Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/13
Дата31.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
түріАналитические материалы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАҢДАУЫ БОЙЫНША КУРСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ 
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫ МАТЕРИАЛДАР  
 
Талдамалы материалдар  
 
АНАЛИТИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ ПО СОДЕРЖАНИЮ И 
ОРГАНИЗАЦИИ КУРСОВ ПО ВЫБОРУ  
 
Аналитические материалы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  

 

 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттамасы)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 4 от 18 мая 2015 года)  
 
 
Таңдауы бойынша курстардың мазмұны және ұйымдастырылуы бойынша 
талдамалы материалдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 80 б.  
 
Аналитические  материалы  по  содержанию  и  организации  курсов  по 
выбору. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 80 с.  
 
 
Талдамалы  материалдар  жинағына  әлемдік  білім  беру  тәжірибесінде  ҚР 
Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептерде міндетті оқуға 
ұсынған,  білім  беру  ұйымдары  әзірлеген,  сонымен  қатар  Қазақстанның 
инновациялық  мектептерінде  жүзеге  асырылатын  таңдауы  бойынша 
курстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы материалдар берілген.  
 
В  аналитический  сборник  включены  материалы  курсов  по  выбору, 
реализуемых в мировой образовательной практике

содержания и организации 
курсов  для  общеобразовательных  школ,  рекомендованных  для  обязательного 
изучения МОН РК, курсы, разрабатываемые организациями образования, также 
реализуемые в инновационных школах Казахстана. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015.  
© Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2015.  

 

Кіріспе  
 
Зерттеуге арналған тақырыптың өзектілігі:  
Оқыту  мен  тәрбиелеудің  басқа  компоненттерімен  салыстырғанда  білім 
беру  мазмұны  ең  негізгісі  және  тұрақтысы  болып  табылады.  Сондықтан  да 
білім  мазмұнын  жаңарту  білім  берудің  жаңа  жақтарын  жасайды  және 
педагогикалық шарттарға қажетті өзгерістер кешенімен қамтамасыз етеді.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  оқу  бағдарламаларына  енгізілетін 
өзгерістер  мен  толықтырылулардың,  мектепте  жүргізілетін  таңдауы  бойынша 
курстарға да қатысы бар.  
Таңдауы  бойынша  курстар  дербес  білім  беру  бағдарламаларын  құрудың 
маңызды  құралы  болып  табылады,  өйткені  мектеп  оқушысының  білім  беру 
мазмұнының  элементтерін  өзінің  қабілетіне,  қызығушылығына,  болашақ 
жоспарларына байланысты таңдауына неғұрлым көп мүмкіндік береді.  
Таңдауы бойынша курстар үш түрге бөлінеді:  
1)
 
әдістемелік  қамтамасыз  етуді  қолдануға  негізделген,  дәстүрлі  пәндік 
курстар (мысалы, дағдылы факультативтік курстар, оқытудың модульдері, оқу 
пәндері бойынша қосымша сабақтардың түрлері және басқалар);  
2)
 
пәнаралық  курстар,  олардың  мақсаты  –  оқушылардың  табиғат  және 
қоғам туралы білімдерін біріктіру;  
3)
 
базистік оқу жоспарына кірмейтін пәндер бойынша курстар:  
– 
оқушылардың  жақын  және  алыс  болашақтары  үшін  тәжірибелік 
қызығушылықтарын тудыратын білім мен дағдыларды тереңдетуді;  
– 
оқушылардың  заманауи  мамандықтар  әлемінде  бағдарлануы  үшін 
тереңдетілген білім және практикаға бағытталған база құруды;  
– 
оқушыларды  таңдаған  мамандықтарына  сәйкес  келетін,  неғұрлым  кең 
тараған іс-әрекет түрлерімен практика жүзінде таныстыруды талап етеді.  
Таңдауы  бойынша  курс  бағдарламаларының  мазмұны  пәндердің  базалық 
тақырыптарын тереңдету мен кеңейту есебінен құрастырылады, сонымен қатар: 
оқу  пәндерінің  базалық  мазмұнына;  білім  беру  мекемелерінің  бейініне; 
оқушылардың жеке тілегіне, қоғамның сұранысына және оқу бағдарламаларын 
жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады.  
Сондай-ақ курстардың оқу  мазмұны  жаңашылдық  пен  маңыздылыққа  ие, 
қызықты, бірақ стандартты емес болуы тиіс; базалық курстан ерекшеленуімен 
қатар  оны  толықтыруы  және  тереңдетуі  тиіс;  логикаға  сәйкес  құрастырылған 
материалдардың  мазмұны  білімнің  кіріктірілуін,  пәнаралық  байланысын  және 
практиға бағытталуын көрсетуі тиіс; жүргізілетін жұмыстар мен іс-әрекеттердің 
түрлері мен формаларын оқушылардың талаптарына сәйкес топтастыру қажет 
және олар оқушылардың дербестік пен тұлғалық қасиеттерін қамтамасыз етуге, 
ықыласын дамытуға бағытталуы тиіс.  
Таңдауы  бойынша  курс  бағдарламаларының  мазмұнына  қойылатын 
талаптар:  
1)
 
білім берудің заманауи технологияларына бағытталуы;  
2)
 
курс мазмұнының қойылған мақсаттарға және құрылымының логикаға 

 

сәйкестігі;  
3)
 
оқушылардың оқу жүктемесінің нормаға сәйкестігі;  
4)
 
бағдарламаларды әзірлеудің қолданыстағы талаптарына сәйкестігі;  
5)
 
қажетті ақпарттар бар құралдардың болуы.  
Білім беру мазмұнын жаңарту мектептегі таңдауы бойынша курстардың да 
мазмұнын  өзгерту  мен  толықтыруды  жобалайды.  Өзгертулер  мен 
толықтырулар келесі жағдайларды қарастырады:  
– 
жүйелі-әрекеттік  тәсілді  жүзеге  асыру  арқылы  білім  мазмұнының 
практикаға бағытталуын күшейту;  
– 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;  
– 
пәнаралық  кіріктіруді  күшейту  және  оқу  материалдарын  деңгейлер 
бойынша қайта бөлу арқылы оқу пәндерінің мазмұнын жүйелеу;  
– 
білім мазмұнын саралауды күшейту;  
– 
қазақстандық компонентті кеңейту;  
– 
тәжірибелік,  сарамандық,  зертханалық,  жобалық-зерттеушілік  және 
эксперименттік жұмыстар санын көбейту;  
– 
бағдарламадағы ескірген, бүгінгі күні өзекті емес тақырыптардың орнын, 
қазақстандық  қоғамды  әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  жетілдіруді 
бейнелейтін материалдармен толықтыру.  
Қазақстандық білім беру жүйесіндегі таңдауы бойынша курстар типтік оқу 
жоспарының  вариативтік  компонентінің  құрамына  кіреді  және  оқушылардың 
қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес білім алу бейінін саналы түрде таңдауға 
дайындау арқылы, оқытуды тұлғаландыру мақсатында жүзеге асырылады.  
Нормативтік-құқықтық  құжаттар  аясында  олар  Қазақстан  Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрінің  2013  ж.  25  шілдедегі  №  296  және  2013  ж.  27 
қарашадағы № 471 бұйрықтарымен реттеледі.  
Таңдауы бойынша курстар екі топқа бөлінеді, олар:  
1.
 
ҚР БҒМ міндетті оқуға ұсынған курстар.  
2.
 
Білім беру ұйымдары әзірлеген курстар.  
Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жалпы 
білім  беретін  мектептердің  9-11  сыныптарына  арналған  «Абайтану»,  9-
сыныптарға  «Дінтану  негіздері»,  7-сыныптарға  «Өлкетану»  міндетті 
курстарының оқу бағдарламаларын әзірледі.  
Сонымен  қатар  типтік  оқу  жоспары  бойынша,  білім  беру  ұйымдары 
оқушылардың  білімі,  қызығушылығы  және  қабілеттеріне  сәйкес  таңдау 
курстарын өз беттерінше таңдайды және әзірлейді.  
Жыл сайынғы «Жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін 
оқытудың  ерекшеліктері  туралы»  басылымда  Академия  оқу  пәндері 
мазмұнының  вариативті  бөлімінде  таңдауы  бойынша  курстардың  тізімін 
ұсынады.  
Бұл құралдың мақсаты ҚР жалпы білім беретін ұйымдарындағы таңдауы 
бойынша курстардың жағдайына және ұйымдастырылуына талдау жасау болып 
табылады.  
Негізгі мақсаттан келесі міндеттер туындайды:  

 

– 
білім беру ұйымдарындағы таңдауы бойынша курстардың мазмұны және 
ұйымдастырылуы бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;  
– 
ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігімен  ұсынылған  таңдау  курстарының 
мазмұнына және ұйымдастырылуына талдау жасау;  
– 
жалпы  білім  беретін  ұйымдардың  өздері  әзірлеп  жүргізетін  таңдауы 
бойынша курстардың жағдайы мен ұйымдастырылуын қарастыру;  
– 
инновациялық  жалпы  білім  беретін  ұйымдарда  таңдауы  бойынша 
курстардың  жүргізілуі  тәжірибесін  зерделеу  («Назарбаев  Зияткерлік 
мектептері»  ДББҰ,  ҚТЛ,  «Мирас»,  «Көгiлдiр  желкен  –  Blue  sail  –  Голубой 
парус», «Хэйлибэри» халықаралық мектептері және басқалар). 
 
Оқушылардың  қажеттілігі  туралы  мониторинг  материалдары,  шетелдік 
және отандық ғалым-педагогтардың еңбектері, әлеуметтік сауалнамалар, пәндік 
салалар  бойынша  оқу  материалдары  және  құжаттар  зерттеу  базасы  болып 
табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 


Әлемдік білім беру тәжірибесіндегі таңдау курстары  
 
Бүгінгі күні әлемнің көптеген дамыған елдерінде білім беру реформалары 
жүргізілуде.  ХХІ  ғасырда  ақпараттық-технологиялық  қоғамда  мемлекеттердің 
бәсекелестігінде білім, ғылым және мәдениет деңгейі, жаңашыл технологияны 
дамыту және жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау айқындайтыны белгілі. Бұл 
ретте маңызды рөл оқытудың бейіндік жіктеу мәселесіне бөлініп отыр [1].  
Еуропа  елдерінде  (Франция,  Нидерланды,  Ұлыбритания,  Швеция, 
Финляндия,  Норвегия,  Исландия,  Дания)  негізгі  жалпы  білім  беру 
мектептерінің  1-6  сыныптар  аралығындағы  барлық  оқушылар  формальды 
бірдей білім алады. 7-сыныптан бастап оқушы өзінің таңдауын жасауы керек. 
Әр  оқушыға  негізгі  мектепте  білімін  жалғастыру  үшін  екі  нұсқа  ұсынылады: 
біріншісі  ары  қарай  жоғары  білімге  жол  ашатын  «академиялық»  нұсқа  және 
екіншісі  негізінен  қолданбалы  және  бейіндік  пәндерден,  таңдау  бойынша 
курстардан тұратын жеңілдетілген оқу жоспары бойынша оқытылатын «кәсіби» 
нұсқа ұсынылады [2].  
АҚШ-тағы саралап оқытудың теориясы мен практикасының ұзақ жылғы 
тарихы бар. Оның пайда болуы мен ары қарай дамуы басқа дамыған елдермен 
салыстырғанда белгілі өзгешілігімен ерекшеленеді.  Бейіндік  жіктеу  көмегімен 
талантты  жастарды  анықтау  және  оқыту,  білім  алуға,  өзінің  кәсіби  деңгейін 
өмір  бойы  көтеруге  олардың  қабілеті  мен  ынтасын  қалыптастыру  бойынша 
АҚШ  мектептерінде  іске  асырылатын  шаралар  назар  аударуға  тұрарлық.  Бұл 
және бұдан басқа шаралар білім берудің бірқатар күрделі мәселелерін шешуді 
қамтамасыз  етті,  бұл  өз  кезегінде  елдің  шығармашылық  әлеуетін 
қалыптастыруға, оның экономикасының тиімділігін арттыруға ықпал етті.  
Сонымен қатар, көпбейінді мектептер пайда болған алғашқы жылдардан-
ақ  саралаудың  көмегімен  американдық  қоғам  мектепте  прагматизм  рухын 
«орнатуға» мүмкіндік алды. Э. Торндайк, Л. Терменнің және АҚШ-тың басқа 
педагогтері  мен  психологтерінің  жұмыстарында  көпбейінді  мектептердің 
артықшылықтары және осы қағидаға сәйкес оқушылардың әртүрлі санаттарына 
арналған  әртүрлі  оқу  жоспарлары  негізделеді.  Мұнда  оқытылатын  білімнің 
тереңдігі мен көлеміндегі айырмашылықтар оқушылардың жеке сұраныстарын 
қанағаттандыру  қажеттілігі,  «олардың  ары  қарай  тағдырын  адекватты 
қалыптасуына»  ықпал  ететіндігі  сенімді  көрсетілген.  Олар  ұсынған 
оқушыларды  іріктеуге  арналған  әдіс  бірінші  кезекте  «интеллектуалды 
дарындық»  теориясының  ережелерімен  және  олардың  негізінде  жасалған 
тестілердің («айкью») көрсеткіштеріне негізделген [3].  
Саралау көзқарасы әртүрлі қабілеттерге, жалпы даму және оқу жетістіктері 
деңгейіне  ие  оқушыларды,  оқу  бағдарламаларының  күрделілігі  мен 
толықтығының әртүрлілігі бойынша оқытуды болжамдайды. Кейде «группинг», 
«фуркация»  деп  аталатын  саралаудың  бұл  түрі,  білім  берудің  келесі 
кезеңдерінде  үнемі  тереңделіп,  жетілдіріліп,  ары  қарай  едәуір  дәрежеде 
ағындар мен бейіндерге бөлінуін алдын ала анықтайды.  
Білім берудің бейіндік саралау негіздері орта мектептің жоғары сатысында 

 

(10-
шы,  11-ші  және  12-ші  сыныптар)  толық  ашылады.  Міндетті  пәндер 
топтамасы  мұнда  3  пәнді:  ағылшын  тілін,  қоғамтануды,  дене  шынықтыруды 
қамтиды.  Ал  білім  алушылардың  таңдауына  курстардың  көптеген  түрлері 
ұсынылады. Кейде олардың саны 150-200-ге жетеді.  
Ағым  бойынша  оқушыларды  бөлу  үшін  олармен  әртүрлі  курстарды 
таңдауы  ғана  емес,  арнайы  толтырылатын  сауалнамалық  форма  түріндегі 
стандартты  тестілер  және  мұғалім  және  кеңесшілермен  берілетін 
ұсынымдардың  көрсеткіштері  өлшемдік  негіз  болып  табылады.  Бұл 
көрсеткіштер  негізінен  бұрынғы  саралау  нәтижелерін  (бастауыш  мектептегі 
қабілеттілікке  байланысты  топтар,  бастауыш,  орта  сатыдағы  әртүрлі  оқу 
бағдарламалары  бойынша  дәрістер)  сипаттайтын  болғандықтан,  олар  білім 
алушылардың  болашағының  мәнін  өзгерте  қоймайды.  Ресми  түрде  сабақ 
барысында  оқушының  орта  мектептегі  таңдалған  (дұрысырақ,  ол  үшін 
орнатылған)  оқу  сипатын  өзгертуіне  мүмкіндігі  бар.  Егер  ол  бар  болған 
жағдайда,  әдетте  мұнда  «төменге  апаратын  лифт»  қолданылады.  «Сәтсіздікке 
ұшырағандар»  мен  «көңілі  қалғандарды»,  негізінен  жалпы  ағынды 
абсорбациялайды [4].  
Ұлыбритания  мектеріндегі  саралап  оқыту  негізінде  ХХ  ғасырдың  30-ы 
жылдарында  С.Берт  жасаған  дәстүрлі  биологизаторлық  тұжырымдама  жатыр. 
Оның көрнекті ізбасары – психолог, профессор Г. Айзенк өзінің еңбектерінде 
генетикалық  факторлардың  адамның  дамуында  2/3  және  одан  да  жоғары 
көрсеткішті (80%-ға дейін) құрайтынын және «жеке ерекшеліктер нақты балаға 
сәйкес  келетін  білім  берудің  типін  анықтауда  күмәнсіз  маңызды  рөл  атқаруы 
керек деп жазады. Бұл ақыл-ой қабілеттеріне қатысты аксиомалық дерлік» деп 
тұжырымдайды.  
Ұлыбританияның  орта  мектептеріндегі  білім  беруді  ұйымдастыру 
толығымен  саралау  қағидатында  құрылған.  Барлық  оқушылар  шамамен  11 
жастан  бастап  біріктірілген  орта  мектепке  қабылданады  және  осы  мектептің 
шеңберінде  оқушылардың  қызығушылықтары  мен  қабілеттеріне  негізделген 
академиялық және практикалық сипаттағы түрлі бағыттарға бөлінеді.  
Білім берудің саралануы орта мектептің 4-ші оқу жылында (оқушылардың 
жас  шамасы  –  14  жас)  басталып,  анық  сипатта  болады.  Оқу  уақытының 
50 
пайызы  бағдарламаның  негізі  (өзегі)  деп  аталатын  міндетті  пәндерге 
бөлінеді.  Қалған  уақыт  таңдау  бойынша  пәндерге  берілген.  Академиялық 
пәндер негізіне тек қана ағылшын тілі мен математика, сондай-ақ дін және дене 
шынықтыру кіреді. Ағылшын тілі әдебиеттің де оқытылуын қамтиды.  
Таңдау  бойынша  пәндер  мектепке  байланысты  оқушылар  көп  немесе  аз 
санын  таңдауы  керек  блоктарға  топталады.  Негізінен  мектептер  таңдау 
бойынша  бес  міндетті  пәндерді  ұсынады.  Мысалы,  Ланкашир  графтығының 
біріктірілген мектептерінде ағылшын тілі мен әдебиеті, математика, дін, кәсіби 
бейін, дене шынықтыру міндетті пәндер болып табылады.  
1-
блокта – физика, физика ғылымы, биология, жаратылыстану, күнделікті 
өмірге арналған пән;  
2-
блокта – география, тарих, дін, музыка, іс жүргізу, түзету курсы;  

 

3-
блокта  –  француз  тілі,  бейнелеу  өнері,  дизайн,  технология,  үй 
шаруашылығы, компьютерлер;  
4-
блокта  –  химия,  тарих,  драма,  технология,  үй  шаруашылығы,  түзету 
курсы;  
5-
блокта – география, бейнелеу өнері және дизайн, биология, технология, 
іс жүргізу, түзету курсы таңдау бойынша пәндер болып табылады.  
Оқушылар  блоктардың  әрқайсынан  төрт  курс,  аптасына  барлығы  тек 
20 
сабақ қана болатындай таңдау жасауы керек. Әрбір блокта физика, биология, 
география  немесе  басқа  пән  бойынша  бірнеше  курстар  болуы  мүмкін.  Кейде 
бұл әртүрлі курстар, болмаса бір курс бойынша оқушылардың бірнеше топтары 
құрылады.  Оқушылардың  аса  талаптылары  әдетте  жеке  пәндерді  оқиды,  ал 
қабілеті  төмендері  –  интеграцияланған  курстарды  оқиды.  Үлгерімі  төмен 
оқушыларға  негізінен  ағылшын  тілі,  кейде  математика  бойынша  түзету 
курстары  ұсынылады.  Осылайша  оқушыларды  пәндердің  әртүрлі  жиынтығы 
бойынша ғана емес, күрделілігі мен тереңдігі деңгейі әртүрлі курстар бойынша 
бөлу жүргізіледі.  
Блоктар  төрт  курстың  әрқайсысынан  таңдау  жасап,  оқушылар  азды-көпті 
үйлестірілген оқу жоспары бойынша оқитындай түзілген, яғни таңдау бойынша 
пәндер  жиынтығы  гуманитарлық,  жаратылыстану,  практикалық  курс  пен 
математиканы  және  т.б.  қамтиды.  Алайда  блоктардағы  пәндер  жиынтығының 
талдауы  оқушының  сол  немесе  басқа  пәндерді  (мысалы  физиканы  немесе 
географияны)  оқудан  қашып  құтылуы  мүмкін  деген  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік береді.  
Толық  орта  мектептің  6-шы  екі  жылдық  сыныбында  бейіндеу  өзінің 
шарықтау шегіне жетеді. Әрбір оқушыда гуманитарлық немесе жаратылыстану 
немесе  аралас  бағыттағы  мамандану  пәндерінен  тұратын  өзінің  оқу  жоспары 
қалыптасады.  Бұл  мемлекеттік,  сондай-ақ  жеке  меншік  мектептерге  тән 
құбылыс.  
Жоғары біріктірілген орта  мектептердегі бейіндік  саралау  міндетті оқыту 
сатысында  негізгі  пәндер  бойынша  жеткілікті  жоғары  дайындық  қамтамасыз 
етіледі деген шартпен үлкен артықшылықтарға ие. Толық орта мектеп жоғарғы 
оқу  орнына  түсуге  дайындық  сатысы  болғандықтан,  тек  бірнеше  пәндерді 
артық  оқу  орынды  болып  көрінеді.  Бұл  таңдалған  пәндерді  тереңірек  оқып, 
бағдарламаны  жеңілдетуге,  оқу  жүктемесін  азайтуға  мүмкіндік  береді. 
Ағылшын мектептеріндегі ерте жастан – 14 жастан бастап мамандану мен оқу 
уақытының  50%-на  дейінгі  терең  саралау  оқушылардың  көпшілігіне 
толыққанды  базалық  білім  алуға  мүмкіндік  бермейтіндей  болып  көрінуі 
мүмкін.  
Ағылшын  білім  беруінің  дамуында  маңызды  кезең  болып  табылатын 
1988 
жылы  Ұлттық  оқу  жоспарын  енгізумен  жоғары  мектептерде  оқу 
уақытының  20  пайызы  жаратылыстану  пәндеріне  бөліне  бастады.  Ал  оқу 
уақытының  75-85  пайызға  дейінгі  уақыты  міндетті  пәндерге,  қалған  уақыт 
таңдау бойынша пәндерді тереңдетіп оқуға бөлінді [5].  
Германияда  мектептегі  білім  берудің  барлық  жүйесін  ұйымдастыруда 

 

әртүрлі  формада  практикада  енгізілетін  саралап  оқыту  қағидаты  жатыр. 
Германиядағы  мектептік  білім  беру  жүйесі  басқа  батыс  еуропалық  елдермен 
салыстырғанда  өзінің  сипаты  бойына  аса  демократияшыл  емес.  Ол  ескі 
дәстүрлерді  ұстанған,  ХІХ  ғасырдан  бері  келе  жатқан  тұрақты  жүйе  болып 
табылады. Онда жалпы білім беру мектептерінің негізгі, реалды және гимназия 
үш әртүрлі тең келмейтін дуализм типі сақталған. Осы мектептердің әрбірінің 
мәртебесінде  оқытудың  әртүрлі  мерзімдері,  білім  берудің  мақсаттары,  жалпы 
білім беру дайындығының деңгейі, оқыту әдісі, ары қарай білім берудің және 
нақты өмірде орналасудың болашағы көзделген.  
Бастауыш мектептің басты мақсаты – «баланы ойын саласынан шығарып, 
оқуға енгізу, оқу әрекетіне тарту, бала сүйенетін қажетті білім мен дағдылармен 
қаруландыру» болып табылады. Ондағы міндетті пәндерге ана тілі, математика, 
дін,  қоршаған  орта  туралы  практикалық  білім,  музыка  (көркемдік  тәрбие), 
еңбек және спорт жатады. Шет тілі (ағылшын) – жоғары типті мектептерде ары 
қарай  оқу  үшін  алғышарт  болып  табылады.  Бұл  саты  «балаларға  қатысты 
демократияшыл  және  әділетті  деп  сипатталады»,  себебі  ол  балалардың  оқу 
процесінде, бір-бірімен қарым-қатынаста дамуына ықпал етеді, әрбір баланың 
білім  алудың  және  кәсіби  дайындықтың  ары  қарай  жолдары  туралы  негізді 
шешім қабылдау үшін жеке дайындығын жүзеге асырады.  
Негізгі  мектеп  (4+5  немесе  6  жылдық  білім  беру)  дегеніміз  бөлуден  соң 
жоғары  типті  мектепке  түспегендер  үшін  бастауыштың  базасындағы  барлығы 
үшін  міндетті  толық  емес  орта  мектеп  болып  табылады.  Бұл  мектеп  еңбек 
өміріне дайындайды, төменгі кәсіби мектептерде оқуға құқық береді.  
Реалды мектеп негізгі және гимназия арасында аралық орын алатын толық 
емесе орта мектеп (4+6 жас). Реалды мектеп дәстүрлі түрде әкімшілік аппараты 
мен  өндіріс  үшін  кіші  және  орта  қызметкерлерді  дайындауға  арналған.  Ол 
орташа  қабілетті  оқушыларды  оқытуға  және  негізгі  мектептерге  қарағанда 
олардың  мол  жалпы  білім  дайындығын  алуына  есептелген.  Реалды  мектеп 
Германияда  өте  танымал,  себебі  ол  жұмысшылар  мен  кіші  қызметкерлердің 
балалары  үшін  жоғары  типті  мектепке  айналып  бара  жатыр.  Оның  тартымды 
күші  оның  практикалық  мамандықтарға  дайындауында,  бітірген  соң  орта 
арнаулы оқу орындарында оқу мүмкіндіктерін, ал егер ықыласы болса «жоғары 
оқу  орындық  кәмелеттікті»  алу  үшін  гимназияның  (емтихансыз)  жоғары 
сатысында  үш  жыл  немесе  орта  арнайы  мектепте  екі  жыл  оқу  мүмкіндігін 
беруінде болып отыр. Бұл белгілі профильді (инженерлік іс, экономика, басқару 
және т.б.) жоғары оқу орындарына түсуге құқық беретін реалды мектептердің 
(11-12 - 
сыныптар) бітірушілеріне арналған.  
Реалды  мектептердегі  практикалық  мамандықтардың  үлкен  санына 
дайындық  жарытылыстану  және  математика,  лингвистика,  экономика-
социологиялық,  техникалық,  музыка-эстетикалық  білімдер  саласын  таңдау 
бойынша  пәндер  мен  әртүрлі  бейін  бойынша  саралап  оқыту  көмегімен 
жүргізіледі.  Ана  тілі,  математика,  физика,  химия,  биология,  дін,  тарих, 
география,  әлеуметтану,  экономика,  құқық,  бюджет  дәстүрлі  түрде  міндетті 
пәндер  болып  табылады.  Бұдан  басқа  таңдау  бойынша  міндетті  пәндер: 

 

стенография,  мәшеңкемен  басу,  көркем  тәрбие,  текстильді  жұмыстары,  шет 
тілдері:  бастапқы  ағылшын,  екінші  –  француз  тілі  (бейініне  байланысты) 
оқытылады.  
Гимназия  –  тікелей  жоғары  оқу  орнына  дайындайтын  орта  жалпы  білім 
беру  мектебі  (4  +  9  жыл).  Қазірде  бар  дәстүрлі  үш  гимназия  түрімен  (ежелгі 
тілдер, жаңа тілдер, математика және жаратылыс ғылымдары) қатар әлеуметтік 
типті  гимназиялардың  көптеген  типтері  –  экономикалық,  әлеуметтік, 
музыкалық және техникалық гимназиялар пайда болды.  
Гимназияның жоғары сатысы, яғни 11-13 сыныптар аса үлкен өзгерістерге 
ұшырады. Мысалы, ұйымдастыру жоспарында – бұл курстық жүйенің енгізілуі, 
сынып дегенді тарату. Білім беру процесінің өзіне келетін болсақ, міндетті және 
аптасына 30 сағат көлемін құрайтын таңдау пәндері 2:1 қатынасында болады. 
Міндетті  пәндер:  ана  (неміс)  тілі,  шет  тілі,  бейнелеу  өнері,  философия,  дін, 
қоғамтану  (немесе  тарих),  география,  әлеуметтану,  экономика,  математика, 
физика,  химия,  биология.  Таңдау  бойынша  пәндерге  жоғарыда  аталғандар 
(міндеттілердің  арасынан),  сондай-ақ  педагогика,  психология,  әлеуметтану, 
құқық, геология, астрономия, технология, статистика, бағдарламалау және т.б. 
таңдау  бойынша  міндетті  пәндер  циклындағы  негізгі  курстар  мен  үлгерім 
бойынша курстар болуы мүмкін [6].  


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал