығын және су шығынын есептеу; ағаштардың, бұталардың 
атауларын  білу  және  оларға  шаруашылық  баға  беру;  шалғын  өсімдіктерінің 
атауларын,  олардың  емдік  қасиетін;  жергілікті  жердің  ауа  райына  болжау 
белгілерін;  сыртқы  белгілеріне  қарап  топырақтың  механикалық  құрамын 
анықтау; баяндамалар жасай білу және жиналған материалды рәсімдеу тағы да 
басқа көптеген жұмыс түрлерін орындай алу дағдыларына ие болады. Сонымен 
қатар  «Өлкетану»  курсы  оқушылардың  алдыңғы  сыныптарда  география, 
биология,  тарих,  әдебиет,  математика,  музыка  пәндерінен  алған  білімдерін 
тереңдетуге  және  бұл  курсты  оқудың  нәтижесіндегі  білім  қорын  болашақта 
физика, химия, география, биология т.б. пәндерді оқуда қолдануға көмектеседі.  
Аталған  курсты  оқытуда  мектеп  мұғалімдеріне  көмек  ретінде 
Ы. Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  әзірлеген  «Орта  мектепте 
«Өлкетану»  курсын  оқытудың  әдістемелік  негіздері»  әдістемелік  құралын 
ұсынуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 

25 
 
3
 
 Жалпы білім беру ұйымдарымен әзірленген және жүзеге асатын таңдау 
курстары тақырыптары мен мазмұнының талдамасы  
 
Бастауыш  білім  беру  деңгейіндегі  таңдау  курстарының  мақсаты 
оқушылардың  қабілеті,  бейімі  мен  қызығушылығына  қарай  белгілі  бір  білім 
саласына  деген  тұрақты  ынтасын  қалыптастыру,  белгілі  бір  пән  бойынша 
білімін  тереңдету,  сондай-ақ  алған  білімдерін  өмірде  қолдануға  дайындау 
болып табылады.  
Таңдау  курстары  типтік  оқу  жоспарларының  вариативтік  компоненті 
(оқушы және мектеп компоненттері) есебінен жүргізіледі.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  25  шілдедегі  №  296 
бұйрығымен  бекітілген  оқыту  қазақ  тілінде  жүргізілетін  бастауыш  білім 
берудің  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  бөлігінде  таңдау  курстарына 
(мектеп компоненті) 1-2-сыныптарға 2 сағаттан, 3-4-сыныптарға 3 сағаттан оқу 
жүктемесі берілген.  
ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  27  қарашадағы  №  471 
бұйрығымен бекітілген оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің 
үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  бөлігінде  таңдау  курстарына  (мектеп 
компоненті)  1-4-сыныптарға  1  сағаттан  оқу  жүктемесі  берілген.  Берілген  оқу 
жүктемелеріне  сәйкес  қандай  оқу  курстарын  таңдау  қажет  екенін  білім 
алушылардың  білімге  деген  ынтасы  мен  бейімділігін  ескере  отырып,  жалпы 
білім беретін ұйымдар анықтайды.  
Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  жүргізілетін  таңдау  курстарын  мазмұны 
мен оқыту мақсатына қарай үшке бөлуге болады:  
1)  пәндік  курстар,  олардың  мақсаты  –  ҮОЖ-дың  инварианттық  бөлігіне 
кіретін  пәндерді  тереңдетіп  оқыту  (мысалы,  «Қызықты  математика», 
«Логикалық математика», т.б.);  
2) пәнаралық курстар, олардың мақсаты – оқушының табиғат, адам, қоғам 
туралы білімін кіріктіру, яғни әлемді тұтас күйінде қабылдауға үйрету (мысалы, 
«Жас зерттеуші», «Туған өлкем», «Логика әлемі», т.б.);  
3)  арнайы  курстар,  яғни  ҮОЖ-ға  кірмеген  пәндер  (мысалы,  «Ақпарат 
негіздері»,  «Компьютер  әліппесі»,  т.б.),  олардың  мақсаты  –  белгілі  бір  білім 
саласынан  қосымша  білім  беру.  Бұл  курстар  ҮОЖ-дың  инварианттық 
бөлігіндегі негізгі пәндерді қайталамайды.  
Еліміздің  бастауыш  сыныптарында  жүргізілетін  таңдау  курстарын  оқыту 
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес қарастырар болсақ, негізінен, пәндік курстар 
басымдыққа ие.  
Пәндерді  тереңдете  оқытуға,  оқушылардың  оқу  дағдыларын  жетілдіруге 
арналған  курстардың  ішінде  ең  көп  тарағаны  –  математикалық  мазмұнды 
курстар.  Мысалы,  «Математикалық  логикалық  есептерді  шығару  жолдары», 
«Қызықты  математика»,  «Логикалық  математика»,  «Ғажайып  математика 
әлемі»,  «ТIMSS  тапсырмалары»,  «Логикалық  есептер»,  «Математика  елінде», 
«Сандар әлемі», «Алғыр есепші», т.б.  
Математика пәнін тереңдетіп оқытатын 4-сыныпқа арналған «Математика 

26 
 
бізбен  бірге»  таңдау  курсының  бағдарламасы  (аптасына  1  сағат,  жылына 
34 сағат)  негізгі  оқу  материалдарын  басшылыққа  ала  отырып  құрастырылған, 
оқушылардың  ақыл-ойының  математикалық  стилін,  танымдық  қабілеттерін, 
интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамытуды, олардың 
математикадан  алған  білім,  білік,  дағдыларын  және  пәнге  деген 
қызығушылығын арттыруды көздейді.  
Бағдарлама мазмұны мен құрылымы төмендегідей тараулардан тұрады:  
1. Біздің айналамыздағы сандар мен заттар.  
2. Теңдеу және теңсіздік.  
3. Құрастырмалы ойындар.  
4. Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері.  
5. Математикалық ойлау есептері.  
Бұл  тарауларда  қамтылатын  білім  мазмұны  бастауыш  сыныптың 
математика  пәні  бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  құрылған.  Мысалы, 
«Біздің айналамыздағы сандар мен заттар» тарауы.  
Аталған таңдау курсы бағдарламасының жаңашылдығы – «Құрастырмалы 
ойындар», 
«Математикалық 
ойлау 
есептері» 
тараулары. 
Мысалы, 
«Құрастырмалы  ойындар»  тарауында  «Үлестер  қалай  алынады?»,  «Бөлшектер 
қалай пайда болады?» тақырыптарын өту барысында оқушылар ойнай отырып, 
өздері қолымен ұстап тәжірибе жасай отырып, үлес, бөлшек туралы нақты білім 
алады.  Осындай  практикалық  жұмыстардың  көмегімен  оқушылар  өздігінен 
жұмыс  істеуге  дағдыланады,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге,  ізденуге 
ұмтылады.  
Сонымен бірге курс бағдарламасында шығармашылық жұмыстар жасатуға
дайын  сызба,  суреттер  бойынша  есептер  құрастыруға  және  есептерді  тиімді 
жолмен шығару тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу 
жолдарын  үйретуге  аса  үлкен  мән  беріледі.  Әрбір  тақырып  соңында  сол 
тақырыпқа  сәйкес  өздік  және  бақылау  жұмысына  уақыт  бөлінген.  Берілетін 
өздік жұмыстар әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.  
Қорыта  келе,  аталған  курстың  мазмұны  оқушылардың  жас  ерекшеліктері 
мен  даму  деңгейіне  сай,  тақырыптары  математикадан  алған  білімдерін 
тереңдетіп, білік, дағдыларын дамытуға бағытталған.  
Білімнің іргетасы бастауышта қаланады. Бастауыш білім беру деңгейіндегі 
ең  қиын  да  жауапты  міндет  –  мектеп  есігін  ашқан  6-7  жастағы  сәбилерге 
әріптерді  танытып,  олардың  басын  қосып  оқуға,  одан  әрі  түсінгенін  мәнерлеп 
баяндауға, жатқа айтып беруге, т.б. әрекеттерге баулу, қолына қалам ұстатып, 
бірте-бірте  жазуға  машықтандыру,  байланыстырып  сөйлеуге  үйретіп,  тілін 
дамыту.  Сол  себепті  мұғалімдер  оқушыларды  дұрыс  оқуға,  сауатты,  көркем 
жазуға  үйретуге  бағытталған  курстарды  көп  таңдайды.  Сондай  курстың  бірі  – 
«Көркем жазу» курсы.  
«Көркем  жазу»  таңдау  курсының  бағдарламасы  (2-сыныпқа  арналған, 
аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат).  
Курстың мақсаты – әріп элементтерін дұрыс жазуға, әріптерді бір-бірімен 
дұрыс  байланыстырып,  сөзді  толық  жазып  болғанша  қолды  дәптерден  алмай, 

27 
 
үздіксіз  әрі  ырғақты  жазуға,  сөздердің  ара  жігін  сақтауға  машықтандыру, 
қолдың ұсақ бұлшық еттерін нығайту.  
Бұл курстың бағдарламасының мазмұны, негізінен, қазақ тілі әліпбиіндегі 
барлық  әріптердің  жазба  түрін  каллиграфия  ережелерін  сақтап  жазуға 
дағдыландыруға  бағытталған.  Сондай-ақ  жатқа  жазу,  көшіріп  жазу,  шағын 
мазмұндама жазу жұмыстары да қамтылған.  
Аталған  курстың  мазмұнына  талдау  жасай  келе,  курс  бағдарламасын 
құрылымы мен мазмұны тұрғысынан әлі де жетілдіру, толықтыру қажет деген 
тұжырым жасалды.  
Бастауыш  мектеп  мұғалімдері  үшін  ең  маңызды  міндет  –  оқушылардың 
тілін дамыту.  
«Тіл  дамыту»  таңдау  курсының  бағдарламасы  (2-сыныпқа  арналған, 
аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат).  
Курстың  мақсаты:  халқымыздың  әдеби  қазыналарының  сырын  ашып, 
мақал-мәтелдерді,  шешендік  өнерді,  нақыл  сөздерді,  ертегілерді,  аңыз-
әңгімелерді оқыту арқылы тілін дамыту.  
«Тіл  дамыту»  курсы  бағдарламасының  мазмұны  оқушылардың 
шығармашылық  қиялын,  әсемдік  пен  сұлулықты  сезіне  білу  қасиетін,  тіл 
шеберлігін дамытуға бағытталған. Берілген тақырыптар оқушыларды ойланып 
жауап беруге, байланыстыра сөйлей білуге жетелейді.  
Бағдарлама мазмұны мынадай тараулар арқылы ашылады:  
1. Елім деп соғар жүрегім.  
2. Әдептілік қағидалары.  
3. Батырлар сөзі – даналар сөзі.  
4. Еңбектің наны тәтті.  
Тараулар  ішіндегі  тақырыптар  «Әдебиеттік  оқу»  пәні  бағдарламасын 
қайталамайды.  Автор  талдауға  алынған  шығармаларды өзі  таңдаған.  Сонымен 
қоса,  эссе,  шығарма  жазу,  мақал-мәтел  айтудан  жарысу,  әдеби  шығармаларды 
сахналау жұмыстары кең қамтылған. Бағдарлама мазмұны курстың алға қойған 
мақсат-міндеттеріне сай келеді.  
Қорыта  келе,  қарастырылған  таңдау  курстарының  өзектілігі  дау 
тудырмайды.  Дегенмен,  мазмұны  жағынан  әлі  де  толықтыруды  қажет  етеді 
және  курс  бағдарламасын  әр  автор  өз  қалауынша  құрастырған,  белгілі  бір 
құрылымға  негізделмеген.  Сондықтан  курс  бағдарламасын  бекітпес  бұрын 
әдістемелік бірлестіктерде сараптамадан өтуі тиіс. Сараптама жасау үшін курс 
бағдарламасына  қойылатын  талаптар  бекітілуі  қажет.  Біз  ұсыныс  ретінде 
төмендегідей бағалау өлшемдерін көрсетіп отырмыз:  
1) бағдарлама мазмұнында ұсынылған материалдардың жаңашылдығы мен 
өзектілігі;  
2) ұлттық және жергілікті ерекшеліктердің ескерілуі;  
3) бағдарламаның ынталандырушы және дамытушы әлеуеті;  
4) оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай келуі;  
5) мазмұнның толықтығы және жүйелілігі;  
6)  функционалдық  білімі  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталуы 

28 
 
(практикалық бағыттылығы, қолданбалылығы);  
7) ұсынылатын ресурстардың қолжетімділігі.  
Осы  аталған  талаптар  басшылыққа  алынса,  таңдау  курстарының  сапасы 
артады және оқушыларымызға да берері мол болады.  
Республикамыздың негізгі және жалпы білім беретін мектептерінде «Қазақ 
тілі  мен  әдебиеті»  пәні  бойынша  жүргізілетін  барлық  таңдау  курстары 
жөнінде ақпарат жинақталып, ең көп жүргізілетін курстар анықталды.  
Солтүстік  Қазақстан  облысында  оқушы  компонентінен  «Қазақ  тілі 
лексикасы» – 142, «Домбыра» – 84, «Тіл дамыту» – 39 мектепте;  
Ақмола  облысында  оқушы  компонентінен  «Менің  мамандығым»  –  187, 
«Көркем сөз» – 140 мектепте; мектеп компонентінен «Қызықты грамматика» – 
420, «Сөйлеу мәдениеті» (риторика) – 250 мектепте;  
Шығыс  Қазақстан  облысында  оқушы  компонентінен  «Практикалық  қазақ 
тілі»  –  531,  «Граммтикалық  әлем»  –  422,  «Грамматика  негізі»  –  253,  «Сахна 
өнері»  –  50  мектепте;  мектеп  компонентінен  «Тіл  мәдениеті»  –  330,  «Тіл 
шеберлігі» – 313 мектепте;  
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  оқушы  компонентінен  «Сөз  өнері»  –  332, 
«Ереже ерекшеліктері» – 39 мектепте; мектеп компонентінен «Тіл мәдениеті» – 
326, «Қазіргі қазақ тілі» – 318, «Шешендік өнер» – 313, «Жазба жұмыстарының 
жазу тәсілдері» – 36 мектепте;  
Алматы облысында оқушы компонентінен «Сөз сыры» – 46, «Жас қалам» 
–  40,  «Тіл  білімінің  салалары»  –  38,  «Тіл  маржаны»  –  35,  «Көркем  мәнерлеп 
оқу»  –  33  мектепте;  мектеп  компонентінен  «Мұқағалитану»  –  54,  «Тіл 
мәдениеті» – 46, «Сөз мағынасы» – 45, «Жамбыл әлемі» – 41, «Жас қалам» – 40 
мектепте,  «Әдебиет-сырлы  әлем»  –  39,  «Тіл  білімінің  салалары»  –  38,  «Сөз 
өнері» – 36, «Ілиястану» – 35, «Шешендік өнер» – 35 мектепте;  
Қызылорда облысында мектеп компонентінен «Қазақ тілі» 230 мектепте;  
Жамбыл  облысында  мектеп  компонентінен  «Шешендік  өнер»  –  81,  «Сөз 
сыры» – 48, «Тіл мәдениеті» – 37, «Қазақ тілінің грамматикасы» – 32 мектепте;  
Маңғыстау  облысында  мектеп  компонентінен  «Маңғыстау  әдебиеті»  –  48 
мектепте;  
Атырау  облысында  «Тіл  білімінің  лексика,  фонетика  салалары»  –  30 
мектепте;  
Қарағанды  облысында  мектеп  компонентінен  «Тіл  мәдениеті»  –  67 
мектепте, «Тіл дамыту» – 43 мектепте;  
Астана  қаласында  оқушы  компонентінен  «Тіл  тарихы»  –  56,  «Сөз 
маржаны» – 39; мектеп компонентінен «Практикалық қазақ тілі» – 47, «Тілдік 
норма  және  стиль»  –  45,  «Журналистика  және  баспасөз  негіздері»  –  41, 
«Салыстырмалы грамматика» – 38, «Сөз мәдениетінің негіздері» – 37 мектепте 
жүргізіледі.  
Астана  қаласындағы  №74  мектеп-гимназиясының  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 
пәні мұғалімі Н.Б. Акирапбаеваның «Тіл мәдениеті» авторлық бағдарламасы 8-
сыныпқа  арнап  жасалған.  Аптасына  1  сағат,  барлығы  34  сағат.  Курстың 
өзгешелігі оқушы мүмкіндігі мен қабілеттерін қанағаттандыруға бағытталған.  

29 
 
«Тіл  мәдениеті»  курсында  тілдік  норма,  яғни  тіл  мәдениетінің,  тілдік 
нормалардың,  оның  ішінде  әдеби  тіл  нормаларын  дұрыс  сақтау,  қабілетін 
дамыту,  яғни  оқушы  сөз  дәйегі,  тіл  тазалығы,  сөз  әсерлігі,  тіл  байлығы,  сөз 
талғамы, сөз әдебі сынды сапаларды меңгереді.  
Курста  өтілетін  материалдар  7  тарауға  бөлініп,  әр  тараудың  соңында 
интеллектуалдық  ойын  сабақтарымен  қорытындыланып,  тоқсан  аяғында  тест 
тапсырмалары  алынып  отырылады.  Сонымен  бірге  мұғалімде  әр  оқушының 
даму мониторингі жүргізіліп отырады.  
Бұл  ақпараттық-әдістемелік  кешенде  сабақтың  толық  жоспарлары 
берілген. Сабақ үш блокқа бөлінеді. Атап айтқанда:  
1.
 
 Танымдық  блок,  мақсаты  –  оқушыларға  тіл  мәдениетінің  теориялық 
мәселелері бойынша нақты білім беріледі.  
2.
 
 Кәсіби-іскерлік  блогы,  оның  мақсаты  –  оқушы  осы  тақырып  бойынша 
білім  мен  білігін  толықтырады.  Осы блокта  берілетін  өздік  жұмыстар  арқылы 
шығармашылық  қабілетін  дамытады,  оқушы  білімін  марапаттау,  көтермелеу 
арқылы белгілі болып отырады.  
3.
 
 Тексеру  блогы,  оның  мақсаты  –  сабақ  бойынша  игерген  білімін 
деңгейлік тапсырмалар арқылы бағалау.  
Авторлық бағдарламаның үшінші бөлімі  - оқушылырға арналған «Жұмыс 
дәптері».  Жұмыс  дәптерінде  сабақ  барысында  және  үйде  орындалатын 
тапсырмалар  берілген.  Бұл  тапсырмалар  арқылы  оқушының  шығармашылық 
қабілетін дамытады.  
«Қазіргі  қазақ  тілінің  пунктуациясы»  қолданбалы  курсы  «Қазақ  тілін 
оқытудың  тұжырымдамасы»  мен  «Қазақ  тілінің  мемлекеттік  стандартына  сай 
әзірленген  (Мұса  А.С.,  Серікбаева  А.К.,  Астана  қ.,  №  40  орта  мектеп 
мұғалімдері) Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Қазақ тілі» 
оқулығының  білім  мазмұнын  теориялық-практикалық  тұрғыдан  толықтырады. 
Жалпы сағат саны – 34 сағат.  
Курстың  мақсаты  -  бағдарламаны  оқыту  арқылы  сөздер  мен  сөйлемдер 
арасында  тыныс  белгілерінің  дұрыс  қойылу  маңыздылығын  ұғынып,  тілді 
әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйренеді.  
Курстың  міндеттері:  пунктуацияны  теориялық  тұрғыда  үйрену  арқылы 
практикада қолдану.  
9-сыныпта  «Орфография  және  тыныс  белгілері»  тақырыбында  таңдау 
курсы  қазақ  тілі  пәнінің  бағдарламаларына  сүйене  отырып  әзірленген 
(Темірғалиева М.М., Астана қ. № 66 мектеп-лицейі мұғалімі).  
Бағдарламаның  негізгі  мақсаты:  әдеби  тіл  нормалары,  жазбаша  дұрыс 
жазу,  ауызша  сөйлеу  ережелерін  қамту,  тәжірибеде  сауатты  қолдана  білуге 
дағдыландыру.  
Бағдарламаның  міндеті:  оқушылардың  сөздік  қорларын  байытып,  дұрыс 
сөйлеп, сауатты жазуға дағдыландыру, пунктуациялық нормаларды және тыныс 
белгілерін ажырата білу.  
Курс  танымдық  және  практикалық  бағыттарда  төмендегідей  міндеттерді 
шешеді:  

30 
 
Теориялық  білімді  тәжірибеде  қолдану,  жазба  жұмыстарына  талдау  және 
жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұсыну.  
7-сыныптың  «Халық  ауыз  әдебиеті»  курсы  оқушыларға  өз  халқының 
мәдениеті  мен  этнографиясын  танытып  насихаттауда  маңызды  рөл  атқарады 
(Қашаева  А.О.,  Астана  қ.  Ж.  Жабаев  атындағы  №  4  мектеп-гимназиясы 
мұғалімі)  Курс  34  сағатқа  негізделген.  «Тәрбие  –  тал  бесіктен  басталады» 
дейтін  дана  халқымыз  қашанда  дәстүрге  берік  болып,  салтын  сақтай  білген. 
«Халық  ауыз  әдебиеті»  курсы  бала  тәрбиесіне  терең  мән  беріп,  оқушыларды 
әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің 
арқасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге-тағылым, дін-діл, жөн-жоралғы, ілім-
білім,  тәлім-тәрбие,  тылсым-табиғат,  тариқат-тәбәрік  және  де  деректер  мен 
дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді.  
Курстың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға 
азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру.  
Курстың міндеттері:  
–  оқушының  еркін,  үйлесімді  дамуын  және  креативті  ойлау  қабілетін, 
әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;  
– қорытындылай келгенде, таңдау курстары оқушылардың функционалдық 
сауаттылығына  бағытталған.  Оқушы  мектепте  алған  білімін  өмірде  қолдана 
алуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.  
«Орыс тілі және әдебиеті» пәні бойынша «Сөз мәдениеті» таңдау курсы 
10-сынып  оқушыларына  арналған  (Александрович  М.В.,  №  39  мектеп-
гимназия,  Тараз  қаласы).  Курс  бағдарламасы  негізінде  оқушылар  тілдің 
функциясы  ойдың  көрініс  құралы,  адамдардың  өзара  түсінісуі  мен  қарым-
қатынас  құралы  екенін,  қазіргі  орыс  тілінің  стилистикалық  жіктелуін,  әдеби 
сөздің  сапасын,  әдеби  тілдің  нормаларын  және  мәнерлік  мүмкіндігін  терең 
түсінуімен таныстырады.  
Курс мақсаты: коммуникативті сөйлеу дағдысын қалыптастыру.  
Курс міндеттері: оқушылардың танымдық белсенділіктерін артыру, дұрыс, 
сенімді  және  мәнерлеп  сөйлеуге  үйрету;  өз  ойын,  идеясын,  сұрақтарын,  өз 
пікірін  білдіруге  қатысты  немесе  қоршаған ортаға  байланысты  мәселелерге өз 
пікірін білдіруді қалыптастыру; сыпайы әңгімелесуші тәрбиелеу.  
Аталған  курс  ақпараттық,  оқыту,  дамыту,  анықтамалық  қызметтердің 
орындалуын қамтамасыз етеді. Курс бағдарламасының материалдары тұтастық 
және  шоғырлануы  жағынан  тереңдетілген,  білім  мен  дағдының  кеңейтіліп 
берілуі жалпы курс көлемінде жүзеге асады. Сөз мәдениетіне оқыту өз бетімен 
ойлануын  дамытуға,  жеке  шығармашылыққа  негізделеді.  Сыни  тұрғыдан 
ойлауын,  эталондар  мен  үлгілердің  түрлерімен  танысуға,  көшірме  жасап 
қолданудан алшақ болуға, жеке мүмкіндіктерінің жүзеге асуына ықпал етеді.  
«Риторика»  таңдау  курсы  10-11  сынып  оқушыларына  арналған.  Аталған 
курс  оқушылардың  жоғары  ораторлықты,  жалпымәдени  және  зияткерлік 
дамуын қамтамасыз етеді. [18].  
Курс  мақсаты:  риторика  ғылым  екенін,  оның  негізгі  міндеттерін  түсіне 
білуін қалыптастыру.  

31 
 
Курс міндеттері: коммуникацияның сәттілігін жүзеге асыруда тәжірибелік 
ұсынымдамалармен  таныстыру,  қарым-қатынас  кезіндегі  диалогтық  және 
монологтық 
сөйлеу 
формаларымен 
таныстыру, 
белгілі 
мәтіннен 
коммуникативтік  бағыттағы  сөйлеу  жанры  туралы  білімін  қалыптастыру, 
сөйлеу  әдістері  мен  тәсілдерін,  әңгімелесуде  анализ  жасауды,  бағалауды 
дамыту, 
коммуникативтік 
жағдаяттарды 
шешуде 
көптілді 
және 
көпмәдениттілікті  сөйлесуде  сәтті  қолдануды  дамыту,  оқушылар  бойында 
адамгершілік,  эстетикалық  көзқарастарын,  талғамдарын,  жалпымәдени 
құндылықтарын қалыптастыру.  
Оқушыларда  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыруда  риториканы 
оқыту  коммуникативтік  және  тәжірибелікке  негізделген.  Көптілділікті  дамыту 
мақсатында оқушыларға  тәжірибелік  тапсырмаларды  үш  тілде беріледі (қазақ, 
орыс,  ағылшын  тілдерінде),  тапсырмаларды  мұғалім  таңдайды  және 
оқушылардың оқу деңгейі ескеріледі.  
«Риторика»  таңдау  курс  бағдарламасының  мазмұны  екі  бөлімнен  тұрады: 
теориялық, курс мазмұнына түсініктеме беріледі (коммуникативтік жағдаяттар, 
қарым-қатынас  түрлер,  сөйлесу  жанры,  құрылымдық  және  стильдік 
ерекшеліктері, т.б.) және оқыту әректінің түрлеріне тоқталады (нұсқаулық және 
ұсынымдамалар  типі);  практикалық,  тапсырмалар  сөйлесуді  қалыптастыруға 
бағытталған,  анализдеу,  алуан  түрлі  жұмыс  түрлерін  қолдану:  риторикалық 
ойындар,риторикалық  тапсырмаларды  шешу,  көпшілік  алдында  сөйлеуді 
импровизациялау, танымал ораторлардың риторикалық мәтіндерін және көркем 
әдебиттен алынған үзінділерге анализ жасау, эссе жазу.  
«Орыс  тілінің  стилистикасы»  таңдау  курсы  8-11  сыныптарға  арналған. 
Оқушыларды  орыс  тілінен  терең  дайындауда  сөйлеу  типі  мен  стиліне 
бағытталады. [19]. Курс бағдарламасында практикалық стилистика мен сөйлесу 
жүйелі берілген.  
Курс мақсаты: оқушылардың тәжірибелік және коммуникативтік білік пен 
дағдысын  жетілдіреді,  жаңа  білімді  игеру  арқылы  лингвистикалық  танымын 
кеңейтеді.  
Міндеттері:  орыс  тілінің  ойды  жеткізу  құралы  екенін  қалыптастырады, 
бейтарап  құралдарды  қоса  тілдік  анализ  жасауды,  тілдік  және  сөйлеу 
құралдарын  таңдау  мүмкіндігін  тәрбиелеу,  тіл  аясында  кәсіби  даярлығын, 
стильдік  сауаттылығын  қалыптастыру,  теориялық  негізде  стилистика  жалпы 
лингвистикалық ғылымның ерекше түрі екенін біледі.  
«Лексика  байлығы  және  фразеологиялық  мұра»  таңдау  курсы  5-9 
сыныптарға арналған (Турикбаева И. Тараз қ. № 19 мектеп-гимназия мұғалімі).  
Курс  мақсаты:  тілді  сүюге,  тілді  зерттеуші-ғалымдардың  еңбектерін 
бағалауға баулу.  
Курс міндеттері: лексикалық материалдарды қолдану дағдыларын дамыту, 
стилистиканың  қызметін  үйрету,  орыс  тілінің  алуан  түрлі  сөздігін  қолдануды 
үйрету, қарапайым лексикалық дағдыларын қалыптастыру.  
Сонымен,  таңдау  курстары  бойынша  мұғалім-практиктерді  мынадай 
мақсаттар  біріктіреді:  білуге  құштарлық,  қабілеттілік,  оқушылардың 

32 
 
қызығушылығы  мен  шығармашылық  қиялдарын  дамыту  және  негізгі 
құзыреттіліктерін  дамыту,  сонымен  қатар  «оқуға  үйрету».  Аталған  таңдау 
курсы  оқушылардың  болашақ  мамандықты  таңдауға  ықпал  етеді,  бейіндік 
оқуды  жоспарлауға  қолайлы  жағдай  жасайды,  бейіндік  іс-әрекет  түрлерімен 
таныстырады,  оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  арттырады,  ең 
бастысы,  оқушылардың  ақпараттық  және  коммуникативтік  құзыреттіліктерін 
арттырады.  
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясына  аймақтардан 
жіберілген  таңдауы  бойынша  курстар  туралы  мәліметтерден  «Математика» 
пәнінен  жүргізілетін  5-11  сыныптарға  арналған  курстардың  тақырыптары 
әртүрлі  екенін  көреміз.  Олар  мектеп  математикасының  барлық  бөлімдерін 
қамтыған  (арифметика,  алгебра,  геометрия,  статистика  элементтері, 
ықтималдық  және  басқалар).  Бұдан  басқа  жекелеген  таңдау  курстарында 
жоғары  математиканың  сұрақтары  да  қарастырылады.  Таңдауы  бойынша 
курстар жеке белгілі бір сынып үшін де, сондай-ақ бірнеше сыныптар үшін де 
жүргізіледі.  Мысалы,  5-6  сыныптарға  арналған  тақырыптар:  «Логиканың 
көмегімен  есептерді  шешу  практикумы»,  «Жас  математик»,  «Логика», 
«Математикалық  есептер»,  «Қызықты  математика»,  «Логикалық  математика», 
«Зерде»,  «Қызықты  бөлшектер  әлемінде»,  «Логикалық  ойды  дамытамыз», 
«Математикалық модельдеу», «Комбинаторика және графтар». 7-9 сыныптарға 
арналған тақырыптар: «Стандартты емес есептер шығару», «Күрделі есептерді 
шығары»,  «Тригонометрия  әлемінде»,  «Бізді  қоршаған  Алгебра»,  «Күрделі 
теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  шешу»,  «Математикалық  есептер»,  «Мәтінді 
есептерді  шығару  жолдары»,  «Квадраттық  функция»,  «Жоғары  дәрежелі 
теңдеулерді  және  модулі  бар  теңдеулерді  шешу  технологиясы»,  «Теңдеулер 
және  олардың  шешу  жолдары»;  10-11  сыныптарға  арналған  тақырыптар: 
«Теңдеулар  мен  теңсіздіктер»,  «Теңдеулер  мен  теңсіздіктерді  шешу», 
«Практикалық  есептерді  шығару»,  «Дифференциалдық  және  интегралдық 
есептеулер», «Көрнекі геометрия», «Рационал және иррационалды алгебралық 
есептер», «Есептерді шешудің тиімді тәсілдері», «Жазықтықтағы аналитикалық 
геометрияның 
элементтері», 
«Экспериментттік 
есептерді 
шешу», 
«Математикалық процестерді модельдеу» (1-кесте).  
 
1-кесте – Таңдау курстарының жиі қолданылатын тақырыптары  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет