Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору


 Қазақстанның инновациялық мектептерінде жүзеге асырылатын таңдау



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата31.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#838
түріАналитические материалы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4 Қазақстанның инновациялық мектептерінде жүзеге асырылатын таңдау 
бойынша курстарының тақырыптары мен мазмұнын талдау  
 
Білім берудің жаңа ұлттық бәсекеге қабілетті моделінің стратегиялық және 
тұжырымдамалық  бағдарлары  зияткерлік  ұлттың  қалыптасуы,  білім  берудің 
халықаралық стандарттарына көшу,  әлемдік білім  беру  кеңістігіне ықпалдасу, 
білім беру қызметтерінің сапасын арттыру болып табылады.  
Инновациялық білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу, енгізу 
және  тарату  оларды  іске  асырудың  ұйымдастырушылық-экономикалық 
механизмі  болып  табылады.  Инновациялық  білім  беру  өз  мазмұнында  белгілі 
инновацияларды, оқытуға деген жаңа көзқарасты, инновациялық формалар мен 
оны  ұйымдастыру  тәсілдерін,  жалпы  білім  беру  үдерісін  қамтамасыз  етудің 
принципиалды  түрде  жаңа  технологиялары,  сондай-ақ  инновациялық 
нәтижелері мен өнімдерін қамтиды [20].  
Қазақстанның  инновациялық  мектептері  –  бұл  Назарбаев  Зияткерлік 
мектептері, Қазақ-түрік лицейлері, «Мирас» халықаралық мектептері, «Көгiлдiр 
желкен – Blue sail – Голубой парус», «Хэйлибэри» және басқалары.  
Инновациялық  оқытудың  мәні,  алдымен,  адамды,  баламаларды  саналы 
түрде  таңдауға,  қоршаған  әлемнің  өзгерістеріне  оның  тез  бейімделуіне, 
белсенді  өмірлік  көзқарастың  қалыптасуына  және  оның  айналасында  болып 
жатқан барлық өзгерістер үшін өз мойнына жауапкершілікті алуға, қиялдаудың 
жаңа формалары арқылы инновациялық ойлаудың дамуына ықпал етеді.  
XXI  ғасыр  басындағы  Қазақстанның  жеделдетілген  әлеуметтік-
экономикалық  дамуы  техникалық,  басқарушылық  және  көсемшілдік 
құзыреттері  жоғары  деңгейде  қалыптасқан  кәсіпқойларда  шұғыл  қажеттілігін 
туындатты,  сондықтан  2008  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасы  бойынша  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерін 
(бұдан әрі - НЗМ) ашу жөніндегі жоба іске қосылды.  
НЗМ  жүзеге  асыратын  барлық  бағдарламалар,  халықаралық  деңгейде 
бәсекеге қабілетті Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеу үшін іргетасты 
қалыптастыруға,  жас  қазақстандықтардың  старттық  зияткерлік  әлеуетін  және 
мықты  денсаулығын  қалыптастыруға  бағытталған.  Сонымен  қатар,  олар  орта 
білімнің барлық жүйесін реформалауға бағытталған [21].  
Білім  беру  саласында  қызмет  көрсетудің  жоғары  сапасы  мен  НЗМ 
қызметінің  нәтижелілігіне  қол  жеткізу  үшін  балаларды  қолдау  мақсатында 
арнайы  іс-шаралар  өткізіледі.  Олардың  бірі  елімізде  және  шетелде  физика, 
математика, химия, биология, сонымен қатар ағылшын тілінен (тілдік курстар) 
элективті курстарды ұйымдастыру болып табылады.  
Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  үлгілік  оқу  жоспары  инварианттық 
және  вариативті  бөліктерден  тұрады.  Үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік 
бөлігі  мектеп  және  оқушы  компоненттерінен  тұрады.  Мектеп  компонентінің 
ерекшелігі  1-12-сыныптардың  оқушыларына  элективтік  курстар  шеңберінде 
таңдауы  бойынша  білім  беру  курстарын  үйренуге  мүмкіндіктер  болып 
табылады.  Назарбаев  зияткерлік  мектептерінде  элективтік  курстар  дегенде 
54 
 

білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырудың  ұйымдастыру  формасы  түсініледі. 
Элективтік  курстар  мектепте  кадрлық  ресурстарды  ескерумен  оқушылардың 
білім  беру  сұраныстарының  негізінде  қалыптастырылады.  Элективтік  курстар 
(ағылшын тілінен аударғанда Elect- «таңдау», «қалау») - бұл оқушы өз бетінше 
бағытын таңдайтын оқу үшін міндетті курстар.  
Жалпы білім беру дайындығын қамтамасыз ететін оқу курстарынан және 
жеке  пәндер  бойынша  тереңдетілген  дайындықты  қамтамасыз  ететін  бейіндік 
курстардан  айырмашылығы  элективтік  курстар  әрбір  оқушының  жеке  білім 
беру  мүдделерін,  сұраныстарын  және  бейінін  қанағаттандыруға  ықпал  етеді. 
Элективтік курстар оқушыға оны қызықтыратын салада қосымша білім беруге 
бағытталған.  
Элективтік курстар мынадай бағыттарды қамтиды:  
– 
үлгілік  оқу  жоспарының  оқу  пәндері  бойынша  білімдерін  тереңдетіп, 
кеңейтуге бағытталған пәндік курстар;  
– 
бірнеше  оқу  пәндері  бойынша  білімдерді  қамтитын  пәнаралық 
(кіріктірілген) курстар;  
– 
зияткерлік  мектептердің  жаратылыстану-математикалық  бағытына 
сәйкес келетін техникалық-технологиялық курстар;  
– 
оқушылардың жобалау-зерттеушілік дағдыларын дамытуға және оларды 
ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен айналысуға үйретуге бағытталған курстар;  
– 
оқушыларды, тұлғаны толық үйлесімді әрі қарай дамытуын анықтайтын, 
толеранттылық,  жалпы  адами  құндылықтар,  адамның  құқықтары  мен 
бостандықтарын  құрметтеу  негізінде,  мәдениеттер  диалогын,  көпұлттық,  көп 
мәдениетті  және  көп  конфессиалды  қазақстандық  қоғамды  құрметтеуді 
тәрбиелеуге бағытталған пәннен тыс курстар;  
– 
екінші шет тілін меңгеру бойынша курстар;  
– 
әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге және әрі қарай табысты 
оқу  үшін  IELTS, ESOL, TOEFL, SAT1, SAT2, SET  халықаралық  емтихандарын 
тапсыруға оқушыларды дайындау курстары.  
Элективтік курстардың мазмұны өмірмен тығыз байланысты, қолданбалы 
сипатты  және  жалпы  КБББм-пен  (кіріктірілген  білім  беру  бағдарламалары) 
оқушылардың  тұтас  ғылыми  әлем  бейнесінің  қалыптасуын  қамтамасыз  етуі 
қажет. Элективтік курстарды таңдау барысында оқушылар үшін өзектілік және 
жаңалық  дәрежесіне,  қызықтыру  және  дамыту  әлеуетіне  назар  аудару  керек. 
Бағдарламалардың  мазмұны  оқушылардың  зияткерлік,  шығармашылық, 
эмоционалдық  қабілеттерін  қалыптастыру  қажет,  белсенді  оқыту  әдістерін 
кеңінен қолдануды, қазіргі білім технологияларына бағытталуын жоспарлайды.  
Элективтік курс бағдарламасын бағалау өлшемдері.  
Оқушылар  үшін  жаңашылдық  дәрежесі.  Бағдарлама  КБББ-да  жоқ 
материалдарды қамтиды.  
Бағдарламаның  ынталандыру  әлеуеті.  Бағдарламаның  оқушыларды 
қызықтыратын мазмұны бар.   
Бағдарламаның  дамыту  әлеуеті.  Бағдарламаның  мазмұны  оқушылардың 
зияткерлік,  шығармашылық,  эмоционалдық  қабілеттерін  қалыптастыру  қажет, 
55 
 

белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдануды көздейді.  
Қойылған мақстаттарға сәйкес бағдарламаның мазмұндық желістерінің 
толықтығы мен аяқталуы.  
Ұсынылған  материалдың  байланыстылығы  мен  жүйелілігі.  Мазмұны, 
кейінгі  тақырыптарды  зерделеу,  бұған  дейінгі  немесе  базалық  курстар 
білімдерімен  қамтамасыз  ететіндей  әзірленген;  жеке  және  жалпы  білімдер 
арасындағы байланыстар байқалады.  
Оқыту  әдістері.  Бағдарлама  көбінесе  белсенді  оқыту  әдістеріне 
негізделген (жобалау, зерттеушілік, ойын және т.б.).  
Бақылау дәрежесі. Бағдарламада оқытудан күтілетін нәтижелер мен оларға 
жетуді тексеру әдістері нақты анықталды.  
Ресурстар  тұрғысынан  қарағанда  шынайылығы.  Бағдарлама  оқу-
әдістемелік  және  материалдық-техникалық  құралдарды,  мектептің  кадрлық 
мүмкіндіктерін қолдану тұрғысынан қарағанда шынайы болып табылады.  
Бағдарламаның формальды құрылымы. Бағдарламада қажетті тараулардың 
болуы:  түсінік  хат,  (міндетті  мақсатты  көздеумен),  базалық  (тақырыптық) 
мазмұн, оқытудан күтілетін нәтижелер, әдебиеттер тізімі.  
НЗМ  элективтік  курстарды  екіге  бөледі:  ішкі  және  сыртқы.  11-кестеде 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүргізілетін ішкі курстар ұсынылған.  
 
11-
кесте – НЗМ жүргізілетін таңдауы бойынша ішкі курстар  
 
№ 
Курстардың атауы  
Сыныбы  Курсты жүргізетін пән мұғалімі 




1) 
Үлгілік  оқу  жоспарының  оқу  пәндері  бойынша  білімдерін  тереңдету  және  кеңейтуге 
бағытталған пәндік курстар  

Математика,  физика,  химия,  биология 
бойынша олимпиадалық есептерді шығару 
7-10 
Оқушыларды 
олимпиадаларға 
дайындауда  тәжірибесі  бар  физика, 
химия, биология мұғалімдері 

Генетика  ғажайыптары.  Діндік  жасушалары. 
Клондау. Адамның өлмеу және өмірін ұзарту 
мәселелері. 
8-12 
 
биология мұғалімі 

Математика,  физика,  химия  бойынша 
стандарттық емес есептерді шығару  
7-11 
Математика, 
физика, 
химия 
мұғалімдері  

Комбинаторика және ықтималдық негіздері  
7-8 
Математика мұғалімі 

Графтар  теориясы  арқылы  математикалық 
есептерді шығару  
11 
Математика мұғалімі 

Математиканың калаулы сұрақтары  
9-12 
Математика мұғалімі 
7  Improve your English Grades!  (
Ағылшыныңды 
жетілдір!) 
7-11 
Ағылшын тілі мұғалімі 

Тілдік 
дағдыларды 
дамыту: 
әдеби 
шығармалар  мәтіндерін  кешеңді  талдау 
арқылы тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу  
7-10 
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің 
мұғалімдері  

Қазақстандағы  альтернативтік  энергетиканың 
даму көздері мен перспективалары  
7-11 
Физика мұғалімі 
10 
Катализ және катализаторлар  
8-11 
Химия мұғалімі 
56 
 

11-
кестенің жалғасы  




2) 
бірнеше  оқу  пәндері  бойынша  білімдерді  қамтитын  пәнаралық  (кіріктірілген  курстар) 
курстар  
1
 
 
Математикалық 
жолмен 
химиялық, 
физикалық есептерді шығару 

Математика, 
физика, 
химия 
мұғалімдері 
2
 
 
Математикалық жобалау 
11-12 
Математика, 
информатика 
мұғалімі  
3
 
 
Экология және тұрақты даму  
8-11 
Химия, биология мұғалімдері  
4
 
 
Қазақстандағы  дәрі-дәрмектер  және  олардың 
фитохимиялық құрамы 

Химия, биология мұғалімдері  
5
 
 
Бағдарламалық  қамтамасыз  ету  арқылы 
графика функцияларын зерттеу  
9-10 
Математика, 
информатика 
мұғалімдері 
6
 
 
Компьютерлік физика 
9-11 
Физика, 
информатика 
мұғалімдері 
7
 
 
Биоинформатикаға кіріспе 
9-11 
Биология, 
информатика 
мұғалімдері 
8
 
 
Өнер, сәулет саласындағы геометрия  
9-10 
Математика, өнер мұғалімдері 
3) 
жаратылыстану-математикалық  бағытқа  сәйкес  келетін  техникалық-технологиялық 
курстар  

Эксперименттер призмасы арқылы физика  
7-10 
физика мұғалімі 

Биотехнология және адам денсаулығы  
9-12 
физика мұғалімі 

Нанобөлшектер мен айналамыздағы наноәлем   9-12  химия, физика мұғалімдері 

Робототехника 
8-12 
информатика мұғалімі 

РНР  бағдарламасы  арқылы  динамикалық 
сайттарды жасау  
12 
информатика мұғалімі 

Компьютерлік графикадан бастап анимацияға 
дейін 
7-10 
информатика мұғалімі 

Тамақ  өнімдері  мен  дәрі-дәрмек  заттарды 
өндеудегі химиялық технологиялар  
11 
химия мұғалімі 
4) 
оқушылардың  жобалау-зерттеушілік  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  және  ғылыми-
зерттеу іс-әрекетімен айналысуға үйрететін курстар  

Химиялық зерттеулер әлемінде 
7-8 
химия мұғалімі 

Айналамыздағы және ішіміздегі химия  
7-8 
химия мұғалімі 

Физикалық академия 

физика мұғалімі 

Журналистика. Қаламды сыңау  
7-12 
қазақ, 
орыс 
тілдерінің 
мұғалімдері 

Айналамыздағы және ішіміздегі геометрия  
7-11 
математика мұғалімі 

Химия бойынша қызықты сынаулар 

химия мұғалімі 

Аналитикалық 
химия 
бойынша 
эксперименталды  және  сапалы  есептерді 
шығару  

химия мұғалімі 

Практикалық және тәжірибелік физика 
12 
физика мұғалімі 

Қолданбалы электродинамика 
9-11 
физика мұғалімі 
10 
Өсімдіктерді клондык микрокөбейту 
7-11 
биология мұғалімі 
11 
Объективтік-бағдарланған бағдарламалау  
11-12 
информатика мұғалімі 
12 
Айналамыздағы және ішіміздегі физика  
7-9 
физика мұғалімі 
13 
Ойлап  шығару  есептерін  шешу  және 
теориялық негіздер  
10-11 
Математика, 
физика, 
химия 
мұғалімдері 
57 
 

11-
кестенің жалғасы  




14 
Қызыкты  математика,  физика,  биология, 
химия әлемінде 
1-5 
Математика,  физика,  химия, 
биология мұғалімі 
15  Delphi 
ортасында жобаларды жасау 
7-10 
информатика мұғалімдері 
5) 
Оқушыларды,  тұлғаны  толық  үйлесімді  әрі  қарай  дамытуын  анықтайтын,  толеранттылық, 
жалпы  адами  құндылықтар,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтеу  негізінде, 
мәдениеттер  диалогын,  көпұлттық,  көп  мәдениетті  және  көп  конфессиалды  қазақстандық 
қоғамды құрметтеуді тәрбиелеуге бағытталған пәннен тыс курстар  
 
1  1 
7-12 
7-12 

Мақсатқа 
жетудің 
тиімді 
жолдары 
(
көшбасшылық қасиеттерін дамыту) 
7-10 
Сертификатталған 
жаттықтырушы мұғалім 

Карьераны дамыту курсы  
7-10 
Сертификатталған 
жаттықтырушы мұғалім 

Ғаламдық мәселелер туралы сөйлеу қабілетін 
дамыту 
10-11 
Ғаламдық  перспективалар  мен 
жобалық жұмыс мұғалімі 

Мәдениеттану  
12 
Тарих мұғалімі 

Риторика 
7-9 
қазақ, 
орыс 
тілдерінің 
мұғалімдері  

Шешендік өнер 
7-10 
қазақ, 
орыс 
тілдерінің 
мұғалімдері 

Адамзат тарихындағы әлем соғыстары  
9-10 
Тарих мұғалімі 

Әлем-табиғат-қоғам 
(
экономиканы 
жандандыру мәселелері) 
11-12 
Ағылшын тілін білетін экономика 
және география мұғалімі  
7) IELTS, ESOL, TOEFL, SAT1, SAT2, SET 
әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуге және 
әрі  қарай  табысты  оқуға  халықаралық  емтихандарды  тапсыруға  оқушыларды  дайындау 
курстары  
 
1  IELTS 
халықаралық емтиханына дайындық 
9,11 
Ағылшын тілі мұғалімі 
2  SET 
(математика) емтиханына дайындық 
11, 12 
Ағылшын 
тілін 
білетін 
математика мұғалімі  
3  SET 
(физика) емтиханына дайындық 
11, 12 
Ағылшын  тілін  білетін  физика 
мұғалімі 
4  SET 
(химия) емтиханына дайындық 
12 
Ағылшын  тілін  білетін  химия 
мұғалімі  
5  SET 
(биология) емтиханына дайындық 
12 
Ағылшын  тілін  білетін  биология 
мұғалімі  
6  SET  (
сын  тұрғысынан  ойлау)  емтиханына 
дайындық 
12 
Ағылшын  тілін  білетін  тарих 
мұғалімі  
7  SET 
(география және экономика) емтиханына 
дайындық 
12 
Ағылшын тілін білетін экономика 
және география мұғалімі 
8  SET PREPARATION CLASSES 12th grade  
12 
Ағылшын тілі мұғалімі 
6) 
екінші шет тілін меңгеру бойынша курстар  
 

Қытай тілін үйренеміз  
7-10 
қытай тілі мұғалімі 

Неміс тілін үйренеміз 
7-10 
неміс тілі мұғалімі 

Француз тілін үйренеміз  
 
7-10 
француз тілі мұғалімі 
58 
 

Әрбір мектеп өз бетінше элективті курстар мен олардың бағдарламаларын 
анықтауға құқылы, бірақ негізгі мектептегі «Робототехника» элективті курсы 
мен 11-12-сыныптағы «Халықаралық емтихандарға дайындық» курсы міндетті 
болып есептеледі.  
Оқушыларға  арналған  «Робототехника»  элективті  курсын  Назарбаев 
Университетінің  робототехника  оқытушылары  әзірледі.  Аталған  бағдарлама 
жобаларды әзірлеу қағидасы бойынша құрылған практикаға бағыттау негізінде 
жүзеге асырылады.  
Оқушыларды  конструкторлық  тәжірибе  жинақтауға  оқыту  алдыңғы 
қатарлы оқу платформасы болып табылатын VEX Robotics оқу конструкторлары 
базасында жүзеге асырылады. Бұл тәжірибе өз әлеуетін толық ашуға және ХХІ 
ғасырда  табысқа  жету  үшін  өмірлік  маңызды  білімдері  мен  дағдыларын 
дамытуға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  бағдарламаны  меңгеруі  оларға 
математикадан, 
физикадан, 
информатикадан 
алған 
білімдерін 
робототехникалық  жүйелердің  практикалық  қосымшаларында  зерттеушілік, 
дизайнерлік  және  коммуникативтік  дағдыларын  дамыта  отырып,  білімдерін 
қолдануға мүмкіндік береді.  
Дайындық нәтижесінде «Халықаралық емтихандарға дайындық» элективті 
курстарында 11-12-сынып оқушылары SAT және EILTS табысты тапсырады.  
IELTS-
ке  дайындық  бойынша  элективті  курс  оқушыларды  тереңдетіп 
дайындау  үшін  қажет,  себебі  оқушыларға  қызметтің  негізгі  түрлері  бойынша 
білімді тереңдету жолымен ағылшын тілі бойынша білімді кеңейтуге мүмкіндік 
береді.  Курстың  өзектілігі  оқушыға  білім  беру  перспективасы  тұрғысынан  өз 
әлеуетін бағалауға, IELTS форматында талаптар деңгейінде жұмыс тәжірибесін 
жинақтауға, жаңа нысандағы емтиханға, олимпиада мен байқауларға қатысуға, 
сонымен қатар бейіндік мектепте табысты оқуға мүмкіндік береді.  
Ұсынылып  отырған  «Қызықты  физика»  элективті  курсының 
бағдарламасы  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру,  оқушылардың 
зерттеушілік  дағдыларын  қалыптастыру,  физика  бойынша  білімдерін 
тереңдету,  кеңейту  үшін  ұсынылады,  сонымен  қатар  сабақтардың  жеке 
фрагменттерін физика сабақтарында қолдануы мүмкін.  
Элективті  курс  орта  буын  оқушыларының  бейіндікке  дейінгі 
дайындығының маңызды мазмұнды бөлігі болып табылады. Аталған элективті 
курс  зерттеушілік  және  құрылымдық  іс-әрекетпен  байланысты  әртүрлі 
деңгейдегі  тапсырмаларды  өз  бетімен  орындауға  мүмкіндік  береді,  физикаға 
пән ретінде қызығушылығын артады және курс сабақтарында алған білімдерін 
адамның  іс-әрекетінің  түрлі  салаларында  қолдануға  болатынын  көрсетеді. 
Бақылау  және  тәжірибе  туралы  білімдерінің  көзі  болып  табылатындықтан 
оқушылар  зерттеуші-физик  қызметін  атқарады.  Өздік,  практикалық 
жұмыстарды  орындау  физикалық  эксперименттің  оқытылатын  теориялық 
материалмен  байланысын  қамтамасыз  етеді,  бұл  жағдай  балаларға  өз  бетімен 
жалпылаулар мен қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.  
Аталған  «Компьютерлік  графикадан  анимацияға  дейін»  элективті  курсы 
оқушылардың  танымдық  белсенділігінің;  шығармашылық  ойлау  қабілетінің, 
59 
 

информатикаға және ең маңыздысы мамандықтар әлеміндегі кәсіби бағдарлау 
қызығушылығының  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Компьютердегі  графикамен 
жұмыс  күннен-күнге  кез  келген  адамның  компьютерлік  сауаттылығының 
ажырамас бөлігі болып келе жатыр.  
Курсты  меңгеру  барысында  алған  білімдерін  оқушылар  әртүрлі  білім 
саласында  қолдана  алады:  физика,  химия,  биология  және  т.б.,  сонымен  қатар 
олар үш өлшемдік жобалау, анимация, бейнемонтаж саласында шеберлігін әрі 
қарай жетілдіре алады.  
Сыртқы  элективті  курстар  танымал  жетекші  білім  және  ғылым 
ұйымдарының  базасында  жүргізіледі.  Курстың  тақырыптары  оқушыларда 
тілдік  дағдыларды  және  бейіндік  пәндер  бойынша  машықтарын  дамытумен 
байланысты.  
Элективтік  курстар  Қазақстанда,  Ресейде,  Сингапурда,  Ұлыбританияда, 
АҚШ-та  және  басқа  да  елдердің  әлемге  танымал  білім  беру  ұйымдары  және 
жоғары  технологиялық  кәсіпорындарының  базасында  өткізіледі:  Колмогоров 
атындағы  СУНЦ,  Джонс  Хопкинс  Университетінің  дарынды  жастар 
орталығының жазғы лагері (CTY), The Bell Educational Services Ltd., ГБОУ В.Н. 
Челомей  атындағы  «Халықаралық  ғарыш  мектебі»,  F1F Technologies LLP
Ұлыбритания  Корольдік  институты,  «Фитохимия»  Халықаралық  ғылыми-
өндірістік  холдинг»  АҚ,  «Қазақ  ауыл  шаруашылығы  өнімін  өңдеу  ғылыми-
зерттеу институты» ЖШС және т.б.  
В.Н.  Челомей  атындағы  Халықаралық  ғарыш  мектебінде  оқушылар 
аэроғарыштық  білім  беру  жобалары  бойынша  «Байқоңыртану»,  «Ғарыштағы 
сабақтар», «Ғарыштық моделизм», «Ғарыш астрономиясы» және басқа да оқу-
танымдық  сабақтарды  өтеді.  Жұлдызды  аспан  мен  ғаламшардың  нағыз 
астрономиялық  бақылаулары  жүзеге  асырылады.  Оқушылар  өз  көздерімен 
«Энергия», «Буран», «Зенит» ракета тасымалдауыштарының монтаждық-сынау 
кешендерін,  алыс  ғарыш  байланысының  «Сатурн»  кешенін,  «Союз»  старттық 
кешенін, Гагарин старттық кешенін көреді.  
НЗМ  оқушылары  Джонс  Хопкинс  университетінің  дарынды  жастар 
орталығында  (CTY),  Карлайл  қ.,  Пенсильвания  штатында,  АҚШ-та  элективті 
курстардан өтті:  
«
Ықтималдықтар мен ойындар теориясы» - ықтималдықтар мен ойындар 
теориясын зерделеу студенттерге математика білімдерін шынайы жағдайларда 
қолданудың тиімді тәсілі болып табылады.  
«
Жоғары  мектеп  химиясы»    курс  орта  мектептегі  химияның  жылдық 
кіріспе  курсына  енгізілген  материалды  қамтиды.  Оқушылар,  кем  дегенде 
жиырма сағат байланыс уақытын зертханада өткізеді.  
«
Физика  (жеделдетілген  курс)»    аталған  курста  оқылатын  тақырыптар 
Ньютон  механикасын,  толқын  қозғалуын,  геометриялық  және  толқындық 
оптиканы, электр қуаты мен магнетизмді, термодинамика мен бастауыш қазіргі 
физиканың сұлбаларын қамтиды.  
«
Электротехника»    оқушылар  қазіргі  электроникадағы  ең  маңызды 
физикалық  қағидаларының  бірі  ретінде  электромагнитті  құбылыстарды  және 
60 
 

олардың  практикада  және  әртүрлі  құрылғыларда  қолданылуын  зерделейді. 
Олар  Ом  заңы  және  Кирхгоф  заңдары  сияқты  математикалық  құралдарды 
қолдану арқылы баламалық құрылғылар макеттерін жасайды.  
«
Криптология»    бұл  құпия  хатын  жасау  үшін  кодтар  мен  шифрларды 
зерделейтін ғылым. Математиканың аталған курсында оқушылар құпия хатты 
жазу  үшін  әртүрлі  бастауыш  білім  беру  әдістерін  зерделеуден  бастайды: 
дөңгелек шифрлары, Цезарьдың өтуі, моноалфавиттік ауысым, Винжер шифры 
және т.б.  
Ауқымы  тар  бейіндегі  тақырыптарды  оқу  қарастырылған  элективті 
курстарды  жүргізу  кезінде,  оқушыларда  оларды  оқығаннан  кейін  зерттеулер 
мен жаңа ғылыми жобалардың әзірленуіне алып келетін идеялар мен сұрақтар 
пайда болады.  
Осылай, мысалы, Қарағанды қаласындағы тікелей эксперименталды және 
клиникалық  фармакология  зертханаларындағы  «Фитохимия»  элективті 
курстарында  оқушылар  өсімдіктердің  эндемиялық  және  дәрі-дәрмектік 
түрлерінің  биотехникалық  сақтау  тәсілдерін  зерделеді,  «Фитостероидтер», 
«Өсімдіктердің  алкалоидтері  мен  оларды  химиялық  зерттеу»  және  т.б. 
тақырыптарда практиканы жүзеге асыратын ғалымдардың дәрістерін тыңдады.  
Кейінен,  кейбір  оқушылар  химиялық  қоспаларсыз,  барынша  өсімдік 
компонентін  сақтайтын  тамақ  өнімі  мен  жуу  құралдарын  өңдеу  бойынша 
зерттеулермен айналысты.  
Назарбаев Зияткерлік мектептері элективті курстар мазмұнын жетілдіруді, 
оқушыларды жаратылыстану-ғылыми бағыттағы үлкен мұражайлардың құнды 
материалдарына  және  еліміздегі  және  шетелдегі  оқу  орындарының  үздік 
зертханалары  базасына негізделген  жан-жақты  зерттеулерді  тарту  мақсатында 
курстарды ұйымдастыруды жоспарлайды [22].  
Сонымен қатар Қазақ-түрік лицейлері (бұдан әрі  ҚТЛ) Қазақстандағы 
инновациялық мектептер болып саналады.  
ҚТЛ-дың  басты  ерекшелігі  –  оқыту  төрт  тілде  жүргізіледі:  қазақ,  орыс, 
ағылшын және түрік. Қазіргі таңда, ҚТЛ-де әлемдік білім беру стандарттарына 
жауап  беретін  көптілді  білім  беру  принципі  енгізілген  [23].  12-кестеде  «Нұр 
Орда»  халықаралық  мектеп-лицейінде  өткізілетін  таңдауы  бойынша  курстары 
көрсетілген.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет