Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#838
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

«
Ағылшынша  тілдесейік»  7-9-сыныптардағы  (барлығы  –  68  с.,  аптасына 

с.)  таңдауы  бойынша  курсының  мақсаттары:  оқушының  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуына  және  оның  тұтастай  дамуына  ықпал  ету,  сөйлеу  қызметінің 
негізгі  түрлеріндегі  қарапайым  шет  тілдік  коммуникативтік  құзыреттің 
қалыптасуы,  төменгі  сынып  оқушыларының  эмоционалдық,  шығармашылық, 
әлеуметтік,  қатысымдық  және  тілдік  қабілеттерінің  дамуы,  ағылшын  тілінде 
қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі [24].  
«
Физика  және  электротехника»  таңдау  бойынша  курсы  10-11- 
сыныптарда  өткізіледі  (барлығы  –  34  с.,  аптасына  1  с.).  Бұл  курс  ғылым  мен 
техниканың  даму  бағыттарымен,  құралдардың,  техникалық  құрылғылардың, 
технологиялық  қондырғылардың  жұмыс  істеуінің  физикалық  негізімен 
61 
 

таныстыру  нәтижесінде  оқушылардың  политехникалық  білімдерінің  негізі 
қаланады.  Олардың  теориялық  және  қолданбалы  білімдерді  меңгеруі 
зертханалық  жұмыстарды  орындауы  мен  есептер  шығару  барысындағы 
политехникалық білім беру міндеттері шешіледі [25].  
 
12-
кесте – «Нұр Орда» мектеп-лицейінің таңдау курстары  
 
Таңдауы бойынша курстары  
Таңдауы бойынша курстар  
Мектеп 
компоненті 
есебінен 
өткізілетін курстардың атауы  
 
Сыныптар  
Ағылшынша тілдесейік 
7-9 
Бакирова Ж.Қ./ағылшын тілі 
Иманғалиев Н.К./ағылшын тілі 
Сарбасов Е.Е./ағылшын тілі 
Түрікше тілдесейік 
7-9 
Кая Н./түрік тілі 
Арслан Мухаммед Б./түрік тілі 
Ерен М./түрік тілі 
Тіл мәдениеті 
8-9 
Қозыбай Н.Н./қазақ тілі 
Молдабекова Р.А. /қазақ тілі 
Абайтану 
10-11 
Абдрасилов Е./қазақ тілі 
Өлкетану 

Жекенова Ж.С./география 
Физика және электротехника 
10-11 
Тусюбжанов А.Б./физика 
Дифференциалдық  және  интегралды 
есептеулер 
10 
Қожахметов Қ.Б./математика 
Параметрлік есептер 

Қожахметов Қ.Б./математика 
Елтану 
10-11 
Байзильдина С.С./география 
Генетика негіздері 
10-11 
Эрметов Б.Т./биология 
Қолданбалы химия  
10-11 
Саматов А.М./химия 
Канмаз Х./химия 
Қолданбалы информатика 
10-11 
Абылаев Ф.Т./информатика 
 
«Елтану» курсы 10-11 сыныптарда өтеді (барлығы – 34 с., аптасына 1 с.). 
Қазіргі  кезде  елдер  арасында  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық  және  мәдени 
қарым-қатынастар  қарқынды  дамуда.  Сондықтан  да  мектеп  оқушыларының 
дүние  жүзі  елдерінің  табиғаты  мен  шаруашылығы  жөнінде  білім  негіздерін 
қалыптастыратын  пән  ретінде  географияның  маңызы  артады.  Аталған  курс 
білімдерін  меңгере  отырып,  оқушы  географиялық  білімдерін  жетілдіріп  қана 
қоймай,  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістер  мен  оқиғаларға  баға  бере  алатын 
саяси  сауатты,  салауатты  өмір  салтын  серік  еткен,  мәдениетті  тұлға  болып 
қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы 
артады [26].  
«
Қолданбалы химия» таңдау бойынша курсы 10-11 сыныптарда өткізіледі 
(барлығы  –  34  с.,  аптасына  1  с.).  Аталған  курстың  бағдарламасы  табиғатта, 
тіршілікте  кездесетін  химиялық  үрдістердің  нәтижесінде  пайда  болған 
заттардың  тірі  организмге  тигізетін  зиянын  сабақтастық  ұстанымымен  оқып 
білуді үйретеді.  
Курстың мақсаты: оқушылардың химия ғылымына деген қызығушылығын 
62 
 

арттыру;  танымдық  белсенділігін  терендету;  химия  пәні  бойынша 
зерттеушілікке, 
терең 
білімдерді 
меңгеруге 
деген 
белсенділікті 
қалыптастырады [27].  
«
Тіл  мәдениеті»  таңдауы  бойынша  курсы  10-11-сыныптарда  өткізіледі 
(барлығы  –  34  с.,  аптасына  1  с.).  «Тіл  мәдениеті»  курсының  бағдарламасы 
оқушылардың  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру,  қарым-қатынастың  барлық 
түрлеріне сай келетін коммуникативтік дағдыларын дамыту, шешендікке баулу, 
интеллектуалдық қабілеттерін арттыру [28].  
«
Дифференциалдық  және  интегралдық  есептеулер»  курсы  10-сыныпта 
өткізіледі  (барлығы  –  34  с.,  аптасына  1  с.).  10-сыныпқа  арналған  математика 
курсы  әлемнің  біртұтас  бейнесін  қалыптастыруға,  жалпы  ғылыми  және 
интеллектуалдық  біліктерді  меңгертуге  мүмкіндік  береді.  Дифференциалдық 
есептеулер  оқушының  математикаға  деген  ықыласын  оятуға,  қызықты 
есептерді  шешу  арқылы  жаңа  әдіс-тәсілдермен,  идеялармен  танысуға; 
математика  жөніндегі  түсінігі,  математикалық  ой-өрісінің  кеңеюіне  ықпал
 
етеді.  Негізгі  міндеті  –  оқушының  шығармашылық  ойлау  қабілетін  ақпаратқа 
сыни көзқарасы, ізденушілік қабілетін қалыптастыру [29].  
«
Түрікше  тілдесейік»  курсы  7-9-сыныптарда  өткізіледі  (барлығы  –  34  с., 
аптасына 1 с.). Әлемдік өркениетке ілесе отырып, мемлекетіміздің халықаралық 
деңгейде  әр  салада  түбегейлі  өзгерістер  енгізуі,  достық,  ынтымақтастық 
қатынастар  орнатуы,  шет  тілінің  маңыздылығын  арттырып  отыр.  Түрік  тілін 
үйрене  отырып  оқушы  өз  білімін  шыңдайды,  басқа  ел  туралы  кең  көлемде 
мәліметтер алады, салт-дәстүрлерін, мәдениетін таниды [30].  
«
Қолданбалы  информатика»  курсы  10-11-сыныптарда  жүргізіледі. 
(барлығы – 34 с., аптасына 1 с.). Аталған курс оқушылардың ойлау, танымдық 
және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты 
дамытуды,  табиғатқа  ғылыми  көзқарасын,  адамның  дүниетанымдық 
көзқарасына  алғышарт  болып  табылатын  әлеуметтік  маңызды  бағдарларын, 
түрлі  мәселелерді  шешуде  алған  білімін  шығармашылықпен  қолдану 
дағдыларын қалыптастыруды көздейді [31].  
«
Генетика  негіздері»  курсы  10-сыныпта  оқытылады  (барлығы  34  сағат, 
аптасына  –  1  сағаттан).  Осы  курста  оқытылатын  мәселелердің  бір  қатары 
интегративтік сипатта болатынын атап өткен жөн. Оны игеруде оқушылармен 
жаратылыстану  топтамасы  (химия,  физика,  математика)  және  қоғамдық 
пәндерді  (география,  қоғамтану  және құқық) оқу  кезінде алынған  білім  үлкен 
рөл атқарады.  
Сонымен  қатар,  «Адам  генетикасы»  элективті  курсын  зерделеу 
оқушылардың  қазіргі  жалпы  биологиялық  ғылымның  ең  өзекті  салаларының 
бірі бойынша білімдерін ғана қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ әлемнің 
тұтас бейнесі және ондағы өз орны, қазіргі адамның рөлі мен қызметі туралы 
түсінігін қалыптастырады [32].  
Сонымен  қатар,  13-кестеде  көрсетілген  Алматы  қаласының  білім 
басқармасының  арнайы  мектеп-лицей-интернатының  таңдауы  бойынша 
курстарына талдау жасалды.  
 
63 
 

13-
кесте  –  Алматы  қаласы  білім  басқармасының  қазақ-түрік  арнайы  мектеп-
лицей-интернатының таңдауы бойынша курстары  
 
Мектеп  компоненті  есебінен 
өткізілетін курстардың атауы  
Сыныптар  Курсты 
жүргізетін 
пән 
мұғалімі  
Өлкетану 

Б.  Балкыбек  /  география 
мұғалімі 
Түрік тілі 
7-8 
С. Екер/ түрік тілі мұғалімі  
Абайтану 

А.  Кадырқұлова  /  қазақ  тілі 
мен әдебиет мұғалімі 
Алгебралық  теңдеулер  мен 
теңсіздіктерді  логикалық  шешу 
жолдары  
10-11 
Е. Ишмухаметов / математика 
мұғалімі 
Математикалық 
талдаудың 
теориялық негіздері  
10-11 
Р. Султамуратов / математика 
мұғалімі 
Экономикалық 
сауаттылық 
әліппесі  
10-11 
Э.  Шотанова  /  география 
мұғалімі  
 
«
Математикалық  талдаудың  теориялық  негіздері»  10-11-сыныптардың 
оқушыларына арналған курстың оқу бағдарламасы (барлығы – 68 с., аптасына 

с.)  мектептегі  математикалық  білім  берудің  мынадай  жалпы  мақсаттарын 
анықтайды:  практикалық  іс-әрекетте  қолдануға  қажет  нақты  математикалық 
білімдерін,  аралас  пәндерді  зерделеу  және  білім  алуды  әрі  қарай  жалғастыру 
үшін меңгеру; оқушылардың зияткерлік дамуы, математикалық іс-әрекет үшін 
қажет  оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыру;  логикалық  және 
абстрактілі  ойлауды  дамыту;  өздігінен  білімін  жетілдіруді,  еңбек  сүйгіштікті, 
зерделеу  материалына  деген  шығармашылық  көзқарасты  және  өз  іс-әрекетін 
бара-бар бағалау қабілетін тәрбиелеу [33].  
10-11-
сынып  оқушыларына  арналған  «Алгебралық  теңдеулер  мен 
теңсіздіктерді логикалық шешу жолдары» (барлығы – 68 с., аптасына 2 с.) оқу 
бағдарламасының  негізгі  міндеті  –  қазіргі  қоғамның  әр  мүшесіне  күнделікті 
өмірі  мен  еңбек  әрекетіне  қажет  математикалық  білімдер  мен  дағдылары 
жүйесін  толық  және  саналы  түрде  оқушылардың  меңгеруін  қамтамасыз  ету. 
Негізгі  міндетті  шешумен  қатар  аталған  курсты  оқыту  оқушылардың  пәнге 
деген тұрақты қызығушылығын, олардың математикалық қабілеттерін анықтау 
және  дамыту,  математикамен,  ЖОО  оқуға  дайындықпен  тығыз  байланысты 
мамандықтарға бағдарлауын жоспарлайды [34].  
10-11-
сыныптарға арналған «Экономикалық сауаттылық әліппесі» курсын 
оқыту  (барлығы  –  34  с.,  аптасына  1  с.)  мынадай  мақсаттарға  жетуге 
бағытталған:  ойлаудың  экономикалық  бейнесін  дамыту;  экономикалық 
пәндерді  оқыту  барысында  экономикалық  білімдер  мен  қызығушылықты 
қалыптастырудағы  қажеттілік;  жеке  өз  тағдырын  өзі  шешу  мен  өз  орнын  өзі 
табу  қабілетін  қалыптастыру;  экономикалық  шешімдер  үшін  жауапкершілікке 
тәрбиелеу;  еңбекке  және  кәсіпкерлік  іс-әрекетке  деген  құрметін  тәрбиелеу; 
64 
 

экономикалық пәндерді колледждер мен жоғары оқу орындары әрі қарай оқыту 
үшін немесе өз бетімен білім алу үшін Қазақстанның экономикасы туралы білім 
беру  жүйесін  меңгеру;  типтік  экономикалық  міндеттерді  шешу  үшін  алған 
білімдері  мен  дағдыларын  қолдану  тәжірибесін  қалыптастыру;  жалданған 
қызметкер  ретінде  болашақ  жұмысы  үшін  және  экономикалық  салада  өз 
білімдерін  тиімді  жүзеге  асыру  үшін,  өз  орнын  табу  үшін  экономикалық 
білімдерді игеру [35].  
Қазақстанның инновациялық мектептері арасында білім беру нарығында 
1995 жылдан бастап жұмыс істейтін «Көгiлдiр желкен - Blue sail - Голубой 
парус»  атты  ірі  мемлекеттік  емес  мекемеге  назар  аудару  қажет.  2001 
жылдан бастап «Көгілдір желкен» ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми 
эксперименталды  алаңы  болып  табылады,  мұнда  қазақстандық  ұлттық  білім 
беру  жобасы  жасалды,  университеттік  сыныптар  ашылды,  12  жылдық  мектеп 
және бейіндік мектеп аясында эксперимент өткізу әрі қарай жалғастырылуда.  
Осыған  байланысты,  ҚР  білім  беру  ұйымдарының  оқу  жоспарларының 
базистік компоненті толық көлемде орындалады.  
Вариативтік бөлімі мынадай мүмкіндіктер береді:  

 
мемлекеттік және ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;  

 
қосымша  таңдауы  бойынша  бір  немесе  екі  шет  тілін  -  неміс,  француз 
немесе қытай тілін;  

 
информатиканы  ерте  5-сыныптан  бастап  оқыту  (сонымен  қатар 
компьютерлік сауаттылық негіздерін балалар балабақшадан бастап үйренеді);  

 
таңдалған  ЖОО  бейініне  сәйкес  қолданбалы,  арнайы  курстар, 
факультативтік  сабақтар деңгейінде 10-сыныптан бастап  таңдап  алған  бағыты 
бойынша бейіндік оқыту;  

 
пәндік  циклдер  мен  таңдауы  бойынша  пәндер  арасындағы  оқытуды 
баланстандыру.  
Қойылған міндеттерді шешу үшін әр оқушының қабілетін шешуін, оқыту 
деңгейі әртүрлі оқушының педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету. Сабақтың 
технологиялық  картасы  оқушыны  үш  деңгейі  бойынша  барлық  кезеңдердегі 
жұмысқа қосуды қарастырады – алдын ала оза оқыту, стандарт, түзеу. Жаңадан 
келген  оқушыларды  педагогикалық  қолдау  бағдарламасы  негізгі  пәндер 
бойынша  қабылдау  тестілеуін  (орыс  тілі,  математика,  оқу  техникасы,  қазақ 
және  ағылшын  тілі),  психикалық  үдерістер  диагностикасын  талдау 
материалына негізделген және оқушыны жеке бағдарлама бойынша дамыту мен 
оқытуды қамтиды.  
Екінші  сабақ  кестесі  пәндік  және  пәндік  емес  үйірмелерді,  спорт 
секцияларының 
жұмысын, 
оқу-танымдық 
экскурсияларды 
өткізуді, 
оқушылардың  еңбектерін  республикалық  газеттер  мен  журналдарға 
жариялауды  қамтиды;  «Көгілдір  желкен»  филиалы  базасындағы  Шучье 
сауықтыру кешенінде каникулды өткізу.  
«Көгілдір  желкен»  мектебі  қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  бойынша 
жұмыс  жасайды.  14-кестеде  таңдауы  бойынша  курстар  туралы  ақпарат 
келтірілген.  
65 
 

14-
кесте  –  «Көгілдір  желкен»  білім  беру  мекемесі  филиалының  таңдауы 
бойынша курстары  
 
Таңдауы бойынша курстар  
Курсты жүргізетін пән мұғалімі  
Оқушы компоненті есебінен жүргізілетін 
курстардың атауы  
Сыныптар 
Есептерді шығару бойынша практикум  
(математика) 
5-8, 10-11- 
сыныптар 
Жүсіпова  Д.Б. 

 
математика 
мұғалімі 
Мәтінді лингвостилистикалық талдау  
10-11-
сынып  Жүкенова Г.Н. 

 
орыс тілі және 
әдебиет мұғалімі  
Өлкетану 
5, 7-
сынып  Москаленко  О.Н. 

 
тарих 
мұғалімі  
Елтану 
10-11-
сынып  Жұмағұлова  Г.У. 

 
ағылшын 
тілі мұғалімі  
Сауатты жазуға үйренеміз  
9-
сынып 
Ананьева М.З. 

 
орыс тілі және 
әдебиет мұғалімі  
 
9-
сынып  оқушыларына  арналған  орыс  тілі  пәні  бойынша  «Сауатты 
жазуға үйренеміз» атты элективті курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылдық 
жүктеме 34 сағатты құрайды.  
Бағдарлама  білім  беру  үдерісінде  орыс  тілінің  негізгі  тақырыптары  мен 
тараулары  бойынша  білім  алушыларға  алған  білімдерін  қайталауға  және 
бекітуде  көмек  көрсететін  бейіндікке  дейінгі  дайындық  туралы  негізгі  жалпы 
білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттар негізінде құрастырылған.  
Аталған курстың жаңалығы таңдап қолдануға болатын орыс тілінің әртүрлі 
тапсырмаларының  үлкен  санын  ұсынуда  көрініс  табады.  Мәтіндерді  таңдау, 
көркем  әдебиет  мәтіндерін  адами  және  этикалық  тәрбиелеу  тұрғысынан  және 
өзің тексеруге назар аудару, тіл мен әдебиеттің кіріктірілуін есепке алу арқылы 
жүзеге асырылады.  
Курстың  мақсаты  мен  міндеттері  теориялық  білімдерді  тереңдету  мен 
жүйелеуде көмек көрсету, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және бекіту, 
грамматикалық талдауды дұрыс жасау.  
Курсты меңгеру нәтижесінде мынадай күтілетін нәтижелер жоспарланған:  

 
сөзді  грамматикалық  талдаудың  барлық  түрлерін  жүзеге  асыру 
дағдысын меңгеру;  

 
әдебиет және лингвистика саласындағы жаңа білімдерін қалыптастыру;  

 
өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру;  

 
ғылыми әдіс туралы түсінігін тереңдету (проблеманы анықтау, мәтінді 
талдау  әдісі  мен  жолдарын  таңдау),  өзінің  ізденіс  нәтижелерін 
интерпретациялауға үйрету.  
Аталған  курс  тілдік,  лингвистикалық,  коммуникативтік  және  ақпараттық 
құзыреттіліктерін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Курс  мынадай 
тараулардан  тұрады:  «Фонетика  және  орфография»,  «Сөзжасам  және 
орфография», «Морфология және орфография» [36].  
Орыс  тілі  пәнінен  10-сынып  оқушыларына  арналған  «Мәтінді 
66 
 

лингвостилистикалық  талдау»  элективті  курсы  базистік  пәндер  мазмұнын 
дамытатын  курстар  тобына  жатады.  Курс  оқушылардың  орыс  тілі  сабағында 
алатын  білімдері  мен  дағдыларын  кеңейтуге  және  тереңдетуге  бағытталған. 
Курс,  пәндік  құзыреттілігін  арттыру  міндетін  шеше  отырып  оқушыларды 
көркем мәтінді толық жан-жақты талдаудың екі негізгі аспектілерінің бірімен – 
көркем 
мәтінді 
лингвостилистикалық 
талдаумен 
(екінші 
болып 
әдебиеттанушылық  талдау  саналады)  таныстырады.  Курс  жылына  34  сағатты 
құрайды.  
Курстың  мақсаты:  оқушыларға  лингвостилистикалық  талдау  бойынша 
практикалық жұмыс барысында сөз өнері феномені ретінде мәтінді түсіну үшін 
лингвистикалық  және  тілдік  құзыретті  қалыптастыруға,  мәтінді  талдау 
дағдысын дамытуға, орыс тілі бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - 
ҰБТ) дайындалуға көмектесу [37].  
Мектепте  математиканы  оқытудың  негізгі  міндеті  оқушылардың  қазіргі 
қоғамның  әр  мүшесіне  күнделікті  өмір  мен  еңбек  іс-әрекетінде  қажет,  аралас 
пәндерді  оқытуға  және  білім  алуды  әрі  қарай  жалғастыруға  жеткілікті 
математикалық  білім  мен  дағдыларын  толық  және  саналы  түрде  меңгеруін 
қамтамасыз  етуде  көрініс  табады.  Математика  бойынша  курс  сабақтарында 
математиканы зерделеудің негізгі міндетін шешумен қатар оқушылардың пәнге 
деген тұрақты қызығушылығын, олардың математикалық қабілеттерін анықтау 
және дамытуды қарастырады. Осылай, практикум по решению задач предмета 
«Математика»  пәні  бойынша  есептерді  шығару  практикумы  5-8  және  10-11-
сынып  оқушыларына  арналған  және  аптасына  1  сағатты  немесе  жылына  34 
сағатты құрайды.  
Математика пәні бойынша 5-сыныпқа арналған «Математика оқулығынан 
тыс» курсының жұмыс бағдарламасы жылына 34 сағатқа арналған (аптасына 1 
сағаттан)  және  негізгі  6  тараудан:  логиканы  дамытамыз,  олимпиада  резерві, 
оригами, қызықты математика, математика  тарихынан,  қорытындыдан  тұрады 
[38].  
5-
сыныпта  математиканы  оқытуда  мәтіндік  есептерді  шешуге,  натурал 
сандарымен, жай және ондық бөлшектермен, геометриялық материал бойынша 
жұмыс  жасау  маңызды  рөл  атқарады.  Осыған  байланысты,  курс  барысында 
логикалық  ойлау  және  талқылау,  логика  заңдарын  қолдану  дағдыларын 
қалыптастыратын есептер, кесу есептері, олимпиада қозғалысы тапсырмалары 
қарастырылады  (күрделілігі  жоғары),  сонымен  қатар  оқушылар  математика 
тарихымен танысады.  
Курсты оқыту нәтижесінде мынадай күтілетін нәтижелер жоспарланған:  
– 
шығармашылық үдеріске деген қызығушылығын қалыптастыру;  
– 
мәтіндік арифметикалық есептерді шешу барысында логикалық талқылау 
дағдысы;  олимпиадалық  есептерді  шешуге  меңгерілген  әдістерін  қолдану 
дағдысы; оқушылардың олимпиадаларға табысты қатысуы.  
Оқушылардың  математика  табиғаты,  математикалық  ғылымда  шынайы 
әлем құбылыстары мен үдерістерінің көрініс табуы туралы дұрыс түсініктерінің 
қалыптасуы  6-сынып  оқушыларына  математиканы  оқытудың  бағдарламалық 
67 
 

талабы болып табылады. Осы бағдарламалық мақсатты жүзеге асырудың басты 
құралы математикалық жобалау әдісі болып табылады.  
Математика  пәнінен  есептерді  шешу  бойынша  практикумның  негізгі 
мақсаттары:  
– 
білім  алушылардың оқу  іс-әрекеті  үдерісіндегі  қызығушылығын жүзеге 
асыру және математикалық зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;  
– 
Факультативтік курстың міндеттері анықталды: оқушылардың логикалық 
ойлау қабілетін дамыту;  
– 
пәнді оқытуға деген қызығушылығын арттыру;  
– 
пән бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;  
– 
дарынды балаларды анықтау;  
– 
оқушылардың мақсатқа жетуге тырысуы, еңбек сүйгіштік, тиянақтылық, 
зейіндік,  жауапкершілік  сезімі,  тұлғаның  мәдениеті  сияқты  қабілеттерін 
қалыптастыру.  
7-
сыныпқа  арналған  «Математика»  курсының  мақсаты:  оқушыға  бейінді 
таңдауда,  тек  қана  емтихан  тапсыруға  ғана  емес,  сонымен  қатар  бейіндік 
мектепте  табысты  оқуға  көмектесу,  жоспарланған  бейінде  оқытудың  оңтайлы 
уәждемелерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.  
Аталған  курстың  өзектілігі  алгебралық  өрнектердің  тепе-теңдігін 
түрлендірулерді  орындау  дағдыларын  қалыптастырудағы  іргелі  рөл 
атқаратындығымен анықталады. Осы тақырыптағы негізгі орынды көпмүшемен 
әрекет алгоритмі алады.  
Курс  бағдарламасы  математиканың  мектеп  курсына  кірмейтін  кейбір 
мәселелерін оқытуды жоспарлайды.  
8-
сыныпқа  арналған  элективті  курстың  негізгі  мақсаты  –  оқушыларды 
жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  екі  және  үш  белгісіздерімен  сызықтық 
теңдеулердің  жүйелерін,  квадратты  теңдеуді  қолдану  әртүрлі  есептерін 
шешудің түрлі тәсілдерімен таныстыру.  
Элективті курсты әзірлеу принциптері: жүйелілік (білімдер сабақтастығы); 
дифференциациясы  (күрделілік  деңгейі  әртүрлі  жұмысқа  деген  бейімділігін 
дамыту); материалды беру баламалылығы; көрнекілігі; қызығушылық.  
34  сағаттан  тұратын  «Тригонометрия  әлемі»  курсы  10-сынып 
оқушыларына  –  математиканың  автономиялық  бұтағын  ұсынады.  Курс 
оқушылардың  математика  бойынша  алған  білімінің  базалық  деңгейін 
кеңейтуге,  пәнге  бағытталған  болып  саналады  да,  оқушыларға 
тригонометрияның 
қызықты 
стандартты 
емес 
сұрақтарымен, 
тригонометриялық есептерді шығарудың кеңінен тараған әдістерімен танысуға, 
математикаға деген қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді.  
11-
сыныпқа  арналған  бағдарлама  алгебра  және  анализ  бастамалары 
бойынша орта мектеп курсының негізгі тарауларын, сонымен қатар осы курсқа 
қатысты  және  оны  негізгі  идеялық  желістері  бойынша  тереңдететін  бірқатар 
қосымша  сұрақтарын  қамтиды.  Материал,  курстың  негізгі  тақырыптарын 
жалпылама  қайталауын  қамтамасыз  ету,  негізгі  тақырыптар  бойынша 
оқушылардың  білімдерін  тереңдету  және  кеңейту,  ҰБТ-ға  қосымша 
68 
 

дайындығын жоғары деңгейде қалыптастыру үшін құрастырылған.  
Келесі  ұсынылып  отырған  таңдауы  бойынша  курсы  –  бұл  «Елтану»
Мектептің  жоғары  сатысында  оқытудың  гуманитарлық-филологиялық  бейіні 
құрамына  кіретін  «The  History of the UK» «The History of the USA»  элективті 
курсы 10 және 11-сынып оқушыларына және жалпы білім беретін мектептерде 
ағылшын  тілін  оқу  кезінде  оқушылардың  бейінішілік  мамандандырылуына 
арналған [39].  
Аталған  курс  оқушылардың  елтану  саласындағы  білімі  және  өз  білімін 
жетілдіру құралы ретінде ағылшын тілін қолдану қабілеттерін дамытуға; әлемді 
елтануды  меңгеруде  жоғары  сынып  оқушыларының  қазіргі  танымдық 
қызығушылықтарын 
және 
мәдениетаралық 
қарым-қатынастағы 
коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.  
Аталған  курстың  негізгі  бағыты  бейінішілік  мамандандырылуға 
негізделген.  Осыған  байланысты  элективті  тілдік  курстарда  шет  тілі  оқыту 
мақсаты  және  таңдаған оқыту  бейіні  аясында  оқушылардың білімін жетілдіру 
құралы ретінде рөл атқарады және бұл курстар бірдей бейінді пәндік бағытқа 
ие, сондай-ақ бейіндік оқу пәнінің кеңеюіне қызмет етеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет